Су мен онда еріген минералды заттар тамырдан жоғары қарай сабақ арқылы ағаш сүрегі бойымен көтеріледі.
Бұл — заттардың жоғары ағысы.
Егер сиямен боялған суға ұзын сабақты бальзамин бұтағын салса, судың сабақ бойымен жапыраққа қарай олардың жүйкелерін бояп, жоғары көтерілгенін көруге болады.
Қоректену тақырыбын қарастырғанда, біз ас қорыту мен қан айналым жүйесінің өзара тығыз байланысына көңіл бөлдік.
Қоректену- бұл тек күрделі заттарды ыдыратып қорыту ғана емес, сол ыдыраған заттарды жасушаларға тасымалдау, жеткізу; мәселен, қан арқылы бүкіл организмге және жасушаларына қажетті заттар жетеді. Ал, жасушалардан тіршілік әрекеттерінің соңғы өнімдері шығарылады. Бұл – барлық тірі организмдерге тән құбылыс.
Бүгінгі сабақтың мақсаты- өсімдік және жануар организмінде заттардың тасымалдануының маңызын қарастыру.
Заттардың организмде тасымалдануы –тіршілік әрекеттерінің маңызды үдерісі.
Қозғалыс – барлық тірі организмдерге тән белгі, ол барлық тіршілік деңгейлерінде, айталық – жасушалықтан организмдік деңгейде байқалады.
Қозғалысты организм ғана жүзеге асырып қоймайды, қозғалыс жеке жасушаны алып қарағанда, оның ішінде жеке органоидтың ішінде де жүзеге асатын тіршілік әрекетінің маңызды үдерісі болып табылады.