2 сынып
Қазақ тілі
Бақылау жұмысы №6
Жауап кілті
1) Шоқан – 5 дыбыс, 5 әріп, 2 буын
Ш – дауыссыз, қатаң
о – дауысты, жуан, ашық, еріндік
қ – дауыссыз, қатаң
а – дауысты, жуан, езулік
н – дауыссыз, үнді
2) саяхатшы
Саяхат – түбір
шы - жұрнақ
2 сынып
Қазақ тілі
ІІІ тоқсандық бақылау жұмысы №7
Мақсаты: Оқушылардың тапсырмаларды талапқа сай орындауын тексеру.
Міндеттері:
Дыбыстық талдау жасай білу.
Сөз таптарын ажырата білуін тексеру.
Диқан
Нан астықтан алынады. Астықты өсіретін адам – диқан. Ол жыл бойы тыным таппайды. Көктемде жер жыртады. Жерге дән себеді. Дәннен егін көктейді. Диқан жаз бойы егінді баптайды. Күзде піскен егінді комбайнмен орады. Масақ толы дән қырманға тасылады. Диқанның еңбегі өте бағалы. /40 сөз/
Тапсырмалар:
«Диқан» сөзіне дыбыстық талдау
3-4 ші сөйлемдегі етістіктерді теріп жаз
Достарыңызбен бөлісу: |