16 желтоқсан – Тәуелсіздік күніне арналған «Тәуелсіз елім Қазақстаным» атты ашық тәрбие сағаты



бет1/3
Дата15.03.2023
өлшемі24,31 Kb.
#172519
  1   2   3
Байланысты:
1514446598, file-9257 14

16 желтоқсан – Тәуелсіздік күніне арналған 
«Тәуелсіз елім - Қазақстаным» атты ашық тәрбие сағаты

Мақсаты : 
1. Білімділігі: Балалардың бойында Қазақстанның өткені мен бүгінгі өмірін салыстыра отырып, өз еліміздің даму тарихы туралы танымдарын қалыптастыру. Ұлттық сана сезімін, саяси сауаттылығын ояту. Тәуелсіздік күні туралы терең мағлұмат беру. Тәуелсіздік үшін күрескен, желтоқсан құрбандарын еске түсіріп, желтоқсан құрбандарының ерлігі жайында түсіндіру. 
2. Тәрбиелігі: Қазақстанның болашақ дамуына өзіндік үлес қосатын жеке тұлға екендерін ұғындыру. Қоғамның бір мүшесі ретінде адам өмірі мен жақсы тұрмыстық құндылықтарын ұғындыру, жауапкершілік сезімдерін ояту. Оқушыларға патриоттық тәрбие беру, Отанды сүюге және ерлікке баулу. Желтоқсан оқиғасында ел қамын жеген ерлерді үлгі тұту, өнеге алуға және халқының тарихын білуге үйрету, достыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу. 
3. Дамытушылығы: балалардың өткен тарихқа деген қызығушылығын ояту. 
Көрнекілігі: 
1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері: Туы, Елтаңбасы, Әнұраны, Н.Ә. Назарбаевтың портреті, слайд, желтоқсан құрбандарының суреті. Жалаушалар
2. Шарлар, гүлдер, музыкамен жабдықталған. 

Тәрбиеші сөзі: 


Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар, ұстаздар және балалар. Біздің мектепалды даярлық сыныбы"Тәуелсіз елім – Қазақстаным” атты ашық тәрбие сағатына қош келдіңіздер! -Бүгін біз Қазақстанымыздың Тәуелсіздік алған күнін тойлағалы отырмыз. Бәрімізге мейрам құтты болсын!!! 

Тәрбиеші сөзі: 


Балалар бүгін аптаның қай күні ?
Бір аптада неше күн бар ?
Апта күндерін атау(дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі)
Неше жыл мезгілі бар?
Қазір қай мезгіл (қыс)
Қыс айларын атау ( желтоқсан,қаңтар,ақпан)
Ал енді бүгінгі ашық тәрбие сағатын бастамас бұрын жылы көңіл күй сыйлап бірбірімізге қарап жымыйайық .
Балалар біз қай мемлекетте тұрамыз (Қазақстан)
Біздің президентіміз кім?(Н.Ә.Назарбаев)
Қазақстанның рәміздері калай аталады? (ту,елтаңба,әнұран)

Біз тәуелсіз елдің түлегі болғанымызға шексіз қуанамыз. Біздің отанымызды әлем таныды. Осы сәтте Отан туралы еріксіз ойға берілесің. Бұл ұғымның аясы кең. Отан – далаң, орман, тауың, ауылың мен астанаң. 


Отан әр жұмыр басты пенденің киелі мекені, жер басып жүрген әр тіршілік иесінің шексіз байлығы. Тәй-тәй басқан нәресте де, еңкейген қария да оның бір мүшесі. 

- Ендеше біздің балаларымыз «Отан» туралы тақпақтарын айтып берсін.


1.Ерасыл: Отаным менің Қазақстан
Қарызбын саған әрқашан,
Азаматтық борышты
Өтеуге мәңгі талпынам.

2.Нұрасыл: Отаным менің Қазақстан,


Мәңгілік сенімен мақтанам.
Саяңда жүрсем әрдайым ,
Күлімдеп жүрем әрқашан.

3.Батырхан: Отаным менің Қазақстан,


Атыңнан сенің айналдым.
Бас иіп саған өтемін,
Жасай бер жаса Қазақстан.

4.Арман: Кең жазық Отан мекенім,


Сен де өсіп көктедім.
Сені қорғау парызым
Мұны біліп өтемін

5. хор: Отан деген Атамекен


Отан деген туған жер
Отан ана- Отан ыстық
Қазақстан туған ел

Тәрбиеші сөзі: 

Қазіргі кезде сендер ашық аспан, жарық күн сәулесі түсіп тұрған мемлекетте өмір сүріп жатырсыңдар. 

Қазақ халқы еркіндікке жету үшін қаншама қиын – қыстау кезеңдерді бастан кешірді. Мыңдаған жылдық тарихы бар. Ал, 1986 жылғы оқиға халықтың есінде мәңгі сақталады. 


16 – желтоқсанда қазақ жастары Орталық алаңға шығып, Қазақстан тәуелсіздігін талап етті. 
Бұл күн - Қазақстан тарихында тәуелсіз Қазақстан Республикасының туған күні деп алтын әріппен жазылды. Сондықтан да желтоқсан бүкілхалықтық мереке. 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет