№18 Абай атындағы жалпы орта мектебі
2018-2019 оқу жылында жаңартылған білім беру мазмұны бойынша оқытылған 5а-сыныбында қазақ тілі мен әдебиеті пәнін оқытудың рефлексивті есебі
5а-сыныпта қазақ тілі пәнін оқытуға 102 сағат, қазақ әдебиетінен 68 сағат жүктеме берілген. Бағдарламадағы оқу мақсаттары білім алушыға ой бөлісуге мүмкіндік беретін, бірізділікті көрсететін 4 дағдыға негізделген бөлімнен тұрады:тыңдалым,айтылым,жазылым,оқылым. Сонымен бірге, ӘТН сақтау.
5а-сынып оқушылары 1-тоқсанда жаңа оқу бағдарламасын меңгеруде мынадай кедергілерге тап болғаны жасырын емес: 1.Тыңдалым дағдыларының үстірттігі, диалогта өз ойын еркін жеткізе алмауы. 2. Ауызекі сөйлеу стилі мен жазба стилді жазылым барысында сақтауға қиналды.3.Осы уақытқа дейінгі жазылым дағдыларында емлелік және көркем жазу үлгісі бойынша кемшіліктер кездесті.
Осы кедергілерді жою үшін қосымша ақпараттар мен жеке оқушымен жұмыс жасалды. Мәтін құру,жоспарлауды және көркем жазу дағдылары бірізге келгендігі байқалды. Дегенмен, осы кедергілерді жою үшін пән мұғалімдері оқу жылы соңында біршама ілгерілеуге қол жеткізді. Жаңартылған бағдарламаны оқушылар қалай қабылдады? Кері байланыс барысында, оқушылардың бірлескен оқу ортасы тапсырмаларын, өз пікірін қорғау шаралары ерекше бағаланды.Бағалаудағы өзін-өзі бағалауға үйрену, сыни көзқарас таныта алу қабілеттері артты.
5а-сыныбында қазақ әдебиеті пәнін оқытуда оқулық пен бағдарлама үйлеседі. Дегенмен, кейбір тақырыптарда, мәселен, Б.Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» повесінің үзіндісіне 8сағат уақыт талдауы оқушыларды жалықтырғандығы байқалды.Осы сыныпта кездескен кедергілер ретінде кейбір оқушылардың анализ жасау,интерпретация жасау дағдылары оқу жылының басында біршама кедергі келтірді.Пән мұғалімі осындай 2-3 оқушымен қосымша үйрету жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде, оқу жылының соңында оқушылар көркем шығарманы талдауды, образдарды ашуды, өзіндік пікір айтуға төселді.Бағдарламаның ең маңыды тұсы өмірмен байланысты мәселелерге оқушылардың өз пікірі ауызша талқылау және эссе жазу барысында жақсы нәтиже берді.
Критериалды бағалауда оқушылар бір-біріне тиімді кері байланыс беруді, ұсыныстар айтуды, оқу мақсатына негізделген критерийлерді орындауға әр сабақта қол жеткізді. Тапсырмалардың әралуандығы, өмірмен байланыстылығы қызықты болды,бұл- пәнге деген қызығушылығын жетілдірді.
Оқушылар арасында талантты және дарынды балалар А.Алмат, Ә.Төлеқожаева, Ш.Хасанова, М.Жорабай, Б.Қуандық секілді оқушылар ерекше шығармашылық таланттарымен танылып, сыныптағы өзге оқушыларға үлгі бола білді. Оқушылардың сыни тұрғыда ойлау дағдыларын жетілдіру мақсаты әр сабақтың мазмұнымен астасып жатты.
Пән мұғалімі: Утебаев Б.Б.
№18 Абай атындағы жалпы орта мектебі
2017-2018 оқу жылында жаңартылған білім беру мазмұны бойынша оқытылған 7-сыныптарда
қазақ тілі мен әдебиеті пәнін оқытудан түйген түйінді ой
7-сыныпта қазақ тілі пәнін оқытуға 102 сағат, қазақ әдебиетінен 68 сағат жүктеме берілген. Бағдарламадағы оқу мақсаттары білім алушыға ой бөлісуге мүмкіндік беретін, бірізділікті көрсететін 4 дағдыға негізделген бөлімнен тұрады. Оқушылар тыңдалым,айтылым,жазылым,оқылым дағдылары сонымен бірге, әдеби тіл нормаларын сақтау бойынша жыл бойы білім үйренді.
