2. Франция 30 жж. Халық майданы.
1934 ж. 6 ақпандағы француз фашистерінің мемлекеттік төңкеріс жасауғаәрекеті бүкіл елді дүр сілкіндірді. Аса қауатты антифашистік қозғалыс басталды.
12 ақпанда солшыл партиялар мен кәсіподақтардың үндеуімен жалпыұлттық ереуіл ұйымдастырылып, оған 4,5 млн. адам қатысты. Тек Париждің өзінде ғана шеруге 150 мыңдай кісі (коммунистер, социалистер, радикалдар, партияда жоқтар) шықты. Антифашистік күштердің кең ауқымды одағын құру мүмкіндігі туды.
Францияның ұлттық мерекесі Бастилияның алынған күні, 1935 ж. 14 шілдеде, Парижде 500 мың адам қатысқан шеру болды. Шерудің басында компартияның басшысы Морис Торез, социалистердің басшысы Леон Блюм және радикалдардың басшысы Эдуард Даладье қатар келе жатты. Шеру үлкен митингімен аяқталды, оған қатысушылар «фашистік лигаларды қарусыздандыру және тарату үшін, демократиялық бостандықтарды құру және дамыту және жалпыға бірдей бейбітшілікті қамтамасыз ету үшін бірлігімізді сақтаймыз" деп салтанатты ант берді. Бұл шеру мен көпшілік митингісі Халық майданының құрылғандығының белгісі еді.
Құрамына Францияның ірі партиялары мен үйымдарынын өкілдері кірген Халық майданының ұлттык комитеті құрылды.
Достарыңызбен бөлісу: |