10.Ерасыл:Дүбірлетсін өңірді
Дүбірлесін дүлділі.
Қазақ деген елімнің
Құтты болсын бұл - күні!
11.Мерей: Жасасын азат ерік күн,
Жасасын бейбіт елмен жер.
Бостандық алған қазақтың,
Мәртебесін көрсін ел.
12.Жасмин: Он алтыншы желтоқсан,
Тәуелсіздік алған күн.
Мерекеде ел қуанып ,
Шаттанып ән салған күн.
13.Сергей: Аялап ару ананы
Өсірген еркін баланы
Бесігін бөлеп тербеткен
Отаным Қазақстаным !
14.Арлан: Көк аспандай көкпеңбек,
Қазақстан жалауы
Көк емес ол тектен тек
Елдің ашық қабағы.
15.Диляфруз:Әнұраным,жан ұраным,
Айтар әні, айтар сөзім.
Туған жерім сағынарым,
Жүрсем егер дүние кезіп.
16.Арман:Айнымайды аспаннан
Біздің тудың бояуы
Оны халық әрқашан
Биікке іліп қояды
17.Айзере: Кең байтақ көз жетпейтін жерім менің
Таулы орман жасыл жайлау көлім менің
Бүгінде бар әлемге даңқың жетті
Тәуелсіз Қазақстан –елім менің
Тәрбиеші: Ал құрметті қонақтар осындай әдемі тілектермен, ән ұранымызбен бүгінгі ашық тәрбие сағатын аяқтаймыз. Сіздерге тағыда мейрамдарыңыз құтты болсын. Аспанымыз ашық болып, Қазақстанымыз гүлдене берсін!
Достарыңызбен бөлісу: |