Өзара шекті еритін сұйықтық қоспалары. Мұндай жүйелер үшін бір сұйықтықты екіншісіне қосқанда (мысалы, фенолды суға) алдымен сұйықтықтар бір-бірінде толық ериді. Одан әрі белгілі бір концентрацияда екі бөлікке бөлініп, өзара ерімейтін сұйықтықтарға тән қасиет көрсетеді. Мөлшерлері өзгергенмен сұйық фазалардың құрамы тұрақты болып қала береді. Мұндай қоспаларды көбінесе экстракция әдісімен бөледі және оларды гетероазеотропты қоспалар деп атайды.

Дистилляция процесі жай және тепе-теңдік болып бөлінеді. Жай айдау – қайнаған сұйық қоспаның бір рет булануы нәтижесінде түзілген буды конден-сация арқылы бөлу процесі. Тепе-теңдік дистилляция – сұйықтықтың буланған бөлігі булан-баған бөлігімен фазалық тепе-теңдік орныққанға дейін біршама уақыт әсерлесуде болатын процесс.
Дистилляция процесін бу түзілу процесі баяу өтіп, бу-сұйықтық аралығында тепе-теңдік орнығады деп қарастырады. Жай айдау процесінде төменгі температурада қайнайтын компоненттер мөлшері сұйық және бу фазаларда үздіксіз кемиді. Жай айдау процесінің материалдық балансын қарастырайық. G – арқылы сұйықтық мөлшерін, x – арқылы оның құрамын белгілейік. Төменгі температурада қайнайтын компоненттің сұйықтықтағы мөлшері Gx тең.