18. Қытай кеңестері туралы
Сан жағынан басым және жақсы қаруланған қарсыласымен азамат соғысы жағдайында Қытай Кеңестерінің қызметі қарулы күрестің басты мақсатына бағындырылды...
Қытай Кеңестерінің құжаттары ел аумағының бір бөлігінде Кеңестердің заң актілерінің көпшілігі алайда азамат соғысы жағдайында жүзеге асырылмағанына қарамастан, халық бұқарасының мақсаттарын көздейтін әлеуметтік өзгерістер болғандығын көрсетеді. Олар толығымен тек Орталық кеңес ауданының көлемінде толығырақ жүзеге асырылды.Көптеген ұсақ кеңес аймақтарының әлсіздігі, бір-бірінен бөлектігі, тұрақсыздығы мен олардың Орталық кеңес аудандарымен байланысы нашарлығы, кеңес қозғалысын жаншып тастау қаупі күн сайын төніп тұрған жағдайда бірыңғай заңды іске асыруға және оны жергілікті жағдайларға сай реттеп отыруға мүмкіндік бермеді...
Қытай революциясының кеңестік дәуірінде Қытай компартиясы өзінің қарулы күштерін-Қызыл Армияны құрды, ол коммунистік партияның басшылығымен шаруаларды елдегі революциялық қозғалысты дамытудың маңызды құралы есебінде топтастырды. Қызыл Армия бейбіт халықтың арасындағы ағарту және кеңес партия кадрларын дайындау, жергілікті жерлердегі өкімет органдарын, кеңестерді қайта құру, ауыл шаруашылығы жұмыстарын жүргізуге көмек, әлеуметтік-экономикалық шараларды жүргізуді ұйымдастыру, саяси және әкімшілік жұмыстарын өз мойнына алды... Кеңес қозғалысы өнеркәсібі дамымаған, жұмысшы табы жоқ, артта қалған ауылдық жерлерде өрістеді. Сондықтан да революцияның басты қозғаушы күші шаруалар, анығырақ айтқанда, олардың кедей топтары болды. Батырақтар, кулактар, майда қолөнершідер, кедей-шаруалар Қызыл Армияның, жергілікті революциялық өкімет органдарының негізін құрды. Коммунистік партия бізде негізінен алғанда сипаты жағынан шаруалық партия болды.
|