15. Тәрбие сағатын талдау үлгісі



Дата07.02.2022
өлшемі15,96 Kb.
#86613
Байланысты:
Мәдени шаралар


21.10.2020 жыл.
15. Тәрбие сағатын талдау үлгісі
Үйге тапсырма:

  1. Дәріс бойынша консект жазу

  2. 20 тест құрастыру

  3. Тәрбие сағатын жазып, талдау


Тәрбие жұмысын талдау түрлері:
Объект бойынша (не талданады?):

  1. мектептегі тұтас тәрбие жұмысын талдау;

  2. құрылымдық бөлімдердің (бастауыш сыныптар, клубтар жұмыс және т.б.) жұмысын талдау;

  3. сынып, үйірме, топтың жұмысын талдау;

  4. сынып жетекшінің, үйірме жетекшісінің жұмысын талдау.

Субъект бойынша (кім талдайды?):





  1. директор, оның орынбасары жүргізетін талдау;

  2. сынып жетекшінің, үйірме жетекшісінің жргізетін талдауы;

  3. оқушылар талдауы;

  4. педагогтар, ата-аналар, оқушылар қатыса жүргізілетін талдау

Мақсатына қарай (не үшін талданады?):





  1. педагогикалық шындыққа объективті баға беру;

  2. жұмысты қорытындылау және болашақ міндеттерді белгілеу;

  3. жұмыстағы кемшіліктерді жою;

  4. педагогикалық үрдісті реттеу;

  5. тәрбие жұмысының нәтижесін зерттеу.

Мазмұнына қарай (талдаудың сипаты қандай?):




  1. кешенді талдау;

  2. тақырыптық талдау,

  3. параметрлік талдау.

Қайталануы бойынша:





  1. кезеңді;

  2. міндетті;

  3. қорытынды.

Тәрбие жұмысын талдау бірнеше деңгейде жүреді:





  1. стихиялық-эмпирикалық;

  2. эмпирикалық;

  3. теориялық.

Талдаудың жалпы үлгісін өзара байланысты екі ойлау операцияларымен көрсетуге болады:



жинақтау 1 – талдау – жинақтау 2.
Егер талдауға мына қасиеттер тән болса, тәрбие жұмысын талдау нәтижелі болады:


  • тәрбие жұмысының формасын талдаудың мақсат-міндеттері айқын белгіленсе;

  • бағдарламаға сәйкес мақсатқа жету қозғалысы таладанады;

  • талдау барысында жұмыстың негізгі бөліктері ажыратылады;

  • тәрбие жұмысы формаларының жүйе жасаушы байланыстары талданады;

  • әрбір кезеңнің микроқұрылымына сипаттам беріледі;

  • әрбір кезеңнің міндетінің орындалуы келесі кезеңдегі міндеттерді шешумен, мақсатқа жетумен байланыстырылады;

  • тәрбие жұмысының орны мен ролі белгіленеді;

  • жасалынған жұмыс бойынша қорытынды жасалып, бағаланады.

Талдау – педагогтарға өте күрделі жұмыс. Сондықтан оны ұйымдастыруда түрлі формаларды қолданып, дұрыс ұйымдастырған жөн.



Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар мен тапсырмалар:

  1. Талдау жұмысының түрлері қандай?

  2. Нәтижені талдауды қалай жүреді?

  3. «Срез» тәсілін жүргізудің мәні?

  4. Сыныптағы оқу-тәрбие жұмысының нәтижесін талдаудың маңызы?



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет