15 Дәріс. Мектептің оқу-тәрбие үрдісіне ұйымдастырушылық-әдістемелік басшылық



бет1/2
Дата14.12.2021
өлшемі27,19 Kb.
#100469
  1   2
Байланысты:
15 апта дәріс


15 Дәріс. Мектептің оқу-тәрбие үрдісіне ұйымдастырушылық-әдістемелік басшылық.

Мақсаты – мектепті басқару ұғымының мәнін, басқару функциялары мен принциптерінің мәнін түсіндіру

Қарастырылатын сұрақтар:

1. Халыққа білім беру жүйесіндегі мектептерді басқару және басшылық.

2. Басшылық жасау принциптері.

3. Оқу-тәрбие жұмыстары бойынша директордың, оның орынбасарларының атқаратын функциялары.

4. Мектептегі педагогикалық үрдісті басқарудағы коллегиялық ұйымдардың функциялары.
1. Жалпы басқару дегенді – шешім қабылдауға бағытталған, белгіленген мақсатқа сәйкес басқару нысанын ұйымдастыру, қадағалау, реттеу, алынған шынайы ақпарат негізінде талдау жасап, нәтиженің қорытындысын шығару әрекеті деп түсіндіруге болады. Басқару нысаны биологиялық, техникалық, әлеуметтік жүйелер болуы мүмкін. Әлеуметтік жүйенің бірі – ауыл, аудан, облыс, мемлекет көлемін қамтитын білім беру жүйесі деп білеміз. Бұл жерде білім жүйесі ретінде Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі, Облыстық білім департаменттері, аудандық білім бөлімдерін атаймыз. Ал орта мектеп күрделі қозғалыстағы әлеуметтік жүй ретіндегі мектепішілік басқарудың нысаны болады.

Басқарудың вертикальді және горизонтальді түрлері болады. Вертикальді басқару жоғарыдан төменге қарай басқару, мысалы:

ҚР Білім және ғылым министрлігі


Облыстық білім департаменті




Аудандық және қалалық білім бөлімдері




Білім беру мекемелері

Ал горизонтальді басқару бір деңгейдегі басқарудан құралады, мысалы, параллельді сыныптардағы сынып жетекшісінің басшылығы немесе әдістемелік бірлестіктердегі басшылық.

Мектепішілік басқару біртұтас педагогикалық процеске қатысушылардың барынша жоғары нәтижеге жетуді көздеген мақсатты, сапалы өзара әрекеттесуі. Біртұтас педагогикалық процеске қатысушылардың өзара әрекеті бірізді, өзара байланысты әрекеттер мен қызметтер тізбегінен тұрады, олар: педагогикалық талдау, мақсат қою және жоспарлау, ұйымдастыру, бақылау, реттеу және түзету.

Білім беруді басқарудың мемлекеттік сипаты «Білім туралы Заңда» белгіленген мемлекеттік саясат принциптерінің төмендегідей бағыттарымен айқындалады:

- Білім берудің гуманистік сипаты, жалпыадамзаттық құндылықтардың, адам өмірі мен денсаулығы, жеке тұлға болтан,дығының басымдылығы. Азаматтық пен Отанға деген сүйіспешілікке тәрбиелеу;

- Республикадағы мәдени және білім беру кеңістігінің біртұтастығын, аз ұлттардың білім беру жүйесінің қоғалуы;

- Білім жүйесінің еркіндігі мен көп түрлілігі;

- Білім беруді басқарудың демократиялылық, мемлекеттік, қоғамдық сипаты. Білім беру мекемелерінің дербестігі.

Білім беру саласында мемлекеттік саясатты дәйекті іске асыру үшін білім беруді басқарудың мемлекеттік органдары құрылды. Олар: республикалық, облыстық, қалалық және аудандық басқару мекемелері.

Мемлекеттік басқару органдары – білім және ғылым министрлігі, облыстық білім департаменттері өздерінің компетенциясы шеңберінде білім берудегі мақсат бағдарламаларын жасайды және іске асырады; мемлекеттік білім стандарттарын жасап, білім туралы құжаттардың баламаларын (постификация) айқындайды; білім мекмелерін қаржыландырады және тағы да басқа көптеген мәселелерді шешеді.

Білім беруді басқарудың жергілікті органдары мемлекеттің саясатын мемлекеттік білім стандарттарын сақтау арқылы іске асырылады.

