17 жалпы білім беретін мектеп кмм тә



Дата27.12.2022
өлшемі27,24 Kb.
#164558
Байланысты:
000767cb-96091f7f


17 жалпы білім беретін мектеп КММ



Тәуелсіз елім Қазақстан!




Тәуелсіз еліммен мақтанамын!


Тәуелсіз елім Қазақстан!
Тәрбие сағатының мақсаты:
Оқушыларды еліміздің тәуелсіздік алған жылдар ішіндегі жеткен жеңістіктерімен таныстыру,әлем таныған ел екенін дәлелдеу,білімдерін кеңейту. Болашақ ұрпақтың рухани тұлғалық және адамгершілік құндылықтарын дамыту. Отанын сүюге,ел тарихын білуге,еліміздің мемлекеттік рәміздерін қастерлеуге,отанымыздың байлығын қорғауға,елімізді өркендетуге білімді ұрпақ болуға тәрбиелеу.
Тәрбие сағатының көрнекілігі: Қазақ елі суреттері,Қзақстан Республикасының рәміздері:Туы,Елтаңбасы,Әнұраны.Н.Ә Назарбаевтың суреті.
Нақыл сөздер,Қазақстан туралы әндер.
Тәрбие сағатының барысы: 
Қазақстан туралы не білеміз? Мен Қазақстанда тұрамын. Мен Қазақстанда білім алып жатырмын.Мен еліммен мақтанамын.Елімнің гүлдене бергенін қалаймын.
Мұғалім сөзі. Міне оқушылар біздер елімізбен мақтанамыз. Бұл еркіндік оңайлықпен келген жоқ.Қазақ елі еркіндікке жету үшін қаншама қиын-қыстау кезеңдерді бастан кешірді.Мыңдаған жылдық тарихы бар.Қазақстан тәуелсіздік алды. 
Ал, 1986 жылғы оқиға халықтың есінде мәңгі сақталады.
:16 желтоқсанда қазақ жастары Орталық алаңға шығып,Қазақстан тәуелсіздігін талап етті.
Оқушы:Осының нәтижесінде 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі туралы заң қабылданды.
Оқушы(Әбілсейіт) Ел болдық ерік алдық астаналы
Енді кімнен қазағым жасқанады?
Тәуелсіз мемлекеттің шежіресі,
Нұрсұлтанның атымен басталады.
Жаралдық молшылықтан толы ағыстан
Жолың бар жақсылықты қалап ұшқан
Ғасырдың биігіне шықтың ту боп,
Көркейген елім менің – Қазақстан!
Оқушы(Асель): Отаным – Қазақстан туған жерім,
Мұнай мен газ болады асыл кенім
Көркейтіп бір өзіңді келе жатқан,
Артамыз елбасына үлкен сенім.
Ән «Отаным - Қазақстан»
Оқушы(Рауан): Көк жүзінде қалықтаған қыранмын,
Бейбітшілік пен бостандық жыр-әнім
Самғап жүрсек бостандықта биікте
Шарықтайды кең көлемде бұл әнім
Хор «Елім менің» Сөзі: Н. Назарбаев Әні: Б.Тілеуханов
«Астанаға саяхат» суреттер көрсетіледі.

Отан туралы мақал-мәтел білеміз бе?
 Ойын «Мақал-мәтел» жалғасын тап.

  • Отан — отбасынан басталады.

  • Опасызда oтан жоқ.

  • Отан оттан да ыстық.

  • Отансыз адам — ормансыз бұлбұл.


Оқушы(Ерасыл): Отаным – Қазақстан туған жерім,
Мұнай мен газ болады асыл кенім
Көркейтіп бір өзіңді келе жатқан,
Артамыз елбасына үлкен сенім.
Мұғалім: Бүгін әрбір мемлекеттің ғасырлық тарихына байланысты рәміздері бар.
Мемлекеттік рәміздер – Ту, Елтаңба, Әнұран. Бұл халық бірлігінің белгілері.Қазақстан Республи- касының да өз рәміздері бар.Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу - әрбір азаматтың міндеті.
 Оқушы(Нұрдаулет): Бұлт баспасын күнімді «Ту» суреті
Тарылмасын өрісім.
Биік ұстау Туымды
Қасиетті борышым.
Мұғалім: Қазақстан Республикасының мемлекеттік Туы ортасында шұғылалы күн, оның астында қадықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрвшты көгілдір түсті мата. Бұл түс- ашық аспанның,тыныштықтың белгісін көрсетеді.Тудың ортасындағы алтын күн – баршаға ортақ, бәрі не нұрын шашып, сәулесін төгеді.Оның жылуы жер бетіндегі бүкіл тіршілік тіршілік атаулыға ортақ. Алтын күнді қанатымен жебеп, өрге көтер»п ұшып бара жатқан қыран құс – ерлік белгісі. Матаның сол жағында ою - өр негі бар тік жолақ орналасқан. Бұл қазақ елінің әшекейі. Алтын күн, Қыран және ою- өрнек біздің халқымыздың ашық келешегі мен бай берекесі, тыныштық пен байлықтың белгісі.
 Оқушы(Інжу): Бабам тұлпар жаратты «Елтаңба» суреті
Құлынын да танып ақ
Тұлпар барда қанатты
Шайқалмасын шаңырақ.

Мұғалім: Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбасында көгілдір түс аясында шаңырақ бейнелеген.Шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап, уықтар шаншылған.Жарық жұлдыз – Отанымыздың жұлдызы биіктеп, бақыт жұлдызынан нұр шашып тұрғанын бейнелейді.Қанатты тұлпардың баламалық мәні қазақтың аңыз ертегісінен алынған. Аңыз бойынша қанатты тұлпарға мінген алып батыр алты қанат аспанға ұшып, жеті қат жер астында түсіп халықты қасіреттерден азат еткен,еліміздің азаттығы мен жеңімпаздығының белгісі.Бидай сабақтары тоқшылықты, молшылық ты білдіреді. Ал төменгі жағындағы «Қазақстан» деген жазу еліміздің ежелден әлемге танымал екенін көрсетеді
.Мұғалім: Кез келген мемлекеттік рәміздің ең маңыздысы - Әнұран. Әнұран мемлекеттік салтанатты ән. Ол халықты әйгілі етеді. Оның сөздерінде халықтың мыңдаған жылғы тарихы, бүгінгі өмірі мен келешек арманы айтылған.
Хор «Әнұран» Бәріміз әнұранды айтып берейік.
«Оқушы: Көк жүзінде қалықтаған қыранмын,
Бейбітшілік пен бостандық жыр әнім
Самғап жүрсек бостандықта, биікте
Шарықтайды кең көлемде бұл әнім.
Хор «Қазақстан» .


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет