ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖƏНЕ ҒЫЛЫМ
МИНИСТІРЛІГІ
М.ƏУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ
“ ФИЗИКА КАФЕДРАСЫ”
Г Л О С С А Р И Й
Орындаған: Дилдахан Дана
Группа:ЕП-20-3к6
Қабылдаған: Камалов Мурат
Электротехникасы-Электр магнит құбылыстарының практика жүзінде кең салада
қолданылуы.
Өлшемдік-бұл өлшеулерінің негізі болып табылады.
Тікелей өлшеу-ізделіп отырған физикалық шаманың мəнін тікелей тəжірибие
мəліметтерін табады.
Трансформатор-айнымалы токтың трансформацияланған асыратын құрал.
Электротехникалық құрылғы - электр энергиясын өндіру, бөлу, бақылау жəне
пайдалану саласындағы белгілі бір функцияларды шешуге арналған өнеркəсіптік өнім.
Контур - бірнеше тораптар мен бұтақтардан өтетін жабық электр жолы.
Түйін –электр тізбегінің кем дегенде үш тармағының түйіскен нүктесі.
Тармақ–элементтері өзара бірізді жалғанған, бойымен бір ғана ток жүретін тізбек бөлігі.
Контурлық ток – қарастырылатын контурдың барлық бөлігі үшін бірдей деп шартты
түрде қабылданған ток.
Фаза – бұл ұғым электротехникада екі түрлі мəнге ие: бірінші- синусоидалы шаманың
аргументі, екіншісі- үш фазалы тізбектің өзінің жеке қоректендіргіші жəне жүктемесі бар
бөлігі.
Кернеу резонансы – индуктивті жəне сыйымдылық элементтер бірізді жалғанған
тізбекте белгілі бір жағдайда кернеу мен ток фаза бойынша бірдей болатын құбылыс.
Айнымалы магнит өрісі – орамалары кеңістікте белгілі бір бұрышқа ығысып орналасқан
машинада көп фазалы токтар тудыратын өріс.
Асихронды қозғалтқыш-электр қозғалтқыштарының ішінде ең көп тарағаны үш фазалы
болып табылады.
Статор деп машинаның қозғалмайтын бөлігін, ал ротор-оның айнымалы белігін атайды.
Синхронды жиілік- ротордың айналу жиілігі магнит өрісінің айналу жиілігіне тең болса,
онда мұндай жиілікті атайды.
Асихронды жиілік -Егер ротордың айналу жиілігі магнит өрісінің айналу жиілігіне тең
болмаса, онда мұндай жиілікті атайды.
Белсенді элемент - ЭҚК көздері пассивті жəне белсенді болып табылады.
Резистор - кернеудің төмендеуіне əкелетін қасиеті бар элемент.
Электр тогы – электр зарядтарының бағытталған қозғалысы. Өткізгіштің көлденең
қимасы арқылы тасымалданатын зарядты бөлшектердің уақыт аралығына тең шама.
Тұрақты ток машинасы - айналыс механикалық энергияны тұрақты токтың энергиясына
жəне керісінше тұрақты токтың энергиясын механикалық энергияға түрлендіретін
электр машинасы.
Активті шама – көмекші энергия көздерінсіз өлшеу ақпараттық сигналдарын
қалыптастыра алатын физикалық шама күш.
Пассивті шама – өздігінен өлшеу ақпараттық сигналын қалыптастыра алмайтын
шамалар.
Өлшеу аспаптары - өлшенетін физикалық шаманың мəнін оның өзгеру аралығы мен
бақылаушыға тікелей қабылданатын өлшеу ақпараттарының сигналын өңдеу кезінде
алу үшін арналған өлшеу құралы.
Достарыңызбен бөлісу: |