2 сынып
Қазақ тілі
ІІІ тоқсандық бақылау жұмысы №7
Жауап кілті
1) Диқан – 5 дыбыс, 5 әріп, 2 буын
Д – дауыссыз, ұяң
и – дауысты, жіңішке, қысаң, езулік
қ – дауыссыз, қатаң
а – дауысты, жуан, езулік
н – дауыссыз, үнді
2) тыным таппайды, жер жыртады
2 сынып
Қазақ тілі
ІV тоқсандық бақылау жұмысы №8
Мақсаты: Оқушылардың алған білімі бойынша білім білік дағдыларын тексеру.
Міндеттері:
Сөз таптарын ажырата білу
Сөз құрамын дұрыс анықтай алуын тексеру.
Оқушылардың фонетикалық талдау жасай алуын тексеру.
Кемпірқосақ
Кемпірқосақтың жеті түсі бар. Олар – қызыл, тоқсары, сары, жасыл, көгілдір, көк және күлгін. Бұл түстерді жеке арнайы жағдайда ғана көруге болады. Күн сәулесі жаңбыр тамшысына түскен кезде жарықтың жеті түсі сынады. Тамшы арасынан кемпірқосақ пайда болады.
Тапсырмалар:
1-інші сөйлемді сөз табына талда.
«Жапырақтары» сөзін сөз құрамына талда
«Жарық» сөзіне фонетикалық талдау жаса.
Достарыңызбен бөлісу: |