Рейхстаг сайлауы (мамыр 1928ж. – қараша 1932 ж.)
-
Партиялар
|
20.V.1928ж
|
14.XI.1930 ж
|
31.VII.1932 ж
|
06.X.1932 ж
|
ГКП
ГСДП
Орталық т.б.
НСДАП
|
11
30
40
2,6
|
13
25
25
18
|
15
22
20
37
|
17
20
15
33
|
Кестеден 1932 ж. Соныңда дағдарыстң нағыз қайнап тұрған тұсында сайлаушылардың ықыласы солшыл партиялар (ГКП және ГСДП) мен нағыз оңшыл, фашистік НСДАП арасында тең бөлінгендігін көреміз. Орталық қатты тарылып, дербес қимылдауға әлсіз болып қалды.
Нацистердің ықпалы неліктен былайша күрт өсті? Бұл тұрғыдан екі жағдайды атап өтуге болады, партияның өзінің қимыл-әрекеттерінің белсенділігі, оған ірі бизнес тарапынан қаржылай көмек көрсетілуі және сайлаушылардың міне-құлықтарының әлеуметтік-психологиялық бағытталуы.
Экономикалық дағдарыс Веймар республикасының саяси іргетасын шайқалтты. Елдегі мүшкіл хал үшін кінаны республикалық режмиге, ең алдымен ГСДП артты. Дағдарысқа дейін нацистердің идеологиясы аса қолдау таба қоймады. Бірақ дағдарыс пен оның әлеуметтік салдары тереңдеген сайын сайлаушылардың көпшілігінің ниеті өзгеріп сала берді.
Нацистік насихаттың күшті құралы ұлтшылдық және жұмысшы партиялардың құжыттарынан алынған әлеуметтік әділеттілік туралы, еңбексіз табыстарды жою, қоғамды революцичлық жаңарту, трестерді мемлекет қарамағына алу, алып-сатарлық пен өсімқорлықты жою т.б. ұранда болды. «Ұлттық социализмді» ұағыздай отырып , НСДАП жалпыұлттық мүдені білдіруші рөліне тырысты, бірақ оны тек қана тандаулы арий нәсілінің мүддесі деп таныды. Күшке табыну, нәсілдік артықшылдық, антисемитизм және жау бейнесін орнату нацизм және жау бейнесін орнату нацизм идеологиясының ажырамас бөліктері болды. Нацистердің әлеуметтік көпірмелігі қоғамның әртүрлі топтарына арналды. Жұмысшыларға толық жұмыспен қамту, орта топтарға дені сау орта қауым құру, жері аз шаруаларға шығыстан жер беруге үәде естілді. Бұл үәделер пирамидасының шыңы жаңа дүниежүзілік тәртіп орнату идеясы болды.
Сатылы ұйымдық құрылым мен ішкі қатаң тәртіп НСДАП-нің ерекше белгілері болды. Жоғарыдан төменге дейін «фюрерлік» принцип бойынша құрылған нацситік партияның арнайы әркериленген отрядтары (СА – шабуылшы отряды) болды. Олар фашистердің митингілері мен шерулерін еүзетіп қана қоймай, срнымен бірге солшыл партиялар мен кәсіподақтарға қарсы күрес пен қастандықтар дасау құралына айналды.
1932 ж. Күзде өткен сайлаудың кестеде келтірілген қорытындыларынаң көрініп турғанда», осы кезде фашисттік партия өзінің ықпалын жоя бастады. Осы кезде яГермания үкіметінің басшысы ген.Шлейхер болатын. Оның рейхсверде ықпалы болғанымен, ел ішінде беделі болған жоқ. Срондықтан әскери диктатура орнату нұсқаының болашағы жоққа тән ьолды. Ірі бизнес топтарында елдегі билікті НСДАП-қа дәне осы кезде озын танымал шешен ретінде көрсетіп үлгерген оның жетекшісі Адольф Гитлер беру туралы шешім пісіп жетілді.
1933ж. 30 қантарда Гинденбург Гитлерге үкімет құрамына ұсынуды тапсырды. Германияда билік басына нацизм келді.
Достарыңызбен бөлісу: |