19 ғ. аяғы мен 20 ғ. басындағы Европа елдері


«Жаңа бағыт» реформалары. Мемлекеттің жаңа міндеттері



бет76/171
Дата23.06.2020
өлшемі0,87 Mb.
#74420
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   171
Байланысты:
ЛЕКЦИИ по ВСЕМИРКЕ

«Жаңа бағыт» реформалары. Мемлекеттің жаңа міндеттері. Наурыздың басында конгрестің бірінші сессиясы өз жұмысын бастады. Үш айдың ішінде конгресс көптеген заңдар қабылдады. Олардың мәні Америка мен бүкіл капиталистік дүниенің тарихында бұрын болып көрмеген кең көлемде экономиканы мемлекеттік реттеу болды. Барлық шаралардың төтенше сипатта, американдық ауқымды түрде іске асырылуы президенттің жеке басының батылдығы мен шешімділігін көрсетті.

Президенттің алғашқы шаралары банк жүйесін тұрақтандыру және жұмыссыздарға көмек көрсетуді ұйымдастыру, федералдық ауқымда, штаттар мен мен муниципалитеттерде көмек көрсету жөніндегі тиісті мемлекеттік мекемелерді құру болды. Бұл мақсаттар үшін көмек көрсететін Төтенше федералдық ұйым құрылып, ол мұқтаждар арасында үлестіру үшін 500 мың доллар жұмсады. Кейіннен Рузвельт мақтан тұтқан маңызды мәселе қалалардағы жұмыссыз жастар үшін орманды аудандарда лагерьлер құру болды. Бұл бағдарлама резервтерді сақтаудың Азаматтық корпусі деп аталды.

Жыл сайын лагерлерде 500 мыңдай жұмыссыз жастар орналастырылып, баспана, тамақ, киім және күніне бір доллар алып тұрды. Олар ағаш егу, ормандарды тазалау, мелиорация, тоғандар қазу, ұлттық парктер мен қорықтарды көріктендіру, жол, көпір салу т.б. Жұмыстармен айналысты. Мысалы, Канадамен шеккарадан Техас штатына дейін орман қорғау белдеуі жүргізіліп, оған 200 млн.түп тал отырғызылды.

Рузвельттің екінші бір төл перзенті – ол Теннесси өзеннің алқабында орналасқан жеті штаттың жерін қамтитын географиялық аймақтың кешенді экономикалық дамуының орасан зор жоспары болды. Бір кездерде бір жерлерде мақта өсіретін алқаптар болған еді, бірақ келе-келе топырақ тозып, ормандарды кесу эрозияға алып келді. Рузвельт бұл апат шегуші аймақты өзенде электростанциялар жүйесін салатын, топырақ азуымен күрес жүргізетін ормандық қорғау жолақтарын салатын, кедейшілік тақсіретін тартып отырған фермерлерге көмек көрсететін, жұртты жұмыспен қамтамассыз ететін, түбінде олардың тұрмыс жағдайын көтеретін қуатты мемлекеттік корпорация құру жолымен қайта түлеткісі келді.

Жеке кәсіпкерлік аясында Теннесси аңғарын қайта жаңғыртқан аса қуатты мемлекеттік корпорация пайда болды. 25 электр станциясы салынып, өзенде кемелер жүзетін болды, жас орман желектері көтеріліп, топырақ тозуы тоқтатылды, жұрт еңсесін көтеріп, тұрмыс жақсарды.

Уақытша көмек көрсету шараларының қажет екендігі жұрттың көпшілігіне түсінікті болды, бірақ былықтың ең басты себебі тыйымсыз кеткен бәсекені қайта тоқтату керек? Экономиканы қалай еткенде қалпына келтіріп, тұрақты жұмыс істетуге болады? Қажетті көп шаралардың бірі ретінде күштеп картелдендіруді енгізу ұсынылды. Рузвельт бұл идеяны бірден қағып алды. Сөйтіп, Ұлттық-өнеркасіпті қалпына кетіру туралы заң (НИРА) шығарылды.

Өнеркәсіпті қалпына келтіру туралы заң үш бөлімнен тұрды. Бірінші бөлімінде «адал бәсеке кодексін» енгізу қарастырылды. Белгілі бір саланың кәсіпкерлері стол басына отырып, оларды тең жағдайларға қоятын өнім шығару шарттарын жасауға тиісті болды.

Бұл бәсеке күштеп шектеу қою еді: өндіріс көлемімен баға рынок мөлшерін ескере отырып тағайындалды, бұл өндірілген өнімдердің сатылуына мүмкіндік туғызды. «Адал бәсеке кодексін» президент бекітіп, ол заң күшіне енді. Мұндай кодекстер АҚШ өнеркәсібінің 95 % қамтыды. Өндіріс көлемі мен тұтыну рыногінің көлемдерінің арасындағы тепе-теңдік өнеркәсіптің дағдарыстан шығуы жолындағы алғашқы адым болды.

НИРА-ның екінші бөлімі кәсіпкерлер мен жұмысшылардың өзара қатынастарын реттеді. Заңның бір бабында кәсіподақтарды тану, жұмысшылардың кәсіпкерлерімен келіссөздер жүргізуге және жұмысқа жалдану мен жұмыс жағдайлары туралы ұжымдық шарттар жасасуға құқығы қарастырылды. Кәсіпкерлерге өздерінің «компаниялық» қолшоқпар кәсіподақтарын құруға және «арам еңбек тәжірибесін» қолдануға тиым салынды.

1935 ж. НИРА-ның осы баптарының негізінде Еңбек қатынастары туралы акт (Вагнер заңы) қабылданды. Ол ұжымдық-шарттық тәжірибені АҚШ-тың ұлттық саясаты ретінде мойындады. Бұл 30-жж. АҚШ-та өндірістік кәсіподақтардың құрылуына үлкен серпіліс берді.

Дағдарысқа қарсы шаралардың үшінші бөлігі қоғамдық жұмыстар мен мемлекеттік өнеркәсіп, әскери және т.б. объектілерді салуға ірі көлемде қаржы бөлуді қарастырды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   171




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет