Сабақтың тақырыбы: Неліктен «Алаш» партиясы халық қолдауына ие болды? оқу мақсаттары



Дата07.02.2022
өлшемі0,57 Mb.
#90983
түріСабақ
Байланысты:
8 Б

Газетте не туралы жазылуы мүмкін? Бұл газет қоғамда қандай рол атқарды деп ойлайсыңдар? Газеттің шығуына кімдер атсалысты? Газеттің қазіргі газеттерден қандай айырмашылығы бар?

  • «Қазақ» газеті 
  • Сабақтың тақырыбы:
  • Неліктен «Алаш» партиясы халық қолдауына ие болды?

оқу мақсаттары:

  • «Алаш» партиясының ұлттық мемлекеттілікті жаңғыртудағы саясатын талдау;
  • ұлттық баспасөздің қоғамдық-саяси сананы оятудағы рөліне баға беру.

Зерттеу сұрақтары:

  • Зерттеу сұрақтары:
  • «Алаш» партиясы ұлттық мемлекеттілікті жаңғыртуда қандай саясат жүргізді?
  • Ұлттық баспасөздің қоғамдық-саяси сананы оятудағы рөлі қандай?
  • 1917 жылы 21-26 шілде күндері Орынборда бірінші Бүкілқазақ съезі болып өтті. Съезде “Алаш” партиясы құрылып, бағдарлама жобасы ұсынылды. Алаш партиясының төрағасы Ә.Бөкейханов болды.

«Қазақ» газеті 

  • 1913-1918 жылдары Орынбор қаласында жарияланып тұрған қоғамдық-саяси және әдеби-мәдени басылым. №1 1913 жылы 2-ақпанда шыққан. Редакторы – А.Байтұрсынов

Талдау мен зерттеу

  • Талдау мен зерттеу
  • 1-тапсырма. Бейнематериалды тыңдап, сұрақтарға жауап беру. (Д/Ж)
  • https://www.youtube.com/watch?v=ejhxtmMSn4A Алаш партиясы
  • Сұрақтар:
  • Алаш партиясы қалай құрылды?
  • Алаш партиясына қандай саяси қайраткерлер мүше болды?
  • Алаш партиясы мен Алашорда үкіметі қандай істермен айналысты?
  • Алаш зиялыларының ұстанымдары қандай еді?
    • Дескрипторлары:
    • Алаш партиясының құрылған уақытын, құрылу үрдісін біледі.
    • Алаш партиясына мүше болған саяси қайраткерлерді атайды.
    • Қазақ зиялылардың саяси көзқарастары, ұстанымдарын түсіндіреді.
    • Алаш партиясы мен Алашорда үкіметі айналысқан істерді атайды.
  • Сұрақтар:
  • 1.Алаш партиясы қалай құрылды?
  • 2.Алаш партиясына қандай саяси қайраткерлер мүше болды?
  • 3.Алаш партиясы мен Алашорда үкіметі қандай істермен айналысты?
  • 4.Алаш зиялыларының ұстанымдары қандай еді?
  • Ықтимал жауаптарға назар аударайық:
  • Алаш партиясының құрылу үрдісі 1917 жылдың шілдесінде, І жалпықазақ съезінде өтті. Оған барлық облыстардың өкілдері қатысты.
  • Алаш партиясына мүше болған саяси қайраткерлер ішінде Ә.Бөкейхан, А.Байтұрсынов, М.Жұмабай, Ш.Құдайбердіұлы, Ә.Ермеков, Ж.Досмұхаметұлы, М. Тынышбаев. т.б. бар.
  • Алаш партиясы мен Алашорда үкіметі қазақ халқының тәуелсіз мемлекетін құру істерімен айналысты. «Қазақ» газетін шығарып, өз идеяларын мақалалар арқылы халыққа таратты.
  • Қазақ зиялыларының саяси көзқарастары – тәуелсіз республика құру. Ұстанымдары – қоғамның жағдайын жақсарту, демократиялық мемлекет құру, адамдар теңдігін сақтау., қазақ халқының жер мәселесін шешу.

2-тапсырма. Дереккөзімен жұмыс. (Д/Ж)

  • 1.«Алаш» партиясының бағдарламасын талдап мақсаты мен міндетін анықтап, жазылған кестені толықтыру .2. Салыстыру нәтижесі бойынша қорытынды ой-түйін жазу (қосымша 1.)
  • Алаш партиясының ерекшеліктері, негізгі ұстанымдары
  • Ортақ белгілері
  • Өзге партиялар
  • (Үш жүз партиясы)
  •  
  •  
  •  
  •  
  • Қорытынды ой:
  •  
  • Дескрипторлары:
  • Бұл деректер қашан және қайда жазылған?
  • Қоғамдық өмірдің қандай салалары қамтылғандығын
  • басқа партиялардың бағдарламасымен салыстыра бағалайды.
  • Құжат қандай қоғам топтарының мүддесін қорғаған?
  • Салыстыруды қорытындылап, ой-түйін жазады.
  • ПТМС –формуласы бойынша «Қазақстанда саяси белсенділік артты...» өз пікірлерін негіздеңіз.
  • Позиция: (менің пікірімше ....)
  • Түсіндіру: (себебі ...)
  • Мысалы: (мен оны келесідей дәлелдей
  • аламын ...)
  • Салдарлары: (айтылғандардың негізінде,
  • келесідей қорытынды жасаймын ...)


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет