20-жж. Ұлттық «ұлы» революция. 1923 ж.көктемінде Шанхайда ағылшын полициясының студенттер ереуілін атқылауына байланысты буржуазияның, студенттердің, жұмысшылардың импириалистерге қарсы қозғаласы басталды. Бұл стихиялық патриоттық өрлеу, кейіннен «30 мамыр қозғалысы» деп аталды. Қытайда империалистерге қарсы ұлттық революция басталды. Оның негізгі ұрандары: Қытайдың егемендігін қалпына келтіру, империалистердің билігін құлату, Қытайды демократиялық ұлттық үкіметтің басшылығымен біріктіру болды. Революцияға басшылықты Гоминьдан өзінде ұлттық-революциялық саяси партияның да сипаттарын (билікті қару қолдану жолымен басып алу),Қытайда әлеуметтік-экомикалық қайта құрү және жанартуға кіріскен ұлтшыл-реформашыл партияның да белгілерін біріктірді.