Семинар, пікірталас Өтілу барысы Мұғалім ׃ Сәлеметсіздер ме, құрметті оқушылар!



Дата12.09.2020
өлшемі19,84 Kb.
#63639
түріСеминар

Бала және отбасы құқығы

Мақсаты׃ бала және отбасы құқығы жайлы халқаралық құжаттармен таныстыру, баланың құқығы мен міндетін, отбасындағы бала құқығын, ата−ананың міндетін айыра білуге, құқық талаптарын орындауға бағыттау.

Көрнекілігі׃ тақырыпқа жазылған плакаттар, нақыл сөздер, оқушының міндеттері мен мақсаты жазылған қағаз

Әдісі ׃ семинар, пікірталас

Өтілу барысы

Мұғалім׃ Сәлеметсіздер ме, құрметті оқушылар!

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев 1995 жылғы маусым айында елімізде «Жаппай құқықтық білім беруді жүзеге асыру жөніндегі шаралар» туралы қаулы қабылдаған болатын. Содан бері атқарылған жұмыстар нәтижесінде Қазақстан құқықтық мемлекет болып табылады. Құқықтық мемлекетте азаматтық қоғам мүшелерінің құқықтық санасы мен мәдениеті жоғары болу керек. Құқықтық сана деп отырғанымыз׃ құқықты білу, құқықты түсіну, құрметтеу, азаматтық құқық талаптарын орындау.

1 Баланың негізгі құқықтарымен таныстыру

2 Оқушылардың құқықтары және міндеттерімен таныстыру
І-топтың тапсырмасы׃

Компьютер ойнауға ақша таба алмай отырған Ерлан мен Марат біраз ақылдасты. Ерланның есіне асханада ақшасын майдалатқан Қайрат есіне түседі. Сол Қайратты қорқытып, ақшасын тартып алу керектігін Маратқа айтады. Сол мезетте келе жатқан Қайратты Марат алдап шақырады. Ойында арам ойы жоқ Қайратты Ерлан артынан келіп бас салып, ақша тауып беруін талап етеді. Алғашқыда ойын екен деп ойлаған ол, ақшасының жоқ екендігін айтса да, соңынан бұл істің қалжың еместігін ұғып, қалтасындағы бар ақшасын бере салады. Аман−есен құтылғанына қуанған ол анасына айтатындығын ескертеді. Ерлан мен Марат егер бұл істі біреуге айтса, онда жақсылық болмайтындығын жақсылап ұғындырады.

Сұрақтар׃


  1. Осы көріністе баланың қандай құқығы шектелген?

  2. Ерлан мен Марат қандай қылмыс жасады?

  3. Саған ақша жетпей жатса не істер едің?


ІІ-топтың тапсырмасы׃

Нұрлан 5-сыныпта оқиды. Нұрланның білім алуға талабы жақсы. Оқыса жақсы оқитын оқушылар қатарынан орын аларлық қабілеті бар. Бірақ ата−анасының тәрбиесі баланы дұрыс жолдан тайдырады. Нұрланның ата−анасы бала тәрбиесіне жауапсыз қарайды. Баланы сабақтан жиі қалдырады, кейде тіпті апталап қалдыратын кездері болады. Мектепте, сыныпта ата−аналарға арналған жиындарға мүлдем келмейді.Сынып жетекшісі осы жағдайға байланысты Нұрланның үйіне барып, ата−анамен бірнеше рет әңгіме жүргізгенмен еш нәтиже шықпайды. Ата-анасы құрғақ уәде беріп шығарып салады. Бір жетіден соң жаңағы жағдай қайта қайталанады. Білім алу баланың басты міндеті бола тұра, соны орындауда ата – анасы салғырттық танытады.

Сұрақтар ׃


  1. Нұрланның ата−анасының қылығын қалай бағалайсың?

  2. Сынып жетекшісінің орнында болсаң не істер едің?

  3. Ата−анаң бармай-ақ қой десе, немесе ұйықтап, қалып бара жатсаң не істер едің?


ІІІ-топтың тапсырмасы׃

6-сыныпқа жаңадан оқушы келеді. Өзін ересек сезінді ме, Қанат өз сыныптастарымен араласпай жоғары сынып оқушыларымен дос бола бастады. Ең алғашқы темекі шегуді де сол достары үйретті. «Немене жігіт емессің бе?!» деген сөздеріне намыстанып, жүрегі айнып, құсқысы келсе де шекті. Сыра арақ емес деп, сыраны да ішкізді. Бір күні топ болып біреудің үйіне ұрлыққа түсті. Көршісі байқап қалып, полиция бөліміне қоңырау шалды. Полиция келгенін естіп балалар жан − жаққа қашып кетті. Тек Қанат қаша алмай, полицияға ұсталып қалды.



Сұрақтар׃

  1. Қанаттың достары қандай балалар?

  2. Қанаттың тағдыры қандай болады?

  3. Қанат қандай қателік жіберді?

Каталог: uploads -> doc -> 02af
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
02af -> Қазақ тілі пәнінен емтихан билеттері (6-сынып) №1 емтихан билеті
02af -> Сабақ Пәні: Ана тілі Тақырыбы : «Нағыз адам»


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет