1822 жылғы "Сібір қырғыздарының жарғысы" және 1824 жылғы "Орынбор қырғыздарының Жарғысы" кіріспедегі ұқсастықтар мен айырмашылықтарды көрсетеді


A.Bokeykhanov, A.Baytursınov, M.Dulatov'un faaliyetlerini tanımlamak ve bir örnek göstermek



бет23/25
Дата22.12.2023
өлшемі115,36 Kb.
#198452
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25
Байланысты:
Қазақстан жаңа заман тарихы 31-60

58.A.Bokeykhanov, A.Baytursınov, M.Dulatov'un faaliyetlerini tanımlamak ve bir örnek göstermek
А. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Дулатовтың қызметін сипаттап, үлгі көрсетіңіз
Әлихан Бөкейханов Ол Ақпан төңкерісінен үлкен үміт күтеді. Бірақ ол үміті ақталмайды. Уақытша үкімет, оның ішінде өзі мүшесі болып жүрген кадет партиясының көсемдері қазаққа автономия беруге қарсы болады. Оның үстіне олармен жер мәселесі жөнінде де ымыраға келе алмайды да, ол бұл партиядан шығып, қазақтан сайланған тоғыз өкілді бастап барып, Томск қаласында Сібір автономистерінің құрылтайына қатысады. Осында болашақ Сібір республикасының құрамында Қазақ автономиясы құрылмақ болады.
Құрылтайдан оралысымен Әлихан қазақ тарихындағы тұңғыш саяси ұйым Алаш партиясын ұйымдастыруға кіріседі. Артынша, 1917 ж. желтоқсанында Екінші жалпықазақ съезі Алаш автономиясы жарияланып, Ә. Бөкейхан сол алғашқы Қазақ республикасының тұңғыш төрағасы (президенті) болып сайланады.
Ә. Бөкейханның қуғын-сүргін кезеңінен 2 жыл алдындағы мен ату жазасының күніндегісі.
1919 жылы большевиктер өкіметінің бұрынғы алашордашыларға жасаған кешірімнен кейін Ә. Бөкейхан қалған өмірін ғылыми зерттеушілікке арнады.
Алаш идеологиясын қалыптастырушылардың бірі. М.Дулатұлының қоғамдық-саяси қызметі қазақ зиялылары Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, Ж.Аймауытовтармен тығыз байланысты. Қазақтың зиялы қауым өкілдері сол қоғамның ең өзекті мәселесі отарлық езгіге қарсы ұлттың санасын оятып, оны қалыптастыру жолында өздерінің шығармашылық қызметтерімен де, қоғамдық-саяси қызметтерімен де алға шығып, қалың қазақ халқын соңдарына ілестіре білді. Қазақ халқының бойындағы ұлттық рухты, сана-сезімді ояту мақсатында, халықтың көзін ашу жолында аянбай күресті. Осы мақсатта «Қазақ», «Сарыарқа», «Алаш» газеттері арқылы орасан зор жұмыстар атқарды. Жастарды қоғам ісіне тартуда, олардың ой-санасының жетілуіне қажетті мәдени-ағарту саласында жүргізген қызметтері ұшан-теңіз. Міржақып сол кезеңдегі үкіметтің жүргізіп отырған саясатын шенеп, қазақ елінің егемендігі, ел болып жерге, суға иелік ету мәселесі, қазақ шаруаларының мұң-мұқтажы, қоныс аударушылар жайлы газет бетіне мақала, сын, әңгіме, өлеңдер жариялай бастайды. Оның алғашқы үкімет саясатын сынай жазған мақаласы «біздің мақсатымыз» деген атпен 1907 жылы «Серке» газетінде басылып шығады. Ал 1909 жылы Петербургте Міржақып Дулатұлы қазақ халқының көзін ашуға талпынып «Оян, қазақ!» деген кітабын жариялайды. Ақын «Оян қазақта» патша өкіметінің қазақтардың малға жайлы шұрайлы жерлерін тартып алып, ата-баба бейітін бұзып, халықты қалай болса солай тартқылап, не тіліне, не діліне, не жеріне иелік етуге мүмкіндік бермей, әбден езіп, жаншығаны Міржақыптың жүрегіне ауыр тиеді. Осы өлеңі арқылы халықтың ауыр тұрмысын ойлап, сынға алып жазады. «Оян, қазақ!» кітабы патша үкіметіне ұнамағандықтан М.Дулатұлы қамауға алынады. 1913 жылы А.Байтұрсынов, Ә.Бөкейханов, М.