1. Қорапта 4 ақ, 9 қара және 7 қызыл бірдей шарлар салынған. Қораптан кез-келген бір шар алынады.Сонда ақ шар пайда болуының ықтималдылығы қандай? 1/5=0,2
2. Ә, Н, С, Е, Д, У әріптері бөлек карталарға жазылған. Содан кейін карталар араластырып кез-келген ретпен бір қатарға орналастырылған. Сонда сәндеу сөзінің пайда болуының ықтималдығы қандай? 1/720
3. Әрқайсысында бір әріп жазылған карталардан “Жарлық”сөзі құрылған.Карталарды араластырып, содан кейін бір-бірлеп алған ретімен сөз құрастырылады.Сонда ЖАҚ сөзінің пайда болуының ықтималдығы қандай? 1/120
4.Ұйымда 6 ер адам, 4 әйел адам жұмыс істейді.Табельдегі нөмірлері бойынша 7 адам таңдап алынды.Таңдап алынған адамдардың ішінде 3 әйел бар болуының ықтималдығын табу керек. 1/2=0,5
5. Кітап сөресінде кездейсоқ ретпен 5 томнан тұратын анықтама қойылған: кітаптар бірінші томнан бесінші томға дейін дұрыс ретпен орналасуының ықтималдығын табу керек. 1/120
6. Кітап сөресінде кездейсоқ ретпен 5 томнан тұратын анықтама қойылған:ең болмағанда бір томның ретті орнында тұрмаған жағдайдың ықтималдығын табу керек. 119/120
7. Қорапта бірдей 5 бұйым бар. Оның үшеуі боялған. Қораптан кез-келген екі бұйым алынды: алынған екі бұйымның біреуі боялған бұйым болуының ықтималдығын табу керек. 0,6
8. Қорапта бірдей 5 бұйым бар. Оның үшеуі боялған. Қораптан кез-келген екі бұйым алынды: алынған бұйымның екеуі де боялған бұйым болуының ықтималдығын табу керек.
Достарыңызбен бөлісу: |