30.Аналық без, құрылысы, қызметі.
Анабез (ovarium), организмге жүйелі әсер ететін әйелдердін жыныстык гормоны түзілетін, ұрық жасушалары дамып жетілетін, кіші жамбас куысында орналаскан жұп жыныстык ағза.Анабездін орташа келемі: ұзындығы 4,5 см, көлденені 2,5 см, калындыгы 2 см, салмағы 7 гр шамасында. Овуляциямен, сары денелерге айналудың әсерінен пайда болган майда тыртыктардан анабез беті тегіс емес. Анабездің жатырлык (extremitas uterina) және жогаргы түтіктік (extremitas tubaria) ұштарын ажыратады. Жатырлык ұшы анабездін меншікті байламымен (1g ovarii proprium) косылган. Анабез кыска шажырқаймен (mesovarium) және анабезді ұстап тұрушы байлам (Ig suspensorium ovarii) аркылы бекітілген. Анабез сірлі кабыкпен капталмаган. Анабез жеткілікті жаксы козгалмалы аза. Анабезде, кіші жамбас қабырғасына іргелес латералды және жатырга караган медиалды беттерін айырады. Анабез беттері, артынан- бос (margo liber), ал алдынан шажырқайлык (margo mesovaricus) жиектерге жалғасады. Шажыркайлык жиегінде кішілеу ойыс түрінде анабез какпасы (hilus ovarii) орналаскан.
Анабездін кұрылысы. Анабез паренхимасы милык (medulla ovari) және кыртысты (cortex ovarii) заттардан тұрады. Милык зат агзанын орталык бөлігінде (какпага жакын) орналаскан, ол аркылы кантамырлармен нервтер етеді, ал кыртысты зат милык заттың шетін коршай орналаскан, оның ішінде жетілген анабез түйіншелерімен (folliculi ovarici vesiculosi), алғашқы анабез түйіншелері (folliculi ovarici primarii) бар.
Жетілген анабез түйіншелерінің іші және сырты дәнекертіндік кабыктардан (тектер) тұрады. Ішкі кабыргасы аркылы лимфа тамырлармен капиллярлар етеді.
Ішкі кабыгына ішінде ұрық жасушасы мен овоцит (ovocytus) төбешігі бар түйіршіктік кабат (stratum granulosum) жанаскан. Овоцит сыртынан мөлдір аймак және тәжді сәулелермен коршалған. Овуляция кезінде, жетілген фолликула, пісіп-жетілу барысында, біртіндеп анабездің сырткы кабығына жакындап келіп жарылады. ұрыктык жасуша іш куысына туседі де оны жатыр түтігі ұстап алып әрі карай жатыр куысына өткізеді. Жарылған фолликулдың орнына ішінде сары дене (corpus luteum) дамитын, канмен толған шұңкыр пайда болады. Егер жүктілік басталмаса сары дене етек кірлік (циклдік) деп аталып аз уакыттан кейін акшыл денеге (corpus albicans) айналады, ол өз ретінде біртіндеп өшіп кетеді. Егер жүктілік басталса (овоцит ұрыктанганда) онда сары дене жүктілік деп аталып екікабат кезеннің өне бойында эндокриндік без кызметін атқарады. сонында олда акшыл денеге айналады.
Анабез беті бірқабатты ұрыктык эпителиймен капталган. астында дәнекертіндік ак кабык (tunica albuginea) жатыр. Әр анабез жанында косалкылар (epoophoron) орналасқан. Қосалқы, ирелен пішімді бойлык және көлденен түтіктерден кұралған.
Анабездер, анабез артерияларымен жатыр артериясынын анабез тармактарымен камтамасыз етілген. Веналык агым. аттас артерияларымен қатар жүреді. Лимфа ағымы, белдік лимфа түйіндеріне барады.
Анабез ішкі ағзалык жамбас нервтерінен, колканын іштік бөлігі мен теменгі кұрсақасты өрімдерінен нервтенеді.
Достарыңызбен бөлісу: |