15 практикалық сабақ Тақырыбы: Ми қан айналымының бұзылыстарында қолданылатын дәрілік препараттар. Құрысу синдромында қолданылатын препараттар. (4 сағат). Сабақ жоспары



бет2/3
Дата07.02.2022
өлшемі18,11 Kb.
#84029
түріСабақ
1   2   3
Байланысты:
15-практика

Сабақтың мазмұны:


Оқытудың техникалық және инструментальдық құралдары: проектор, сызба, кестелер


Сабақтарды өткізу тәртібі:
- сабақ жоспарына сәйкес оқу пәнiнiң сұрақтарын талқылау;
- білім алушылар ұсынған тапсырмаларды және сұрақтарды талқылау;
- оқу пәнiнiң теориялық қағидалары мен тұжырымдамаларын талдау;
- семинар – «дөңгелек стол».


Деңгейлік тапсырмалар (20 ұпай дейін):
І-ші деңгей:
1. Нерв жүйесіне әсер ететін дәрілік заттар.
2. Инсульт кезінде қолданылатын дәрілік терапияның қағидалары.
3. Мидың қан айналымының жедел бұзылыстарындағы нақтылану терапиясының негізгі бағыттары – ишемиялық ошақтарының жартылай көлеңкелеріндегі парапар келетін перфузиясын қалыптастыру және ишемиялық ошақтардың көлемін азайту, қанның реологиялық және ұю қасиеттерін реттеу, ишемияның әсерінен нейрондардың зақымдануын қорғау, нерв тіндерінің репаративті үдерістерін белсендіру.
4. Нейрометаболиттік заттар: ноотроптар және церебропротекторлар (пирацетам, глицин, семакс, церебролизин және т.б.), әсер ету механизмі, қолдану көрсеткіштері, қолдануға қарсы көрсеткіштері. Жасқа байланысты қолданылу ерекшеліктері.
5. Эпилепсияның консервативті емдеуі. Эпилепсияның ұстама түрінде және типіне байланысты препараттарды таңдау. Қазіргі таңдағы эпилепсияға қарсы препараттардың (ламотриджин, тиагабин және т. б.). ерекшеліктері. Ми қабығының зақымдану синдромдары (менингиттер). Менингиттердің фармакотерапиясының жалпы қағидалары. Нейроинфекцияларда қолданылатын бактерияларға қарсы заттар. Жіктелуі, әсер ету механизмі, қолдану көрсеткіштері, қолдануға қарсы көрсеткіштері. Жасқа байланысты қолданылу ерекшеліктері.
ІІ-ші деңгей:
Рецепт түрде жазу:
1. Пирролидон туындылары (пирацетам, луцетам, фенотропил)
2. Диметиламиноэтанол туындылары (деманол, деанол ацеглуматы)
3. Пиридоксин туындылары (энцефабол, пиритинол)
4. У-аминомай қышқылының туындылары (ГАМҚ) (аминалон, пикамилон, фенибут, гаммалон)
5. Гинкго билоба туындылары (танакан, билобил)
6. N-метил - D-аспартаты (NMDA) рецепторларына әсер ететін препараттар (акатинол, метиантин)
7. Холинергиялық құрылымдарға тропты болатын препараттар (глиатилин)
8. Жануарлардан алынатын препараттар (церебролизин, кортексин, актовегин)
9. Аралас әсерлі препараттар (инстенон)
ІІІ-ші деңгей:
Ситуациялық есептер:
Есеп №1
Жедел психозды жеңілдету үшін препараттың бір ғана парентералды енгізуі баладаға қауіпті гипотензияны тудырды.
1. Науқасқа қандай дәрі берілді?
2. Таңдалған дәрі-дәрмектер қандай топқа жатады?
3. Гипотензияны қалай түсіндіруге болады?
4. Препараттың антипсихотикалық әсер механизмі қандай?
Есеп №2
15 жастағы қыз дəрігерге денсаулықтың нашарлығы туралы шағымданды. Бір апта бұрын мұрнынан су ағу,түшкіру , ал соңғы күндерде көңіл-күйдің төмендеуі, тәбеттің төмендеуі болды. Науқасты зерттегенде тұмаудың басқа белгілерінсіз риниттің ауыр ағымды түрі анықталды. Температура қалыпты. Науқас дәрігер-невропатолог тағайындаған ұзақ уақыт дәрі-дәрмекті қабылдады.
1. Науқаста қандай дәрі-дәрмек қабылданады?
2. Таңдалған дәрі-дәрмектер қандай топқа жатады?
3. Көмек көрсету шаралары?
Есеп №3
Жасөспірім 15 жасқа толды, үнемі қорқыныш, алаңдаушылық, ұйқысулар, нервоздықтар туралы шағымдары бар. Осы жағдайы әкесінің өлімімен байланысты.
1. Науқасқа қорқыныш сезімін жою үшін қандай препарат ұсынуға болады?
2. Таңдалған дәрі-дәрмектер қандай топқа жатады?
3. Бұл жағдайда антипсихотикалық препараттарды ұсынуға болады ма, өйткені оларда седативтік әсер бар ма?
Есеп №4
Науқас Асқар 48 жаста. АГ 1 сатысымен ауырады. Ишимиялық инсультпен емделген. 30 күн көктамырға тамшылатып церебролизин қабылдаған. Осы уақыт емдеу барысында науқастың дене қызуы 38 С сақталған. Дене қызуын түсіру үшін терапия жүргізілген: цефазолинмен , бірақ нәтижесіз.
1)Дене қызуының көтерілу себебі?
2) Бұл жағдайда кім кінәлі?
3) Не істеу қажет?
Есеп №5
11 сынып оқитын мектеп оқушысына емтихан алдында есте сақтау қызметін жақсарту үшін және білім алуын нығайту үшін қандай препараттарды тағайындауға болады.
1.Қандай топ препараттын тағайындаймыз?
2.Тағайындаған топ препаратыныздың әсерін көрсетіңіз?
Есеп №6
4 жасар Фатима деген қыз, диагнозы: микроцефалия. Қызды тырысуға қарсы және дегидратациялық дәрмектермен емдеген. Сонымен қатар тыныштандыратын дәрі – күніне 4 тамшы валериан тұнбасын (Дәрілік шүйгіншөп)қабылдайды. 7 күннен кейін ұйқышылдық, тежелгіш, іш қату байқалған.
1.Клиникалық симптомдардың пайда болу себебі?
2.Сіздің іс-әрекетіңіз?
Есеп №7
Науқас Ж.,стационарда депрессияға байланысты амитриптилин қабылдайды. Ем алу барысында біршама жақсарды, бірақ аузының құрғауына, көруінің нашарлауына(жақын орналасқан заттарды), іш қатуға,кіші дәретінің тоқтауына шағымданады. Антидепрессанттар топ дәрісі.
1.Амитриптилин басқа балама қандай дәрмек ұсынуға болады?
2.Антидепрессанттардың қай тобы жағымсыз әсерлері тудырмайды?


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет