Сабақтың кезеңі/ уақыт
|
Педагогтің әрекеті
|
Оқушының әрекеті
|
Бағалау
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
10 минут
|
Оқушылардың спорттық киімдеріне назар аудару. Қатарда түзу тұруың қадағалау. Келмеген оқушылардың себебін анықтау. Сабақтың тақырыбымен және мақсатымен таныстыру. Бағалау критерийлерін түсіндіру. Техника қауіпсіздігін ескерту. Бой жазу жаттығуларын ережеге сай орындалуын қадағалау.
|
Сабаққа спорттық киіммен келу. Қатарға тұру. Сәлемдесу. Рапорт тапсыру. Сабақтың тақырыбымен және мақсатымен танысу. Бағалау критерийлерін анықтау. Техника қауіпсіздігін сақтау. Бой жазу жаттығуларын орындау. Тыныс жолдарын қалпына келтіру.
|
Кері байланыс арқылы бағалау
|
Әр жаттығуға кең, ашық кеңістік.
Баскетбол доптары, ысқырғыш, салмағы 1 кг. нығыздалған доп.
|
Сабақтың ортасы
25 минут
|
Мұғалімге ойын ережесін түсіндіру қажет:
1. Ойын мұғалім белгісі бойынша басталады.
2. Ойын баскетбол ережесі бойынша өтеді.
3. Оқушылар берілген ойында қауіпсіздік ережесін қатаң ұстанулары керек.
Ойын барысында оқушылар қажетті жүктемені алғандықтарын ескеріп отыру қажет.
Сұраңыз: сіз ойын ережесін қалай сақтадыңыз? Команда қандай тактикаларды қолдана алады? Командаңыз үздік жұмыс жасау үшін сіз не істей аласыз?
|
«Бестіктер шабуылдайды». Баскетбол алаңында үш команда ойнайды. Екінші және үшінші бестік өз қалқандарының астында қорғаныс аймағын құрайды. Доп екінші бестікке қарсы еркін орналасқан бірінші бестікте болады. Ойын мазмұны. Мұғалімнің белгісі бойынша допты себепке салу үшін бірінші бестік екінші бестіктің аймағына шабуылдайды. Екінші бестіктің ойыншылары допты тартып алған бойда тоқтамастан үшінші бестіктің аймағына шабуылдайды. Доптан айырылып қалған бірінші бестіктің ойыншылары екінші бестіктің аймағына өздерінің қорғаныс аймағын құрайды. Үшінші бестіктің ойыншылары допқа иелік етісімен өз кезектерінде бірінші бестіктің аймағына шабуылдайды және ойын осы ережемен жалғаса береді. Допты себепке салған команда қосымша ұпайға ие болады да қорғаныс аймағын құрайды, ал ұтылған команда шабуылға шығады. Ойын 10-15 минутқа жалғасады.
Көп ұпайға қол жеткізген команда жеңіске жетеді. Оқушылар бірлескен жұмыстағы өздерінің жеке дағдыларын бағалайды және талқылайды.
|
Сұраңыз: Сіз қауіпсіздік ережесін қалай сақтадыңыз? Сабақта денсаулыққа тікелей қауіп төнудің алдын алу үшін сіз қандай әрекет жасайсыз?
Балаларға допты жалғау мен қағып алуды үйрету, іс-әрекетін жолдасымен келісе отырып орындау біліктілігін дамыту.
Ережеге сай ойнатылуын қадағалау
|
«Он бес доп жалғау». Ойын үшін салмағы 1 кг. болатын нығыздалған доп қажет. Бір мезгілде 1, 2, 3 нөмірлерімен белгіленген 3 адамнан жасақталған бірнеше команда ойнай алады. Олар бір бірлерінен 3-4 метр арақашықтықта бір қатарға тұрады. Ойын мазмұны. Ортаңғы ойыншы (2-ші нөмір) мұғалімнің белгісі бойынша допты сол жағындағы серіктесіне (1-ші нөмір) жалғайды. Ол өз кезегінде допты ұстап алып ортаңғы ойыншы арқылы оң жақтағы нөмірі 3-ші ойыншыға жалғайды, 3-ші ойыншы кері ортаңғы ойыншыға қайтарады. Бұл бір рет жалғау болып есептеледі. Ойын 15 рет допты жалғау орындалғанша жалғасады, бұл командаға жеңіс ұпайын алып келеді. Белгіленген уақытта көп ұпайға қол жеткізген команда жеңіске жетеді. Ойыншылар бірін бірі қолмен итерулеріне болмайды.
Екі жақты баскетбол ойынын ойнайды
|
Сабақтың соңы
5 минут
|
Мүғалім оқушыларға кері байланыс жүргізеді. Сабақ барысында жіберілген кемшіліктер мен нәтижелерді талқылайды.
|
Оқушылар тыныс жолдарын қалпына келтіреді. Қиындық тудырған мәселелер бойынша сұрақ қояды. Бір-біріне кері байланыс жүргізеді.
|
|
|
Оқушылардың үй тапсырмасын мұқият тындауын қадағалау
|
Үй тапсырмасы: жалпы дамыту және бой жазу жаттығуларын орындау
|
|
|