Ұзындығы 15 см-дей 2 бұтақ алынады.Біріншісін төменгі ұшынан( суға салынатын жағы) 5 см жоғарырақ жерінен қабығын (енін 3 –см-дей) сақиналап кеседі.Екінші бұтақты сақиналап кеспей сол күйінде ыдыстағы суға салып қояды.Қабығы кесілген бұтақта қосалқы тамырлар кесілген жерінің жоғарғы жағынан шығады.Кесілген жердің төменгі жағында тамырлар пайда болмайды.Қоректік зат кесілген жерден төмен қарай өте алмайды.Ал, қабығы кесілмей салынған бұтақта қосалқы тамырлар бұтақтың ұшынан дамиды
– Органикалық заттарды тасымалдайды. – Ағзадағы газдардың тасымалдануы арқылы тыныс алу, транспирация үдерістері жүзеге асады. – Ағзадағы әртүрлі физиологиялық үдерістер жүруі үшін қажетті сумен және минералды заттармен қамтамасыз етеді. – Зат алмасудың соңғы өнімдерін ағзадан шығару арқылы ағзаны уланудан қорғайды. ЖАНУАРЛАР АҒЗАСЫНДА ЗАТТАРДЫ ТАСЫМАЛДАЙТЫН МҮШЕЛЕР Қоректік заттар бүкіл денеге қан тамырлары арқылы тасымалданады. Олар әрбір жасушаға капиллярлар арқылы жетеді. Жасушада зат алмасудан кейін пайда болған зиянды заттар қан тамырларымен бөліп шығару мүшелеріне барады. Тасымалдайтын газдардың қандағы мөлшеріне қарай қанның түсі өзгереді.
Егер қанның құрамында оттек мөлшері көп болса, қанның түсі алқызыл, ал қан көмірқышқыл газына қанықса, қою қызыл түсті болады.
Сендер оқу құралдарыңды арнайы портфельге салып тасымалдайсыңдар.
Дәл осы сияқты, өсімдіктерде де қоректік заттар арнайы жолдар арқылы тасымалданады. Өсімдіктің тасымалдау мүшелеріне не жатады деп ойлайсыңдар?
Тамыр – топырақтан заттарды сіңіру мүшесі. Ол үшін тамырдың құрылысы бейімделген.
Тамырдың ішкі құрылысын көлденең әрі бойлық кесіндісінен қарастыруға болады. Олар орналасқан ұлпалары мен элементтері бойынша ерекшеленеді.
Бұл параграфта төменнен жоғары қарай орналасқан тамыр аймақтарын, яғни оның бойлық кесіндісінен құрылысын қарастырамыз.
Тамыр аймақтары. Егер тамырды көлденеңінен кессе, онда сабаққа едәуір жақын тамыр бөлігі – өткізу аймағы, одан кейін сору аймағы, оның астында өсу аймағы, одан тереңде ерекше түзілім – тамыр оймақшасы жауып тұратын бөліну аймағы бар.
Сонымен тамырдың бойлық кесіндісінен төрт аймақ пен тамыр оймақшасын көруге болады.
Тамыр оймақшасы қорғаныш қызметін атқаратын жабын ұлпасынан түзіледі. Тамыр оймақшасының сыртқы жасушалары өлі жасушалар. Олардың арасындағы жасушааралық кеңістік шырышқа толы.
Сондықтан топырақта тас т.б. сияқты қатты заттар кездессе тамыр оймақшасының өлі жасушалары «түлейді», яғни қабыршықтанып түсіп отырады.
Ал жасушааралық кеңістіктен бөлінетін шырыш тамырдың сырғуына және кедергіден зақымдалмай айналып өтуіне мүмкіндік береді. Тамыр оймақшасының ішінде тірі жасушалар болады. Микроскоп арқылы олардың крахмалдың ірі түйіршіктері жинақталған лейкопластарға бай екені көрінеді
Тамыр өсімдіктің жерасты мүшесі болғандықтан минералды қоректенуге қатысады. Минералды қоректену өсімдік ағзасына минералды заттардың тамыр жасушалары арқылы сіңірілуімен жүзеге асады. Қоректенудің осы тәсілін түсіну үшін тамырдың құрылысын зерттейік