Зат мөлшері ( ) – заттың құрамына енетін молекулалар, атомдар немесе иондар тәрізді құрылымдық элементтердің санымен анықталатын физикалық шама. Өлшем бірлігі – моль.
Массасы 0,012 кг 12С нуклидінің құрамына кіретін құрылымдық элементтері бар жүйенің зат мөлшері.
Авогадро тұрақтысы:әр түрлі заттардың бір молінде молекулалардың саны бірдей болады, оны Авогадро тұрақтысы деп атайды:
Дальтон заңы: идеал газдардың қоспасының қысымы оның құрамына кіретін газдардың парциалдық қысымдарының қосындысына тең:
.
Парциал қысым:бұл газ қоспасының құрамына кіретін газдың бір өзі сол температурада қоспаның көлеміне тең көлемді алатын қысым.