Ш.Мұртазаның «Бесеудің хаты» атты драмасына арқау болған — ел басына түскен азапты күндер, қолдан жасалған аштықтан қырылған екі миллион халықтың тағдыры. Драматург сол кездегі өкімет басшыларымен, оның қасындағы жандайшаптардың бейнесіне жан бере суреттейді. Әр кейіпкер өзінің сөзі арқылы танылып жатады.Қасіретті қолдан жасап отырған Сталиннің теріс саясатын, асыра сілтеп отырған Голощекиннің көрсоқырлығын жазушы Ғ.Мүсірепов (негізгі кейіпкер) ашына жеткізеді.
Ш.Мұртазаның драматург ретіндегі шеберлігінің өзі сонда, ол кейіпкерінің мінез-құлқын ғана ашып қоймайды, оның жандүниесін көрсетеді, оқушы кейіпкердің даусын естиді.
Қазақ зиялылары 1932 жылы 4 шілдеде БК(б)П Қазақ өлкелік комитетінің бірінші хатшысы Ф.И. Голощекинге қазақ халқының бастап кешіп отырған трагедиясы туралы хатын жолдады. Бастапқыда бұл хат И.В. Сталинге арналып жазылған. «Бесеудің хаты» деген атпен тарихта қалған бұл хат Республикадағы мал шаруашылығының күйрегендігі салдарынан елді алапат ашаршылық жайлағандығын айтып сақтандырған алғашқы дабылдардың бірі болды.
Шығармағы сатылай кешенді талдау:
Ш.Мұртаза«Бесеудің хаты»
Авторы: Ш.Мұртаза
Тақырыбы:Қасіретті қолдан жасап отырған Сталиннің теріс саясаты, асыра сілтеп отырған Голощекиннің көрсоқырлығын жазушы Ғ.Мүсірепов бастаған халық қалаулылары ашына жеткізуі,қуғын-сүргін.
Әдеби жанр: драмалық тарихи туынды.
Эпикалық жанр түрі: пьеса
Негізгі идеясы: ел басына түскен азапты күндер, қолдан жасалған аштықтан қырылған екі миллион халықтың тағдыры.
Шығарманың композициялық құрылысы:
1.Шығарманың басталуы: Елдегі қиын жағдайды, аштықты өз көзімен көруі.
2.Шығарманың дамуы:Ғ.Мүсірепов бастаған бесеудің Сталинге хат жазуы.
3.Шығарманың байланысуы: Хаттың жолда ұсталуы
4. Шығарманың шиеленісуі: Голощекиннің Сталин алдындағы есебі,
коллективизацияны тездетуді тапсырды.
5.Шарықтау шегі:Хаттың Голощекин қолына түсіп, бесеуін Крайкомға,бюроға шақырылуы.
6.Шығарманың шешімі:Бюро шешімімен бесеуінің ату жазасына кесілуі
Шығармадағы кейіпкелер:
1.Жағымды: Тұрар Рысқұлов
Нұрхан ақын
Балым
Хұсни
Ғабит Мүсірепов,
Мансұр Ғатаулин,
Мұташ Дәулетқалиев
Қадыр Қуанышев
Емберген Алтынбеков
2. Жағымсыз:И.В. Сталин
Ф.И. Голощекин
Құрамысов
Иванов
Жантоқов
Елеусіз
Қарабаев
Исаев
Цербер
Әдеби теориялық ұғымдар:
Ирония-жазушысымақ,
Теңеу: өрт сөндіретіндей,тұяғы күйген тауықтай,
Құбылту: басбұзар ұлтшылдар,қорқаулар,екіжүзділер
Дисфемизм: оңбағандар,өтірікші,жалақор,бәлеқор,
Метафора: қайрат-қыран, қайғы-жылан