27.Шәует шылбыры, оның құрамды бөліктері. Шәует шылбыры Funiculus spermaticus Ол аталық безден ұмыға түсу кезінде пайда болады. Жалпы ұзындығы 15-20 см шамасында. Ал пішіні болса дөңгелек жіп тәрізді. Ол шап өзегінің терең сақинасынан яғни annulus inguinalis profunda –дан аталық бездің жоғарғы шетіне дейінгі аралықта орналасады. Шәует шылбыры алғашында іш қуысында дамитын атабездер, ұмаға түскеннен кейін ғана descensus testis дамиды. Шәует шылбырын ұмалық бөлікке (pars scrotalis) және шап бөлікке (pars inguinalis) бөлеміз. Сонымен қатар шәует шылбырының екі қабығы болады. Оларға ішкі шәует шандыры fascia spermatica interna және сыртқы шәует шандыры fascia spermatica externa.
Жалпы шәует шылбырының құрамдас бөліктеріне:
1. шәует шығаратын түтік ductus deferens;
Ол аталық без қосалқысының тікелей жалғасы болып табылады. Оның ұзындығы шамамен 50 см. Шәует шығаратын түтіктің қабырғасы қалыңдау болғандықтан, шәует шалбырының құрамында болғанда оның қабырғалары жабыспай, жақсы анықталып тұрады.
2. аталық бездің артериясы ( a.testicularis);шәует шығаратын
3. түтіктің артериясы ( a. ductus deferentis);
4. сабақ немесе сабау тәрізді веналық өрім ( plexus pampiniformis) ол веналық қан аталық безінің венасы ( v.testicularis) бойымен v v.renalis–ке жалғасады;
5. аталық бездің және шәует шығаратын түтіктің нерв өрімдері ( plexus nervorum deferentalis et testicularis);
6. лимфа тамырлары ( vasa lymphatica);
7. appendix testis-тың қосымшасы ( paradidymis) (шәует шылбырының ең төменгі бөлігінде орналасқан);
8. ішастардың қынаптық өсіндінің қалдықтары ( vestigium processus vaginalis peritonei);
9. дәнекер тін және шелмай.
10. бірыңғай салалы бұлшықет тіні;
Қорыта айтқанда шәует шылбыры –ductus deferens-тің құрамы бойымен өтетін, сыртынан қабықтармен қоршалатын және аталық без қосалқысы тамырлары мен нервтерінен құралатын анатомиялық құрымды кешен болып табылады.
28.Қуықасты без, құрылысы, қызметі. куыкасты безі (prostata), өзінен боліп шыгаратын сұйыктыгы шәует кұрамына кіретін, дараланган ацинустардан құралған так, безді бұлшыкеттік агза Куықасты безінің салмағы 25 гр-ға дейін, ал баска келем мелшерлері төмендегідей: Калындығы 2 см-ге дейін Ені 4 см-ге дейін Ұзындығы - 3 см-ге дейін. Без кіші жамбас куысында, несеп куыктын астында орналаскан. Простата аркылы несепшығаратын өзек етеді, ол бездін негізінен кіріп ұшынан шығады. Простатага шәует шыгаратын тутіктер енеді. Простатанын негізін (тубі) (basis prostatae), алдынғы (facies anterior), арткы (fasies posterior), төменгі бүйір (facies infralateralis) беттерін және ұшын (apex prostatae) ажыратады. Простатадан касага симфизіне бекітін ортаны және бүйір касага-куыкасты байламдары (Igg puboprostaticae) (m.puboprostaticus) және касага куыкасты бұлшыкеті. Простатанын арткы беті тік ішек кен жерінен (ампуладан) тік ішек-куыктык табакшамен (septum recto-vesicale) белінген. Простата сыртынан, бездін ішіне енетін калкалар басталатын тыгыз капшыкпен капталган. Простата саны 50-ге жететін улесиелерден кұралған. Үлесшелердің басым бөлігі бездін бүйір жоне арткы боліктерінде орналаскан. Ацинустардын бездік тутікшелері екі-екіден бір-бірімен косылып куыкасты тутіктерін тузеді (ductuli prostaticae). Простатаның алдыңғы бөлігі, несеп шыгаратын өзектін айналасында орналасып онын еріксіз кыскышын тузуге катынасатын бірынғай салалы бұлшыкеттен тұрады