7б-сынып оқушыларында оқу басында жаңа оқу бағдарламасын меңгеруде біршама кедергілер кездесті. Мәселен, мәтінді интерпретациялауда өз ойын еркін жеткізе алмау, ауызекі сөйлеу стилі мен жазба стилді жазылым барысында сақтауға қиналды.3.Осы уақытқа дейінгі жазылым дағдыларында емлелік және көркем жазу үлгісі бойынша кемшіліктер кездеседі. Екінші тоқсанда жаңа білім үйрену әдістеріне төселген оқушылар, соңғы үшінші және төртінші тоқсанда БЖБ,ТЖБ тапсырмаларына қалыптастырушы бағалау тапсырмалары арқылы біршама бейімделді. Эссе жазуда, сыни сауалдарға пікір жазуда, диалогқа түсуде, оқылым мәтінін талдауда едәуір жылыжып, біршама дұрыс нәтиже көрсетті.
Критериалды бағалау оқушылар үшін тиімді болғанын өз пікірлеріне сүйене жеткіземіз. Кері байланыстарда оқушылар өздеріне іздену үшін мүмкіндіктер берілгенін айтады. Бұрын тұйық мінезді оқушылардың өз пікірін білдіруде еркіндігі , топтық жұмыста байқалды. Бұл бағалаумен байланысты өзгеріс деп білеміз.
7а -сыныбында оқушыларында айтылым және жазылым дағдыларының жемісі ретінде диалогтар мен эсселерді атап айта аламын. Ал, кейбір талантты оқушылар А.Қазыбай, А.Алматов, Б. Зайнулла, А.Тұрсынбаеваларда мықты шығармашылық қырларымен танылды. Аудандық байқауға шыққан А.Алматов «Мағжан оқулары» байқауында ақындық өнерден ІІ орын иеленуін де сабақтағы жеке ізденісінің жемісі. Осы сыныптағы А.Анварова, А.Абдуғаппаровтың әдебиетті меңгеруге деген ынтасы жоғарылағаны байқалды.
Критериалды бағалауда оқушылар бір-біріне тиімді кері байланыс беруді, ұсыныстар айта алуы тиімді болды. Оқу мақсатына негізделген критерийлерді орындауға әр сабақта қол жеткізді. Тапсырмалардың әралуандығы, өмірмен байланыстылығы қызықты болды, бұл оқушылардың пәнге деген қызығушылығын жетілдірді.Қалыптастырушы бағалау тапсырмаларында оқушылар білім алудағы ілгерілеуді өлшеуді,оқу мақсаттарын бағалау, өзара тиімді кері байланыс беру, сыни көзқарасын білдіру сынды құзіреттіліктерді өз бойына сіңіре алды. Сонымен бірге, өз қателігін дер кезінде түзетуді үйрене алды. Ал, жиынтық бағалау тапсырмаларын орындағанда тараудағы материалды қаншалықты меңгергенін өзіндік пайымдауы, мұғалімнің рубрика, кері байланыс беру арқылы талдаулары өз нәтижесін көрсетті. Мұғалім мен оқушы, оқушы мен мұғалім, мұғалім мен мұғалім арасындағы кері байланыстар кемшіліктер мен қажеттіліктерді дер кезінде анықтауға арналған ақпарат ретінде көмегін тигізді.
Кері байланыстың бір формасы ата-аналарға жеткізілетін рубрикаларда кем дегенде ата-ананың ықыласын таытып, баланың білім алу жауаптылығын жетілдіруге қызмет еткені жазбаларда байқалады.Сонымен қатар, жиынтық бағалаудан кейінгі модерация рәсімінің де мұғалім үшін бағалау әдісімен бөлісуі, оқушы үшін бағалаудағы ашықтықты қамтамасыз ететін мол мүмкіндігін байқадық, қолдандық. Әлі де жетілдіре түсетін тұстарымызды түйіндедік. Ең бастысы, оқушылардың ойлаудың жоғары деңгейіндегі тапсырмаларды игеру үшін жасаған еңбектері дұрыс нәтижелер берді. Сындарлы ойлауды дамыта оқытуды жалғастыру алдағы күннің еншісінде. Жаңартылған білім беру мамұнында әр оқушы білім алу жауапкершілігін өз мойнына алып, қарекет етуі жылдық еңбектің нәтижесі деп бағалаймын.
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі: А.Ә.Смаилова
4 маусым, 2019ж.
Достарыңызбен бөлісу: |