19 ғ. аяғы мен 20 ғ. басындағы Европа елдері



бет72/171
Дата23.06.2020
өлшемі0,87 Mb.
#74420
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   171
Байланысты:
ЛЕКЦИИ по ВСЕМИРКЕ

1336 ж. сайлаудағы Халық майданының жеңісі. 1936 ж. сәуір-мамыр айларында өткен кезекті парламент сайлауына коммунистер, социалистер, радикалдар және Халык майданының баска да ұйымдарының өкілдері жалпы бағдарлама ұсынып, бірігіп қатысуға шешім қабылдады.

Бағдарламаның саяси бөлімінде фашистік лигаларды қарусыздандыру және тарату, ал экономика бөлімінде жүмыс аптасын қысқарту, коғамдық жұмыстар ұйымдастыру, жүмыссыздар мен шаруаларға көмек көрсету, каржы жүйесін сауықтыру, салық реформасын жүргізу, Француз банкін мемлекет карауына алу және басқа да демократиялық әлеуметтік өзгерістер жасау талаптары койылды.

Сайлау бұрын-соңды болмаған ынталылык пен белсенділік жағдайында өтті. Халық майданы үшін сайлаушылардың 57% дауыс берді. Ол Ұлттық жиналыстағы орынның 2/3 алды. Франция тарихында түңғыш рет үкіметті социалист Леон Блюм басқарды. ФКП басшылығының шешімі бойынша коммунистер үкімет құрамына енуден бас тартты.

Халық майданының жеңісін француздар зор қуанышпен қарсы алды. Олар бұл жеңіске өздерінің әл-ауқаты мен тұрмыс жағдайларын жақсартады деген үміт артты. Еңбекші бұқараның көптеген бөлігін билеп алған көтеріңкі-кызу көңіл-күй, жақын арада болатын өзгерістерді тағатсыздана күту бүкіл елді камтыған жаппай ереуіл козғалысынан керініс тапты. Блюм үкіметі кәсіподақтармен келіссөздер жүргізіп, ол Матиньон келісімін кабылдаумен аяқталды. Бүл келісім бойынша еңбекақы орта есеппен 7-15%-ке, ал кейбір жалақысы төмен категориядағыларға 2-3 есе көбейтілді. Ұжымдык келісімдер жүйесін дамыту, кәсіподақтардың құқын корғау т. б. шаралар белгіленді.

Л. Блюм үкіметі парламент аркылы фашистік лигаларға тыйым салу және саяси тұтқындарға кешірім жасау туралы екі маңызды заң өткізді. Нефашистік әскери ұйымдарға тыйым салынды. 40-сағаттық жұмыс аптасы, ақылы демалыстар мен ұжымдық келісімдер туралы заңдар қабылданды, баска да әлеуметтік шаралар іске асырылды. Үкімет соғыс өндірісінің бір бөлігін және теміржолдарды, Француз банкін мемлекет қарауына алатындығын мәлімдеді.

Митингілер мен жиналыстарда жалпы коғамдық өрлеу жағдайы байқалды. Сол оқиғаларды көзбен көрген куәлердің бірі былай деп жазды: "Барлык үлкен жиналыстар ерекше қуанышты өрлеу жағдайларында өтіп жатты. Оған қатысқандар алған әсерлерін осы күнге дейін ұмытпаған болар. Аккордеон ойнап тұр. Адамдар бір бірімен иықтарын тіресіп тұр. Олар салған әннен өмірге деген сүйіспеншілік, үміт пен куаныш лебі есіп тұрды". Халық майданы козғалысының шыңы 1936 ж. 14 шілдедегі Бастилияны алу күнін мерекелеу болды. Париждегі шеруге 1 млн адам, оның ішінде Л. Блюм бастаған үкімет мүшелері де қатысты.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   171




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет