Нацистерді билік басына келтірмеу мумкін бе? 1932 ж. Қарашадағы сайлаудың қорытындыларының кестесінен көрініп тұрғандай, ГКП мен ГСДП сайлаушылардың 37 пайызы қолдауына ие болды, яғни нацистерден көп дауыс жиналды. Парлпментте олардың 220 орнгы болса , нацистердікі 200 ғана болды. Бірақ біріншіден, коммунистер мен социал-демократтар фашизм қаупін жете бағалай алмады. Екіншіден, (бұл басты мәселе еді) екі партияда Қараша революциясынан бергі уақыттың ішінде бір-бірімен жауласып келді. Коммунистер және Коминтерн түгелдей социал-демократтардан іргелеріне аулақ салу және фашизмге қарсы күресте солшыл партиялармене одақтасудан бас тарту сияқты қате тактика ұстанды. Компартия социал-реформистік партияларды фашизмнің «сол қанаты» деп санады. ГСДП өз кезегінде коммунистерді сынап-мінеп жатты. Сектанттық солшыл күштердің бастарының бірікпеулеріне себеп болды. Соңғы уақытқа дейін Гитлер билік басына келгенше коммунистер социалистік революция ұранын тастамады. Ал бұл кезде Франциядағыдай, Германияда да балама басқаша еді – фашизм, не демократия.
Солшыл жұмысшы партиялардыңараларындағы алауздықтар және олардың Германиядағы жағдайы дұрыс бағаламауының еәтижесінде жаңа саяси бағыт іздеген орта тап өкілдерінің көпшілігі нацистерге бет бұрып, оларды көпшілік қолдауымен қамтамасыз етті.
Достарыңызбен бөлісу: |