21.10.2020 жыл.
№15. Тәрбие сағатын талдау үлгісі
Үйге тапсырма:
Дәріс бойынша консект жазу
20 тест құрастыру
Тәрбие сағатын жазып, талдау
Тәрбие жұмысын талдау түрлері:
Объект бойынша (не талданады?):
мектептегі тұтас тәрбие жұмысын талдау;
құрылымдық бөлімдердің (бастауыш сыныптар, клубтар жұмыс және т.б.) жұмысын талдау;
сынып, үйірме, топтың жұмысын талдау;
сынып жетекшінің, үйірме жетекшісінің жұмысын талдау.
Субъект бойынша (кім талдайды?):
директор, оның орынбасары жүргізетін талдау;
сынып жетекшінің, үйірме жетекшісінің жргізетін талдауы;
оқушылар талдауы;
педагогтар, ата-аналар, оқушылар қатыса жүргізілетін талдау
Мақсатына қарай (не үшін талданады?):
педагогикалық шындыққа объективті баға беру;
жұмысты қорытындылау және болашақ міндеттерді белгілеу;
жұмыстағы кемшіліктерді жою;
педагогикалық үрдісті реттеу;
тәрбие жұмысының нәтижесін зерттеу.
Мазмұнына қарай (талдаудың сипаты қандай?):
кешенді талдау;
тақырыптық талдау,
параметрлік талдау.
Қайталануы бойынша:
кезеңді;
міндетті;
қорытынды.
Тәрбие жұмысын талдау бірнеше деңгейде жүреді:
стихиялық-эмпирикалық;
эмпирикалық;
теориялық.
Талдаудың жалпы үлгісін өзара байланысты екі ойлау операцияларымен көрсетуге болады:
жинақтау 1 – талдау – жинақтау 2.
Егер талдауға мына қасиеттер тән болса, тәрбие жұмысын талдау нәтижелі болады:
тәрбие жұмысының формасын талдаудың мақсат-міндеттері айқын белгіленсе;
бағдарламаға сәйкес мақсатқа жету қозғалысы таладанады;
талдау барысында жұмыстың негізгі бөліктері ажыратылады;
тәрбие жұмысы формаларының жүйе жасаушы байланыстары талданады;
әрбір кезеңнің микроқұрылымына сипаттам беріледі;
әрбір кезеңнің міндетінің орындалуы келесі кезеңдегі міндеттерді шешумен, мақсатқа жетумен байланыстырылады;
тәрбие жұмысының орны мен ролі белгіленеді;
жасалынған жұмыс бойынша қорытынды жасалып, бағаланады.
Талдау – педагогтарға өте күрделі жұмыс. Сондықтан оны ұйымдастыруда түрлі формаларды қолданып, дұрыс ұйымдастырған жөн.
Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар мен тапсырмалар:
Талдау жұмысының түрлері қандай?
Нәтижені талдауды қалай жүреді?
«Срез» тәсілін жүргізудің мәні?
Сыныптағы оқу-тәрбие жұмысының нәтижесін талдаудың маңызы?
Достарыңызбен бөлісу: |