Білім стандарты оқу бағдарламасының міндетті минимумы мен оқушылар жүктемесінің максимум көлемін және бітірушіге қойылатын талап деңгейін қамтиды. Білім беруді басқару органдарының міндетті білім алуды формальды түрде қамтамасыз етумен шектелмейді, ол сонымен бірге жеке тұлғаның өзін-өзі айқындауына қолайлы жағдай туғызады.

Мемлекеттік басқару органдарымен қатар, қоғамдық басқару органдары да құрылады. Оның құрамына мұғалімдер мен оқушылар ұжымы, ата-аналар мен жұртшылық өкілдері енеді.



2. Кез-келген әрекет, соның ішінде басқару әрекеті де ұйымдастырушы мен басшылық жасаудың барлық функцияларын іске асыруда басшылыққа алатын бірқатар қағидаларды сақтауға негізделеді. Олар мынадай: педагогикалық жүйені демократияландыру мен ізгілендіру, орталықтандыру мен орталықсыздандырудың парасатты үйлесуі, жеке билік пен алқалы биліктің бірлігі, педагогикалық жүйені басқару ақпараттарының объективтілігі мен толықтығы.

1. педагогикалық жүйені демократияландыру мен ізгілендіру. Мектепішілік басқару ең алдымен басшылардың мұғалімдер, оқушылар мен ата-аналардың бастамашылдығы мен өздігінен жұмыс жасай алуын дамытуға бағытталады. Бұл тек шешім қабылдау мен талқылаудың бүкпесіз ашық жүргізілгенде ғана мүмкін. Мектепті басқарудағы жариялылық ақпараттың ашықтығы және түсініктілігіне негізделеді. Мектеп әкімшілігінің мектеп кеңесінің тұрақты түрде есеп беріп отыруы оны талқылауға және шешім қабылдауға мұғалімдер мен оқушыларды қатыстыруы мектеп өмірінде демократияның орнығуына негіз қалайды.

2. Басқарудың жүйелілігі мен тұтастығы. Басқару жүйелілігінің белгілері:

- мектепті жүйе ретінде танып, оның негізгі белгілерінен құралатын жүйенің тұтастығын көре білу;

- құрылымы мектеп байланыстары мен қатынастарының дамуы тікелей құрылымға байланысты;

- жүйенің өзіндік ерекшеліктері мен сипаттары;

- жүйені қоршаған ортамен тығыз және өзгеше байланыстылығын естен шығармаған жөн.

Мектепті басқарудағы жүйелілік пен тұтастық мектептің басшысы мен ұжымның басқару қызметтерінің өзара байланысы мен өзара әрекеттесуін де қарастырылады.

3. Орталықтандыру мен орталықсыздандырудың парасатты үйлесуі. Басқаруды орталықтандыру төменгі буындағы жетекшілердің, мұғалімдер мен оқушылардың бастамалығын шектеп, оларды өздерінің қатысуынсыз қабылдаған шешімдерді жай ғана орындаушыларға айналдырады. Орталықсыздандыруға шамадан тыс мән беру басқару мен әкімшіліктің ролін төмендетіп, басқарудың талдамалық және қадағалаушылық қызметін жояды. Сондықтан да мектепішілік басқаруды қамтамасыз етуде орталықтандыру мен орталықсыздандыруды үйлестіру әкімшілік және қоғандық органдар басшыларына бүкіл мектеп ұйымының мүддесін ескеріп, кәсіптік деңгейде шешім қабылдауға мүмкіндік беріп, педагогикалық жүйенің барлық құрылымдық бөлімдерінің қызметін жоғары деңгейге көтеруге жағдай туғызады.

4. Жеке билік пен басқарудың біртұтастығы. Бұл қағиданы іске асыру педагогикалық жүйені басқаруда субьеуктивтілікке, билеп-төстеушілікке жол бермеуге бағытталады. Басқару қызметінде әріптестердің тәжірибесі мен шешім қабылдауға қатыстыру, әр түрлі көзқарастарды салыстыра отырып дұрыс шешім қабылдаудың маңызы зор. Педагогикалық жүйе басшысының жеке билігі билеп-төстеуді, беделді алға салу емес, ол терең педагогикалық бітім мен тұлғаның және әлеуметтік психологияны жете меңгеру, оқушы, мұғалім, ата-ананың дербес-психологиялық ерекшеліктерін есепке алуға негізделеді.

5. Педагогикалық жүйені басқарудағы ақпараттардың объективтілігі мен толықтығы. Ақпараттың объективтілігі мен толықтығы ақпаратты талдау және өңдеудегі асығыстыққа, дерексіздікке қарсы қойылады. Әлеуметтік педагогикалық әдебиеттерде ақпарат педагог пен тәрбиеленушінің арасындағы байланыс құралы ретінде, кейде жүйе мен қошаған орта туралы мағлұматтар жиынтығы ретінде қарастырылады.

Мектепішілік ақпаратпен айналысқан адам оны жинау, өңдеу, сақтау және қолдану әдістерін жете білуі тиіс. Мектеп басшысы өз қызметінде бақылау, анкета жүргізу, тестілеу, нұсқаулық және әдістемелік материалдармен жұмыс жасауды жиі қолданады. Түрлі белгілеріне қарап, басқару ақпаратын былай топтастыруға болады: уақыты бойынша – күнделікті, айлық, тоқсандық, жылдық; басқару қызметіне қарай – талдамалық, баға беруші, конструктивті, ұйымдық; жиналған мәлімет көзіне қарай – мектепішілік, ведомстволық, ведомстводан тыс; мақсатты пайдалануы бойынша – дерективалық, таныстырушылық, кепілдемелік.


3. Оқу орнын басқаруды директор және оның орынбасарлары іске асырады, ал олардың функциялық міндеттерін, тағайындау немесе сайлау тәртібін жалпы білім беру бойынша мектеп жарғысы анықтайды. Оқу-тәрбие процесін басқаруды ең алдымен педагогикалық стажы үш жылдан кем емес, өзін мұғалімдік қызметте көрсете алған және қажетті ұйымдастырушылық қабілеті бар мектеп директоры атқарады.

Мектеп директорының функциялық міндеттері «Жалпы білім берудің мемлекеттік оқу орындары туралы уақытша ережесінен» және соның негізінде жасалатын әр бір жалпы білім беретін оқу орнының өз жарғысымен айқындалады.

Жалпы білім беретін оқу орнының директоры төмендегідей функциялық міндеттер атқарады:

1. Мемлекет және қоғам алдында балалар құқын қорғау талаптарының орындалуына жауапты.

2. Оқу-тәрбие процесін жоспарлайды және ұйымдастырады, оның орындалу барысын және нәтижесін қадағалайды, оқу орнының тиімді және сапалы жұмыс істеуіне жауап береді.

3. мемлекеттік және қоғамдық органдар алдында мектептің мүддесін танытады.

4. Мектептен тыс және сабақтан тыс жұмыстарды ұйымдастыруға қажеттті жағдай туғызады.

5. мектеп директорының орынбасарлдарын тағайындайды, олардың міндеттерін белгілейді.

6. Педагогикалық ұжымның, ата-аналардың және оқушылардың пікірлерін ескере отырып, оқу орнының педагог кадрларын орналастырады, соның жетекшілерін тағайындайды.

7. Оқу орнына педагог, әкімшілік, оқу-тәрбие және қызмет көрсетуші кадрларын жұмысқа қабылдайды және босатады.

8. Белгіленген тәртіп бойынша оқу орнына бөлінген бюджет қаржысының ұтымды жұмсалуын ұйымдастырады.

9. Оқу орны Кеңесінің келісімімен шығармашылықпен жұмыс істейтін мұғалімдердің жалақысына үстеме қосады. Шығармашылықпен жұмыс істейтін мұғалімдердің эксперимент жасауына, оқу мен тәрбиенің өзінің әдістерін практикада қолдануына қолайлы жағдай жасайды.

10. Өзінің қызметі бойынша білім басқармасы органының алдында жауап береді.

Мектеп директорының бұл функциялық міндеттері мектеп типіне, орналасқан жеріне, мұғалімдер мен оқушылар құрамының ерекшеліктеріне, ата-аналар мен қоғамдық өкілдердің арасындағы қалыптасқан жұмыс жүйесінің ерекшеліктеріне байланысты мектеп жарғысына толықтырулар енгізілуі мүмкін. Оқушылардың өзін-өзі басқары, кәсіптік бағдар, ата-аналармен жұмыс сияқты мәселелер мектеп директорының басты назарында болуы тиіс.

Мектептегі желенген жұмыс бағыттары директордың орынбасарларына жүктеледі. Олар: оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлар, сыныптан тыс және мектептен тыс жұмыстарды ұйымдастырушы, ғылыми-зерттеу жұмыстары жөніндегі орнынбасар, мамандыққа бейімделген сыныптар немесе жеке пәндерді тереңдетіп оқитын сыныптаржөніндегі орынбасар және мектеп директорының шаруашылық бөлімі бойынша орынбасар немесе көмекшісі.

Оқу-тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары педагогикалық процесті ұйымдастыруға, білім беру бағдарламалары мен мемлекеттік білім стандарттарының орындалуына жауапты; оқушылардың білім сапасы мен тәртібін бақылауды іске асырады; оқушылар мен мұғалімдер жұмысын реттеп, сабақ кестесін түзеді; мектептің әдістемелік жұмысына басшылық жасап, педагогикалық мәдениетін көтеруге ынталандырады. Кейбір мектептерде мектеп директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары бірнешеу болса, мектеп жарғысы бойынша олардың әрқайсысының міндеттері дербес белгіленеді.

Сыныптан тыс және мектептен тыс тәрбие жұмыстарын ұйымдастырушыныңміндеттерінің аясына балалар шығармашылығының сарайлары, жас натуралистер, жас техниктер станциялары, балалр бірлестіктері мен клубтары сияқты қосымша білім беру мекемелерімен байланыс орнату; сынып жетекшісінің жұмыс мазмұнын жақсарту, оларға әдістемелік көмек көрсету; оқушылардың тұрғылықты мекені бойынша жұмыс жүргізу; БҰҰ Конвенциясының талаптарына сай балалардың қоғамдық ұйымдарына қолдау көрсету сияқты өзекті мәселелер жатады.

Мектеп директорының ғылыми істер жөніндегі орынбасары жоғарғы оқу орындарының ғалымдары, оқытушыларымен, ғылыми орталықтармен байланыс орнатып, оларды мектептегі педагогикалық жұмысқа тартады, мұғалімдердің тәжірибе-эксперименттік жұмыстарына көмектеседі.

Мектеп директорының коммерция жөніндегі орынбасары демеушілермен байланыс орнатып, бюджеттен тыс қаржыландыруға басшылық жасайды. Кейбір ірі немесе мамандандырылған мектептерде мектеп директорының әлеуметтік-педагогикалық сауықтыру істері жөніндегі орынбасары қызметі енгізіліп, ол сыныптарда теңестіру, педагогикалық түзету және бейімдеу жұмыстарын қадағалайды.

Директордың басқару қызметінің тиімділігі мектеп әкімшілігінің аппаратында міндеттер мен құқықтарды айқын белгілеуге тікелей байланысты. Қажеттілікке байланысты мектеп директорының шұғыл немесе нұсқаулық кеңес, педагогикалық кеңес мәжілістерін өткізу барысында бүкіл педагогикалық процесті үйлестіріп отырады.


4. Мектептің ең жоғарғы басқару органы жылына бір рет өткізілетін конференция болып есептелінеді. Оның өкілеттігі кең: жалпы метептік конференция мектеп кеңесін, оның торағасын сайлайды, олардың қызметінің мерзімін белгілейді. Әр оқу орны конференцияда оқу орнының жарғысын қабылдап, нақты жағдайларға қарай оқу орнының дамуын, оның міндеттері мен мақсатын белгілейді. Сондықтан бір мектеп жарғысы екіншісінен өзгеше болуы мүмкін.

Мектеп кеңесінің қызметі мынадай негізгі бағыттарда іске асады:

- конференция шешімдерін іске асыруды ұйымдастыру;

- мемлекеттік және қоғамдық органдар оқушының мүддесіне қатысты мәселеге араласқанда ата-аналар мен оқушылардың әлеуметтік қорғауын қамтамасыз етеді;

- бірінші сыныпқа оқушыларды қабылдағанда олардың жасын, оқу түрін белгілейді;

- бюджет шығындарының есебін талқылайды, оқу орнының жеке қорын қалыптастырады, оқу орнының бюджеттік және бюджеттен тыс қаржысын жұмсауының негізгі бағыттарын айқындайды;

- мектеп директорының, оның орынбасарларының, жекелеген мұғалімдердің есептерін тыңдайды;

- мектеп әкімшілігі және жұртшылық өкілдерімен бірігіп, ата-аналарға педагогикалық білім беруге жағдай туғызады. Жұртшылық немесе ата-аналар өкілдерінің бірі басқаратын мектеп кеңесі мектеп әкімшілігі және қоғамдық ұйымдармен тығыз бірлікте жұмыс жүргізеді.

Кеңес шешімі ата-аналарға хабарланады. Кеңес шешімі оған қатысқандардың үштен екісі қолдап, дауыс бергенде заңдық күші бар деп есептеледі.

Мектепті басқару қызметін ұйымдастыру формаларының ең бастылары ретінде мектеп кеңесі, педагогикалық кеңес, директор жанындағы кеңес, мектеп директорының орынбасары жанындағы кеңес, әдістемелік семинар, комиссия, оқушылар комитетінің отырыстарын атауға болады.

Мектептің педагогикалық кеңесінің қызметінің мазмұны, құралы мен құрылымы мектеп Жарғысымен анықталады. Педагогикалық кеңестің жұмысын педагогикалық қызметкерлер ұжымы сайлайтын төраға басқарады. Мектеп кеңесі мен педагогикалық кеңес бірін-бірі қайталамайды, олар бірін-бірі толықтырады. Педагогикалық кеңес – тікелей оқу-тәрбие процесімен және оны жетілдіру мәселесімен айналысатын, бір педагогикалық ұжымда жұмыс істейтін кәсіпқойлардың кеңесі. Педагогикалық кеңестің қызметі мынадай міндеттерді шешуге бағытталады:

- Мемлекеттік стандарт талабына сай оқу бағдарламаларын, жоспарларын, оқулықтар мен оқу құралдарын талқылау, бағалау және таңдау, сол сияқты оқу-тәрбие жұмысының сапасын талқылау;

- Мектеп мұғалімдері мен тәрбиешілерінің біліктілігін арттырудағы шығармашылық белсенділігін дамыту, педагогикалық ұжымда инновациялық орта қалыптастыру, озық педагогикалық тәжірибені зерттеу, жинақтау және насихаттау;

- Педагогикалық қызметкерлерді мұғалімдердің, оқушылар мен ата-аналардың пікірін ескере отырып, аттестациялау өткізу, аттестация технологиясын жетілдіруге байланысты ұсыныстар енгізу, білім басқармаларының алдына санаттар, атақтар беру туралы өтініш жасау;

- Тәжірибеден өту, біліктілік көтеру курсына, аспирантураға жіберілетін мұғалімдердің кандидатурасын талқылау және бекіту, озат мұғалімдерді әр түрлі моральдық және материалдық көтермелеу шараларына ұсыну;

- Мектептің ғылыми-зерттеу мәселелері және оқу орындарымен, мемлекеттік және қоғамдық ұйымдармен, шығармашылық одақтармен өзара байланысының негізгі бағыттарын анықтау,

- Тәжірибелік-эксперименттік жұмысиы ұйымдастыру, мектеп құрылымында әдістемелік қызмет, орталық құру.

Педагогикалық кеңес демократиялылық, жариялылық жағдайында, оны өткізу мен дайындауда мұғалімдерді, оқушылар мен олардың ата-аналарын қатыстыру арқылы өтеді. Педагогикалық кеңесті өткізу алдында сауалнама алу, бақылау жұмысы, байқау т.б. өткізілуі мүмкін. Педагогикалық кеңес мәжілісіне мектеп өмірі мен қызметінің принципиялды мәселелері енгізіледі.

Педагогикалық кеңес мәжілісінің жүгін жеңілдету үшін директор жанындағы кеңес формасы қолданылады. Ол мұғалімдер, басшылар үшін міндетті. Онда оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруға тікелей қатысты мәселелер талқыланады. Ондай мәселелер қатарына оқу үлгерімі, ішкі тәртіптің сақталуы, сабақтан тыс қызметті ұйымдастыруды атауға болады. Сондай-ақ жекелеген мұғалімдердің білім стандартын орындауы, оқушылардың шығармашылық белсенділігін дамытудағы жұмысы т. б. мәселелер қарастырылуы мүмкін. Кеңестің өткізу жиілігін мектеп директоры белгілейді.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет