Ахмет Байтұрсынұлын Мұхтар Әуезов 20-ж



Дата08.06.2018
өлшемі0,65 Mb.
#42005
Ахмет Байтұрсынұлын Мұхтар Әуезов 20-жылдардың өзінде-ақ «қазақ халқының рухани көсемі» деп бағалаған болса, осы бағаны бергізген оның өз халқын мәдениетті елдер катарына косу жолында жүргізген саналы күресі мен кыруар еңбегі еді. Бұл еңбек 1896 жылдардан бастап бала оқытудан бермен қарай, 1906 жылдары Россия «Кіндік үкіметіне» жазылған петициядан, редакторы болып, «Қазақ» газетін шығарып, оның бетінде мәселелер көтеруінен, қазақ балаларын ана тілінде сауаттандырып, әрі карай ана тілінде окыту үшін жүргізген күресінен, ең соңғысы сол ана тілінде окытатын окулықтар жазуынан, халық ағарту кадрларын дайындап, жас қазақ интеллигенциясы өкілдерін баулуынан танылады.

Миллиондаған адамы бар халыктың рухани жетекшісі болатын адам белгілі бір идеяларды алдына мақсат-мұрат етіп койып, оларды сол халықтың әлеуметтік-мәдени өміріне жарататын іс-әрекеттерге баруы керек екені белгілі. Әрине, ондай адам кайтсем осы бағаға ие болсам деп, атақ-лауазым үшін әрекет етпейді, халқы үшін, халықтың мәдени-рухани дүниесін көтеру үшін кызмет етеді.

Ахмет Байтұрсынұлын үстіміздегі ғасырдың алдыңғы онжылдықтарындағы қазақ кауымы көшінің рухани басшысы етіп танытқан — оның қазақ халқын «іргелі жұрт» катарына қосу үшін жүргізген күресі және сол күресте ұстаған бір қаруы — ағартушылык идеясы болды.

Тіл халыктың этникалык тұтастығын сақтайтын, оның әлеуметтік тағдырына тікелей қатысатын кұралдың бірі ғана емес, бірегейі екенін өткен ғасырдың екінші жартысынан бастап-ақ туған елінің болашағы мен кешіп отырған күніне үңілген казақ зиялылары жақсы таныған еді. «Кел, балалар, оқылық!» деп жар салып, мектептер ашқан ұлы ағартушы Ыбырай Алтын- сариннен басталған бұл ағым үстіміздегі ғасырдын басынан, әсіресе 1905 жылғы демократиялык төңкерістен кейін әлеуметтік-саяси үн алып, белгілі бір қоғамдық ой-пікір мен іс-әрекетке айналғаны белгілі.

Оқу-ағарту идеясы — А. Байтұрсынұлының да қоғамдық кызметінің арқауы, азаматтық борышының негізі, идеологиялық платформасының тіреуі болды. Бұл платформаны мықтап ұстауға алып келген — оның өз халқының тағдырын ойлаған қам-карекеті. XX ғасырдың басындағы қазақ қоғамы — тәуелділік күн кешіп отырған, білім-ғылымнан кенже калған, мал бағып, марғау жатқан отар ел болатын. Халқы үшін сол кезде бебеу қаққан ойшылдардың көзімен, сөзімен айтқанда, бұл тұстағы қазақ халқы «көгі қараңгы», «көңілі ұйқылы», «еспесі жоқ қайыгы қалтылдақ», «малы талауда, жаны қамауда» болған «қайран ел. қайран жұрт» еді. Сол жүртка «Оян,қазақ!» деп, Міржақып Дулатов жар салса, «көгі жоқ, көгалы жоқ қырға адамдықтың тұқымын шашып», «ұйықтап жатқан қазақты. сары маса боп ызыңдап оятуға» Ахмет Байтурсынұлы шықты. «Қараңғы қазақ көгіне өрмелеп шығып күн болуға» талант күшін Сұлтанмахмұт төксе, өнер-білім мен мәдениеттен құр қалып бара жаткан халқының халіне «Ай, қап!» деп санын соға өкінген, өкіне тұрып сол халді түзеу жолына Мұхаметжан Сералиндер баспасөзді жұмсады. Демек, қазақ халқын әлеуметтік теңдікке, адамзаттық мәдениетке жеткізетін, жалпақ тілмен айтканда, «ел қатарына қосатын» амал-әрекеттің бастысы — «түгел қазақты» сауатты етіп, көзін ашу, надандықтан арылту болды. Ахаңның тілімен айтканда, «надандық, өнерсіздік ата жолдасымыз болган соң, олжалы жер­де үлестен қағылғанымыз, ордалы жерде орыннан қагылганымыз, жоралы жерде жолдан қағылғанымызбәрі надандық кесапаты». «Өрге басқан өзге жұрттың қатарынан қалыспау үшін» оқу-ағартуға құр шақырып қою, тіпті сол кездегі үгіт-насихаттың мықты құралыпоэзия тілімен ха- лықтың ұлттык намысына тию де енді жеткіліксіз болды. Енді оку-ағар- туды жүзеге асыратын нақты іс-әрекеттерге көшу саясаты басталды.»

Халықты ағарту мектептен, баладан басталады. А. Байтұрсынұлы қазақ балаларының әйтеуір көзі ашылып, сауатты болуын емес, ана тілінде сауат- тануын, содан барып өзге, айталық, орыс мәдениетіне, тіліне қол созуды табанды түрде қояды. 1913 жылдардың өзінде ол «Қазақ» газеті трибунасын пайдаланып, қазақ қоғамына оқу-білімнің кажеттігін халыктың экономикалық тұрмыс жағдайымен байланыстырып дәлелдейді. Ахмет Байтұрсынұлының бұдан 90 жылдай бұрын байқап-түйгендері, айтқан пікірлері дәл бүгінгі күні айтылып жатқан проблемаларымызбен үндес келеді. «Қазақ жерінде өндіріс жоқ, шикізатын сатады, сол шикізатынан жасалған өнімді екі-үш есе қымбат түрде сатып алады. Бұлнадандықтан келген кемшілік.»

Ахаң өмірінің алғашқы қадамдарын бала оқытудан бастайды. Ол елдің санасын көтеруден бүрын сауатын ашу қажет екеніне мектепте сабақ бере жүріп әбден көзін жеткізеді. Сауаташар «Әліп-би» мен тіл үйретер «Тіл құралын» жазу үшін графика және қазақ тілінің дыбыстық жүйесін дұрыстап алу қажеттігін сезінеді.

«Айқап» журналы мен «Қазақ» газеті бетінде көптен бері көтеріп келе жат­кан жазу мәселесіне Ахаң 20-жылдары жіті кіріседі, ол әу бастан-ақ араб графикасына бейіл береді. Оның мұнысынан кезінде «панисламдық», «арабшылдық» сарын іздеп сарсылғандар да болды. Сондықтан да ол, ең алдымен, қазақ жазуын калыптастырудың алғашқы нұсқалары ретінде: 1) қазақ тілі дыбыстарына қажеті жоқ араб таңбаларын әліпбиден алып тас- тауды; 2) сөздің жіңішкелігін білдіретін «дәйекше» деген белгіні енгізуді; 3) қазақ тіліндегі Ы, Е, И, О, Ү, У дыбыстарының әрқайсысына жеке таңба белгілеуді ұсынды. Міне, осының бәрі қазақ тілі әліпбиінің өз табиғатына орай түзіліп, тіліміздегі сингармонизм заңына лайықталып жасалуының нәтижесінде қазақтың жазуы болып тез қалыптасады.

