19. Елшінің саяхаты
«У Дидің билігі тұсында Чжан Цзянь императорлық күзетте қызмет етті. Бұл кезде тұтқындағы ғұндар өздерінің юэчжи тайпасының билеушісін өлтіріп, бас сүйегінен сусын ішетін ыдыс жасағандары туралы айтты. Қашқан юэчжилер ғұндардан кек алмақ болды. Бірақ оларды қолдайтын одақтасы болмады. Бұл кезде Хань әулетінің билеушілері ғұндарды талқандамақ болды. Жағдайды естіген ол: «Менің юэчжилермен байланыс орнатқым келеді. Бірақ оларға жол ғұндар арқылы өтеді»,-деді. Елші болып барғысы келетіндерді іздеді. Чжан Цзянь күзет офицері ретінде юэчжи тайпасына Таньи руынан шыққан Ганьфу есімді құлмен бірге баруға тілек білдірді. Олар Шаньси провинциясынан шығып, тұп-тура ғұндарға тап болады. Ғұндар оларды тұтқындап өз көсемдеріне жеткізді...».
|