4 – ДӘРІС
КҮКІРТ ҚЫШҚЫЛЫН
ӨНДІРУ
Күкірт қышқылы алғаш рет біздің эрамыздың Х-ғасырында алынды.
Орта ғасырларда күкірт қышқылы дәріханаларда, алхимиктердің
зертханаларында және асыл металдарды тазалауда қолданылды; оны
темір купоросы деп аталатын табиғи темір сульфатын қыздыру арқылы
алатын:
Fe
2
(SO
4
)
3
= Fe
2
O
3
+ 3SO
3
Осы кезде бөлінетін күкірт ангидриді сумен сорылады, соның
нәтижесінде «купоросты май» деп аталатын майлы сұйықтық пайда
болады. Тоқыма, мұнай өңдеу, шыны, сабын қайнату және басқа да
өндіріс салаларының өрістеуімен күкірт қышқылына деген сұраныс та
көбейе түсті. Күкірт өндірудің бұл тәсілі өсіп келе жатқан қажеттілікті
толығымен қанағаттандыра алмады, себебі қондырғылардың өнімділігі
өте төмен, ал шикізат қорлары – шектеулі болды. Күкірт қышқылын
өндірудің жаңа әдістерін іздестіру XV-ғасырда оны алудың жаңа әдісі –
күкіртті селитрамен өртеу әдісіне әкелді. Бірақ іс жүзінде ол тек XVIII
ғасырда ғана іске қосылды.
Осы әдіс бойынша күкірттің селитрамен қоспасы, оның түбінде су
болатын қорғасын камераларында өртелінеді. Шынында да күкірт
қышқылын өндірудің нитроздық тәсілі осы түрінде пайда болды, соңғы
кезге дейін ол «камералық әдіс» деп аталынып келді.
ХІХ ғ. басында платинаны катализатор ретінде пайдалану арқылы
күкіртті газды күкірт ангидридіне қышқылдандыру әдісі табылды, ол
өндіріс орындарында тек ХІХ ғ. аяғында ғана пайдаланылды. Ол
«жанаспа әдіс» деп аталды (газдың катализатормен жанасуы
салдарынан).
Осы екі әдіс те одан әрі дамытылып, жетілдірілді: жанаспа әдісте
платинаның орнына ванадий катализаторы алынып, аппараттардың
өнімділігі жоғарылауына қол жеткізілді; нитрозды әдісте ХХ-ғасырдың
бірінші онжылдығынан бастап бұл үдеріс камералардың орнына
мұнараларда жүзеге асырылды және екінші – «мұнаралық әдіс» деген
атау алды.
Достарыңызбен бөлісу: |