Қытай революциясының ерекшеліктері. Қытайдағы революция елдін тәуелсіздігі үшін қоғамның барлықтоптары қатысқан жалпы ұлттық империалистерге қарсы күрестің және пролетариаттың дербес таптық бой көрсетулері тоқайласқан күрделі құбылыс болды.
1925 ж. қазан-желтоқсанда генерал Чан Кайши басқарған гоминьданның ұлттық үкіметі Гуандун провинциясындағы милитаристирге қарсы әскери жорық бастады. Ұлтытқ революциялық армиянын солтүстік жорығы 1926 ж.шілдеде басталып, 1928 ж. аяқталды. Бұл жорықтың бірінші кезеңінің барысында Орталық Қытайдағы біраз милитаристер талқандалды.
1927 ж. сәуірде Нанкин мен Шанхайды басып алғаннан кейін Чан Кайши астананы Нанкинге көшіріп, нанкин үкіметін құрады, оны бірсыпыра, оның ішіңде солтүстіктегі милитаристік күштер қолдады.
Орталық билікті қолға алғаннан соң Чан Кайши (содан соң басқа да гоминьдан жетекшілері) өздерінің бақылауынан шығып бара жатқан, коммунистер бастаған қозғалыстарды тікелей басып-жаныштауға кірісті.
Достарыңызбен бөлісу: |