Дулатұлылардың белсенділігімен «Қазақ» атты биресми газет шығарыла бастайды. Бұл газетте негізінен қазақ халқының қоғамдық мүдделерін көксеген жер, оқу-ағарту, ұлт, дін сияқты маңызды мақалалар жарияланды. Сөйтіп «Қазақ» газеті қазақ зиялыларының басын біріктірді. «Қазақ» газеті арқылы «Алаш» партиясын дайындауда да елеулі жұмыстар атқарды. Қазақтың ұлт интеллигенттерінің алғашқы қадамы, қазақты біріктірудегі, көзін ашудағы, сана-сезімін оятудағы жұмыстар тікелей осы газет арқылы іске аса бастады. «Алаш» автономиясы мен Алашорда үкіметін құруда Міржақып Дулатұлы көп еңбек сіңірді. Сонымен қатар М.Дулатұлы – әдебиеттің әр түрлі жанрына қалам тартқан қаламгер. «Оян қазақ!» кітабынан бөлек, екінші өлең кітабы 1913 жылы Орынборда «Азамат» деген атпен жарыққа шығады. «Азамат» жинағына негізінен нәзік лиризм тән. Мұнда ақын адамның ішкі сезім-толғаныстарын, табиғаттың әсемдігін айшықты бедерлеуге ден қойған. «Мұң», «Сырым», «Арманым» өлеңдерінің осылай аталуларында да үлкен мән жатыр. Бұл өлеңдердің лирикалық кейіпкері – ел еркіндігін аңсаған, сол үшін ғұмырын арнаған күрескер жан. Міржақыптың үшінші өлеңдер жинағы – «Терме» 1915 жылы шыққан. Кітапта ағартушылық сарындағы бірсыпыра өлеңдерімен («Шәкірт») қатар «Оян, қазақ!» рухындағы туындылар да баршылық. Солардың ең елеулісі – «Елім-ай» өлеңі. Өлең, мәңгі ұмытылмас халық трагедиясының ескерткіші, әйгілі «Елім-айды» еске түсіреді. Осы айтылған үш кітапта да ақын өлеңдерінің басты тақырыбы – ел, жер тағдыры болды. Кітаптың негізгі мазмұны халықты оятуға, әділетсіздікпен күресуге шақырған өлеңдерден тұрады. Сол себепті де автор көп қудаланып, қуғынға ұшырайды. М.Дулатұлының қазақ әдебиетінде роман жанрын дүниеге келтірген құнды шығармасы – «Бақытсыз Жамал». Бұл роман бірінші рет 1910 жылы Қазан қаласында басылып шығады, екінші рет 1914 жылы, үшінші рет 1991 жылы қазақ оқырмандарымен қайта қауышады. «Бақытсыз Жамал» романы сол кездегі тарихи-әлеуметтік шындықты шынайы да көркем бейнелеуімен, авторлық идеяның айқындылығымен өзінен кейінгі қазақ прозасының өркендеуіне үлкен жол ашты.
А.Байтұрсынов Алаш партиясы бағдарламасын даярлаған шағын топтың құрамында болды. Байтұрсынов пен Дулатов қазақ арасында бұрыннан келе жатқан ру-жүз аралық алауыздыққа байланысты Алаш Орда үкіметінің құрамына саналы түрде енбей қалды, бірақ олардың қазақ ұлттық мемлекеттік идеясын жасаушы топтың ішінде болғандығын замандастары мойындады. Алаш Орда құрамын бекіткен 2-жалпықазақ съезі Оқу-ағарту комиссиясын құрып, оның төрағасы етіп Байтұрсыновты бекітті. 1919 жылы наурызға дейін Алашорда үкіметінің Торғай облысы бөлімінің мүшесі болды. Байтұрсынов 1919 жылы наурызда Алашорда үкіметі атынан Мәскеуге Кеңес үкіметімен келіссөзге аттанды, осы жылғы шілдеде РКФСР Халық Комиссарлар Кеңесі мен Қазақ әскери-революциялық комитеті төрағасының орынбасары болып тағайындалды.
Байтұрсыновтың ықпалымен сәуірде Алашорда басшылары мен мүшелеріне Кеңес үкіметінің кешірімі жарияланды. Байтұрсынұлы бұл тарихи кезеңде «патшалардың төрінде отырғаннан, социалистердің босағасында өлгенім артық» деген пікірде болды (ҚР ҰҚК архиві, 78754-іс, 6-т., 44-п). 1920 жылы В.И.Ленинге Кеңес үкіметінің Қазақстанды басқару ісіндегі алғашқы қадамын қатал сынға алған хатын жолдады. Қазревком мүшесі ретінде Қазақстанның Ресеймен шекарасының қалыптасу ісіне белсенді түрде араласты


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет