АҚШ-тың дуниежүзіндегі рөлі. Панамериканизм және оқшаулану. АҚШ-тың 30-жж.сыртқы саясатына 1929-1933 жж.дүниежүзілік экономикалық дағдарыс пен күннен күнге күшейіп келе жатқан соғыс қауапты үлкен әсер етті. Қоғамдық пікірлер АҚШ-ты экономикалық және саяси оқшаулануға итермеледі. Бұл 1935 ж.бейтараптық туралы заңның қабылдануына әкеліп соқты. Бұл заң бойынша еуропалық саяси одақтарға қосылмау және соғысушы елдерге ешқандай әскери немесе экономикалық көмек бермеу керек деп белгіленді. Сондықтанда АҚШ-тың сыртқы саясатында 30-жж.соғыс басталғанға дейін Германия мен Жапонияның тарапынан жасалынған агрессиялық оқиғаларға "немқұрайды қараушылық" орын алып келді.
Дүниежүзінде болып жатқан өзгерістерді ескеріп, Ф.Рузвельт 1933 ж. КСРО-мен дипломатиялық қатынас орнату туралы шешім қабылдады. Бірақ КСРО-ға сенімсіздікпен қарау 1941 ж. дейін созылды.
АҚШ сыртқы саясатының артықшылықпен пайдаланған бағыты Латын Америкасы болды. Ф.Рузвельт құрлық елдермен қатынасты түбегейлі қайтадан құрды. Жаңа «қайрымды көрші» саясатының бұрынғы «үлкен шоқпар» мен «доллар диломатиясы» бағытынан айырмашылығы, ол латынамерикалық елдердің ішкі саясатына араласпау, өзара тиімді сауда және техникалық көмек көрсетуге негізделді. Бұл жаңа бағыт АҚШ-қа «американаралық жүйеде» үстемдік орнатуға мүмкіндік берді.
Екінші дүниежүзілік соғыс басталғанша оқшауланушылық үкімет саясатының жетекші бағыты болып келді. Кейіннен Ф.Рузвельт бейтараптық туралы заңның қателік болғандығын, өйткені оның агрессорларға көмектесіп, олардың құрбандарын қажетті көмектерден айырғандығын мойындады.
Достарыңызбен бөлісу: |