Айта кету керек, 1926 жылы 26-ақпан мен 6-наурыз аралығында Баку шаһарында өткен түркологиялық съезде А. Байтұрсынұлының араб әліп биі негізіндегі жаңа жазудың артықшылығын дәлелдеп, латынға қарсы шыққан бір себебі бұл жазудың Қазақстанда іс жүзінде колданыс тауып, жаппай сауатсыздықты жоюдағы атқарған нақтылы қызметі болатын. Кейін халық жауларын аулаушы «қырағылар» Ахаңның бұл әрекетіне жерден жеті қоян тапқандай қуанып, оны керемет пайдаланғаны да белгілі. Әңгіме бұл жерде Аханның латын жазуын мүлде іске алғысыз деп тануында емес еді. Мәселенің түп себебі — сауаты жаңа ашылып, білімді ел қатарына енді-енді қосылып келе жатқан қазақ сияқты қауымға жазуын қайта-қайта ауыстыра берудің мүлде тиімсіздігінде болатын. Мұның үстіне бүкіл жұрт тез қабылдап, өзге де түркі тілдес елдер үлгі ете бастаған бұл жазуды ауыстырып латынға көшуді ол түптің түбінде кирилицаға ауыстырудың баспапдағы екенін сезген еді. Ақыры солай болып шықты да.

Енді, міне, заман түзелгендей, ел есін жиғандай болып отырған кезенде Ахаң қалдырған мұраның мөлдірінен сусындап, әлі де мейіріміз қанар емес. Бір ғана осы ағартушылық саласында жазған кітаптарының өзін игеру оңайға түсіп жатқан жоқ. Иә, Ахаңның істері таңдай қақтырардай. Сонау 1912 жылы Орынбордан шыққан «Оқу құралы» халық сұранысын өтегені соншама, ол әдденеше рет баспа жүзін көрді.

Ал 1925 жылы ол «Әліп-бидің» жаңа түрін жариялайды. Бұл да бірнеше рет басылады. Кезінде бұған «...Мынау жаңа «Әліп-биі» бұрынғысынан қай ретте болса да аса артык. Бұл «Әліп-бидің» мазмұны қазақ, жағдайына карай, Мемлекеттік Білім Кеңесінің жаңа бағдарламасына үйлесімді болып шыққан. Әңгімелері балалар үшін қызық, жеңіл, заманға лайық» деп баға берілген екен. Десе дегендей, байқап отырсақ, Ахаң замана ағысынан қалыспай қатар жүріп отырады. Әлгіндей құралдарын үнемі жетілдіру үстінде болады.

Ол осындай құралдың ересектер үшін де аса қажет екенін ескеріп, «Әліп-биді» жазады. Ол оқулық әуелі 1924 жылы Орынборда, 1926 жылы Семейде басылып шыққан.

«Оқу құралы» арқылы балаларды сауаттандырып алғаннан кейін, ол енді қазақ тілін жеке пән ретінде оқытудың құралын ойластыра бастайды. Бірнеше бөлімнен тұратын бұл оқулықтың әр бөлігі жеке- жеке «Тіл құралы» деген атпен жариялана бастайды. 1914 жылы мор- фологияға арналған I! бөлімі, 1915 жылы фонетикаға арналған I бөлімі, содан кейін синтаксиске байланысты III бөлімі жұртшылыққа ұсынылады. Мұның қай-қайсысы да кемінде 6-7 рет баспа жүзін көрген.

Қазақ тіл білімінің қалыптасуында айырықша рөл атқарған бұл еңбектерді саралағанда, жалпы лингвисти­ка ғылымының өрістеуіне даңғыл жол ашқан термин жасау мәселесін тіпті де аттап өте алмаймыз. Әлгіндей оқулықтар түзу барысында Ахаң әрбір ұғым, түсінік, нәрсе, затқа, әсіресе, грамматикалық категориялардың бас-басына қазақша термин береді, атау телиді. Сол кезеңде жасалып, қазір мүлде қалыптасып тұрақтанған зат есім, сын есім, етістік, бас­тауыш, баяндауыш, пысықтауыш, дыбыс, әріп, қағида, емле, т.б. толып жатқан терминдер — тіл ғылымын дамытудағы зор үлес. Әрбір грамматикалық категорияның өзіне тән атауын дәл тауып, жіліктеп, жіктеп, саралап беру оқу жүйесіндегі ісімізге айырықша әсер еткені мәлім. Мәселен, сөздерді тұлғасына, мағынасына қарай бөліп, саралап, қолмен қойғандай етіп керсетуі мамандардың қай-қайсысын да таң қалдырған. Ол жасаған терминдер жүйесі күні бүгінге дейін тілімізге мүлтіксіз қызмет етіп келеді.

Араб әліпбиі ,оның құрамы мен графикасы

Араб жазуы оңнан солға карай жазылады, жазылу бағытымен оқылады. Араб жазуының ең көне түрі консанатты жазуға жатады. Себебі сөз ішінде тек дауыссыз дыбыстардың таңбасы /كتب/- ктб жазылады да, оқуда дауысты дыбыстар әр түрлі қарекелер /асты-үсті қою белгілері арқылы оқылады. Олар آкәсра /а-ның белгісі,٠/ - фатха /и-дің белгісі/, رзамма /септік байланыс/,°/ — сәкін/нөльдік форма/. /ءташтит/жіңішкерткіш белгі. Бұл белгі койылған сөз /дыбыс/ жіңішкереді. Мысалы, а —ә болып оқылады. Жоғарыда жазылған كلبا /ктб/ дауыссыз дыбыс тіркестері арасына бұл таңбаларды койған кезде, كتميкитаб, كتمي- китабун /кітапты/, ئلث/ - актуб —жаздым болып оқылады. Тіпті бұл асты-үсті белгілер арқылы ол сөздерге лексика-грамматикалық мағыналар жамалады.Араб жазуының ең көне түрі \вариантты\ — қадим деп аталса, оңайлатылған жаңа түрі — жадит \жаңа\ деп аталады. Бұл жазудың өзі қараханидтер заманында колданған жаңа жазу түріне ұқсайды. Оған дәлел ретінде біз С.Е.Маловтың сөзін келтірейік: К этому же «переходому» времени в Средней и Центральной Азии надо отнести и несколько сочинений, которые дошли до нас в двух редакциях,т.е.они писаны одновременно и уже старым отживающим уйгурским алфавитам и новым — арабским, — со сложившейся уже мусыльманской идеологией»? — дей отырып? Кітабында екі алфавитпен жеткен «Құдатғу білік» поэмасынан араб алфавитімен жазылған вариантынан үзінділер береді. Қарап отырсақ бұл дидактикалық шығарманың текстері араб алфавитінің жадит түрімен жазылған.

Себебі жазуда кадим вариантындағы асты-үсті «қаракелер жок, дауысты дыбыстардың таңбалары / ر — а, رإ — и/ бар да, / م• — а», сияқты жіңішкерткіш белгілер сақталған. Мысалы,تمتيء دض ببلم «Құтадғу билик» — деген жазуда дауысты дыбыстар таңбамен — مم /у/, ؛ — /а/, ب — берілген. Сондықтан да бұл араб жазуының жадит түріне жатады. Әрине, жадит түрінде де алфавиттің кұрамында дауыссыз дыбыстардың бір түрі бірнеше таңбамен /жуан- жіңішке/ берілуі көп уақытқа дейін сақталып келген؛

байқалады. Мысалы: ') — 3, ض ,3( ,3ور — з; ث — с, س - с, ص - с; ج - дж, ر - ж.

Сөйтіп, көне ескерткіштер жазылып жеткен араб алфа- витінің таңбасы /١/ сөз басында /2/, сөз ортасында /3/, сөз сонында /4/ танбалану

ерекшеліктерін, таңбанын казіргі мәнін қоса камтыған түрі.

Карап отырсак, бұл араб алфавитінің жадит вариантында ا таңба жіңішкерткіш белгілерімен айтылатын 3, е, ә, ү — лерді қоспағанда, 33 дыбысты таңбалайды. Бұл таңбалардың \әріптердің\ жазылу графикасын, яғни алфавиттің ережелерін білудің мәні зор, «Құтадғу біліктен»

\Каир варианты\.



Транскрипция

Китаб Диван луғат аль түрік

Махмуд бин альхисин бин Махмуд аль Кашкари

Иахлб үзүә бишиі картадим

Каджмил қутух иртадим

Иағмур күні кан саджар

Барды кузум иарукы

Алды азүум фанүкуы

Қаңда арндж кыикы

әмды аузин аузғрурэ

аузың мины \аузғрур\ камшты

шақндж мыка иүмитты

кунклум анкер эмтты

иузммыңсарғрур

Аудармасы:

Продолжая все плакать, я погибал!

Я бередил раны моей печени!

Я преследовал убежавшее счастье.

Я день дождя у меня шла кровь!

Ушел свет моих глаз!

Она пленила мой дух \буке, пристанище моей жизни\! Где может быть ночлег ее?!

Теперь она пробудила меня от сна!

Сильная любовь обуяла мной!

Собрались ко мне ғрустные мысли!

Мое сердце ей предалось Мое лицо \все\ пожелтело!

Сонымен, XI — ХІҮ ҒҒ. Арасында араб жазуымен жеткен ескерткіштер тілін, әсіресе оның лексикасын шет ел және отандас ғалымдарымыз салыстырмалы — тарихи тұрғыдан зерттеді. Сонын негізінде «Түркі тілдерінің салыстырмалы—тарихи сөздігі» жасалуда. Ол сөздіктің ١—томы «Қүдатғу білік», М.Қашкаридын «Дивани», Күтбанын «Хорезмидің «Мұхаббат—наме», Сейф Сарайдың «Гүлстаны» т.б. негізінде жарық көрді.

Көне ескерткіштердің тілін зерттеуде үлкен еңбек етіп келе жаткан Ә.Н.Наджиптің түркі халыктарының тілі тарихын айқындауда сіңірген еңбегі зор. Ал бұл сөздіктің, одан кейін, шықпақшы сөздіктердің маңызы одан да зор болмақ.Ол бірінші кітаптың «Алғы сөзінде»: «Всего в четырех книгах будут даны 2500 слов. Слова в словаре расположены в порядке арабского алфавита, в первую книгу входят все слова, начинающиеся с алфца, т.е. а — а; о —о, у — у, е-и- ы, во вторую книгу — от ب и до ص , в третью دمع от

до ءل , в четвертую — от ل до ى. в конце словаря и в конце каждой книги дается индекс на основе русского алфавита», — дейді. Сонымен бірге транскрипция жасау әдісін, араб алфавиті таңбаларының сол тұска (١٧ Ғ.) мәнін көрсетеді. Бұнын өзі зерттеу, ескерткіштерді окып, танысуда араб жазуы алфавитін үйрену керектігін міндеттейді.

Араб алфавиті Кеңес одағының алғашқы жылдарында қазақ тілі дыбыстарын дәл бере алу жағын көздеп, арнайы өзгеріске түскен. 1924 жылдан бастап бастауыш мектептерде оқу процесін, халықты жалпы сауаттандыру ісін дұрыс жолға қою мақсатында дыбыстарды тура таңбалау әдісіне көшкен. Бұны араб жазуының төте немесе төтеше түрі \варианты\ деп атаған.

Бұл сияқты араб алфавитінің төте түріне көшуге Орта Азия, Қазақстан жерінде жарык корген «Дала уәләяты газеті» \ «Түркістан уәләяты газеті»\

«Айкап» журналы бетінде жарияланған, Уфадан шығып түрған басылымдардын материалдарында кетіп жаткан кателер, араб алфавиті асты —үсті каракелерін окудагы киындык себеп болған. Мысалы, «Айқап» журналынын редакторы Мухмеджан Сералин араб графикасы туралы бір мака-ласында «біз ет деп жазып, ит деп окимыз» деуінің озі осы қиындықтан туса керек. Араб алфавитінің өзгертілген, жеңілденген төте түрі «1924-1929 жылға дейін, тіпті 1938 жылы латын алфавитіне кеткеннің өзінде жарыса қолданылып келді. Әрине, араб алфавиті сауат ашуда, жастарды окытуда, аз да болса газет- журналдарымызды, көркем шығармаларды бастыруда, жалпы мәдениетімізді дамытуда зор рөл атқарды. Сөйте тұра, онын кемшілік жайттары да болмай қалған жок. Ұқсас таңбалар көп. Мысалы: ب— п, ب — и, ن — т, ن — н, ب - б;ز - в, ق - у, ر - Ү, ؤ - Ү,ر - о, و-ءام,

Бұлардың бір белгісі түсіп калса, сөз дүрыс оқылмайды. Қазақ дыбыстарын дәл беруде, тілімізге енген сөздерді дұрыс, мәдениетті жазуда жетіспей жатқан жайттары болды. Мысалы, ц— ны,то - мен, л - ны, иа мен, я - ны ио — мен, ю — ды, йу — мен жазып жүрдік.

Сөйте тұра, тіліміздің тарихын, жазу тарихын білуде, араб алфавитімен калған архив материалдарын зерттеуде, окып-үйренуде, кеңес дәуірінің алғашқы, одан бұрынырақ жазылған мәдениетімізге үңіле түсу үшін араб жазуының төте вариантын игерудің де мәні зор.

ЛАТЫН ЖАЗУЫ

Латын жазуының түркі халықтары арасында ертеден-ақ колданылғаны тарихтан белгілі. Жазу тарихы мәліметтеріне қарап отырсақ, латын алфавитінің жасалуына, ол жазудың бүкіл европа халықтарына таралуына грек жазуы негіз болған. Әрине, әрбір халык алфавиті тілінің дыбыстық жүйесіне лайықтап, кейбір әріптердің мағынасын сақтап, формасын \таңбалануын\ өзгертіп отырады. Орта ғасырға дейін көне латын жазуындағы әріптер көне грек жазуындағы сияқты бас әріп,кіші әріп болып бөлінбеген. Грек жазуы — СССР халықтарының да жазу жүйесіне өз әсерін тигізген. Ол грек жазуына негізделген славян тілі славян\ жазуының калыптасуы, ондағы құрамның сол \славян\ тілдің дыбыстық құра-

мына сәйкестендірілуі. Орыс алфавитін негізге алған СССР халыктарының әрқайсысы өз алфавитін жасады да, тілінің өзіндік дыбыстық ерекшеліктерін көрсете алатын қосымша әріптер кабылдады. сөйтіп, өз тілінің дыбыстық құрамын толық жеткізе алатын дәрежеге келтірді. Бұның қазақ тіліне де қатысы бар.

Ал батыс европа халықтарының жағдайы өзгеше болды. Олар тілдерінің әрқилы болуына қарамастан, біркелкі алфавитті қолданды. Яғни көне латын алфавитіне қажетті өзгерістер енгізбеді. Сонын салдарынан әр тілдің даму дәрежесін, тілдегі өзгерістерді көрсету қиынға түсті, тіпті казірдің өзінде сол күйінде қалып отыр. Себебі олар қолданып отырған латын алфавитіне елеулі өзгерістер, толықтырулар болмай отыр. Бұл тілдерде дыбыстық құрам мен алфавиттің арасында көп алшақтық бар, дыбыс көп те әріп саны аз \26 ғана\.

Мәлімет бойынша мысалы, француз жазуына XIII ғасырдан бері бірде—бір өзгеріс болмаған. Сондықтан да бұл тілдердің жазу жүйесі мыңдаған жылдар бойы дамып келе жатқан ерекшеліктерін көрсете алмайды.
Каталог: files
files -> Бастауыш білім беру деңгейінің ОҚу пәндері бойынша үлгілік тақырыптық жоспарлары
files -> Астрономия Мазмұны
files -> 1 фантастика жанрыныњ типологиясы
files -> Қазақстан тарихы 5 сынып. 2013-2014 оқу жылы
files -> Расул гамзатов
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> «№ мектеп-лицей» мемлекеттік мекемесі Күнтізбелік- тақырыптық жоспар
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет