Қайымның қағидалары
Адамның бойындағы қасиеттерге берлген ғұламалардың анықтамалары көп. Соның ішінде, “танант дегеніміз - мінез” деген қисын ғұлама ғалым Қайым Мұхаметхановтың жеке басына да, оның өмірлік жолыеа да, ғылыми шығармашылық еңбектеріне де қаратыла айтылған сияқты. Шындығында да, мінезсіз талант - қанатсыз қыран, жер бауырлап көтеріле алмайды. Ал шабытты қолдан жасай алмайсың. Бұл ретте алған да азамат Қайымның, оқымысты қайымның тұтастық табатын тұсы шындық. Осы шындық үшін басын бәйгеге де тікті. Түрменің торлы терезесі, ыстық – суық корцердің қыстаулары, достардың сатқындығы, жалған жала, көрген бейнет пен зейнет те оның бойындағы бұл қасиетті қайсарлыққа сызат түсірген жоқ. Алған бетінен қайтпайтын, жақынының өзін жалғандығы үшін жек көретін, ұнаса – қырандысыз құлай ұнататын осынау адамға таң қалумен келе жатқаныма да ширек ғасыр болып қалыпты. Ол Абай айтқандай әуелі “өзіне сенеді”, өйткені қандай тауқыметтен де “еңбегі мен қайратының екі жақтап”демеп шығатынын біледі. Бұл мінезі – қиын – қыстау күндерде жанына медет беріп, сатпайтын, сатылмайтын азамат деген атын шығарса да, кәдімгі етек басты тіршілікте өзіне көп кедергісін келтіріп, кесірін тигізді. Сәл ғана езу тартып, қас – қабағын дұрыс керіп, басын бір изеп салса бітіп – ақ кететін іске келгенде тасырқап қалатынына кейде іштей налып та қалған кезіміз блды. Өзегі қатқан емендей қасарысқан күйінен танбайды ау, танбайды. Қаншама жылы қабақ танытып, бауырына тартып, кейде еркелеткенімен де өз басым Қайым ғұламаның алдында үнемі сескеніп тұрамын. Ол сыртқы жуасыған, іші ашуға толы, атылуға кез – келген сәтте дайын тұрған арыстан сияқты. Қай жерден қапы жіберіп аламын деп қылпылдайсың. Өзінен басқа кез – келген адамды мақтай бер – үндемейді, сынай бер үндемейді, өзін қоса сынап, өмірге бейімсіздігін айт – күліп қойып отыра береді. Ал енді Абай мен Әуезов туралы сөз қозғап, сәл ғана жалған сөйлеші, онда шаруаңның біткені! Онда – Қайым арыстан! Арыстан болғанда Майысқақ Қаратай айтқандай, “неғылайын жоқ” арыстан. Өйткені, өмір сүру мен ғылыми пікір тұжырымдауды тек сол екеуінің ілімі мен тәлімінен үйренген. Олардан басқа ешкімді тағы мойындамайды, мойындата да алмайсың. Қайымның бірінші қағидсы осы. Бұған оның жеке өмірі де, ғылыми зерттеушілік қызыметі де толық дәлел. Осы ұстазы үшін жиырма бес жылға сотталды. Әуезовтің соған сындырып, санаттан шығару үшін жасалған елуінші жылдары ең әуелі ұлы жазушының айналасын тазалады. Жалғыз емендей өзі қалған соң оны құлату оңай деп ойлайды. Барлық жаланы үйіп – төгіп:
“…Жоғарыда келтірілген дәлелдер М.Әуезовтіңәдебиеттанушы ретіндегі ұсқынын толық әшкерелеп береді, бұл оның 30 жыл бойы әдебиеттану саласындағы әрекетінің саяси қателіктер мен бұрмалаушылыққа құралатындығын көрсетеді… Өзінің қастандық идеялық поэзиясын нығайт түсу үшін М.Әуезов қазақ әдебиеттану ғылымына өзінің ғылымға қарсы “концепциясын” сіңіруге тырысты. Осы мақсатқа жету үшін ол “Абайдың әдеби мектебі” туралы Қ. Мұхамдетхановтың диссертациясына сондай ұқыптылықпен дайындалды, мұнда Әуезовтің өткендегі қателіктері мен қаса – қана бұрмалаушылық көзқарастары тұжырымды түрде түйінделеп берілген. Диссертация ашық және бүркемеленіп берілген антимарксистік материялдрға сықай тұрған боп шықты. Алайда бұл жолы Әуезотің жолы болмады. Мұхаметхановқа ғылыми дәрежже беруі туралы шешім қабылдаған ғылыми кеңестің ұйғарымы, ал оның иесі халық жауы ретінде әшкереленді. Осы диссертацияның тарихи төңірегінде ұстанған Әуезовтің поэзиясы оның бет – бейнесін ашып берді. Ол мұндай зиянды жұмыстың идеялық шабыттандырушы мен жетекшісі ғана болып сөйлеген жоқ, оның нағыз қорғаушысы да болды. М.Әуезов диссертанттың әрі жетекшісі, әрі оппоненті міндетін бірдей атқарады. Ол оны \Қ. Мұхаметхановтың – Т.Ж.\ әдебие және өнер институтының секторында да, институттың ғылыми кеңесінде де және Қаз ССр Ғылым Академиясының қоғамдық ғылымдар бөлімшесінің біріккен ғылыми кеңесінде диссертация қорғаған кезінде де жақтап сөйледі. Міне, бұл М. Әуезовтің дәл осы жаулық пиғылдағы диссертацияны дайындағандарда және оны сүйреп алып шыққандығынада оныңжеке басының аса мүдделі болғандығын айтпай – ақ байқатады. М.Әуезов тек қана аса ауыр қателіктері мен бүлдірушілігі үшін ғана айыпты емес, сонымен қатар, дәл осы пиғылының насихатшысы болғандығы үшін де айыпты. Өйткені ол өзінің айналысына ыоғи да идеялық тұрғыдан тұрақсыз, саяси көзқарасы соқыр адамдарды топтастырып келді және қазір де топтастырып жүр”, - деп бабалам салады.
Оқымысты, қлтының адал азаматы Қайым Мұхаметхановты мына сексенге келген жасында әр нәрседен ілік тауып, кінәсіз кінәләуға болар, бірақ – “идея тұрақсыз, саяси көзқарасы таяз” деп айта алмайсыз. Ол туғаннан бергі тәрбиесі мен өскен өмірінде бір ғана идея ұстанады, бір ғана “саяси көзқарас” болды. Ол – Абай идеясы, Абайдың көзқарасы, Абайдың Мұхтар Әуезов бағдарлап берген саясаты. Бұдан ешқашан айныған да емес, және оны жасырған да емес. Жаңағы С. Нұрышеатің пікірі – ғылыми пікір емес, соттың үкімі болған. Қасианшықпағыр арандатушылар М.Әуезов “ұқыптылықпен тәрбиелеген” Қайым Мұхаметханотың сғын сындырып, еңсесін езіп, рухын түсіріп дегенімізге көндіреміз деп ойлады.Бірақ көндіре алмады. Бұдан сұрағаны жалғыз – ақ: “Маған бұл тақырыпты Әуезов зорлап зерттеті” – деген сөз. Соны жазып берсе бостандықта жүреді, ғылыми аағын да қайтып берер еді. Бұлай етсе Қайым – Қаиым болмас еді. Абайдан да, оның алашордашыл шәкіртерінен де, алашордашыл Әуезовтен де бас тартпады. Сөйтіп, жирма бес жыл түрменің төріндегі “құтты қонағы” болуға “ризалық білдіріп” , маршыл Жуковтың штабындағы генералдармен бірге сыбаға бөлісіп шыға келді. Қайымды “халық жауы” етіп көрсеикендердің бірі бар, бірі жоқ, ғалым оларға өепе де артпайды. Бірақта сол кезде Абай мен Әуезовке жала жапқандарды кешпейді. Өзінің жеке басына қиянат жасағандарға түсіністікпен қарап: “Оларда не жазық бар. Қысымға шыдамады. Бала – шағасы бар, тіршілікті қимады. Алатын атағы бар… және Қайымды кім біліп жатыр. Ал Әуезовті аранға жығу деген сөз – қазақ ұлтын арандату деген сөз. Менің өз басым, әйтеуір Әуезов еркіндікте аман – есен жүрсе, түбі бәрәмәздәі бостандыққа шығатынымызға кәміл сендім. Сондықтан екіжүзділерді жек көрдім. Әуелі Мұхаңды мұқатамын дегендердің өзі ұшып кетті ғой. Адалдығын, арыңның тазалығы – адамдығыңның белгісі. Қазір соларды көрсем – мен күліп қараймын, ал олар қипыжықтап, бет – аузы тыржиып береді. Түн ішінде көрпесін басына жамылып алса да әруақтар көз алдына елестеп, тыныштық бермейтін болу керек. Менің ұйқым тыныш, ойым орнында”. – дейді оқымысты ұстаз.
Шындықты бетіне тура айту үшін Қайым Мұхаметханов кісі таңдамайды. Үлкен бе, кіші ме, шәкірті ме, тіпті дана Мұхтар Әуезов пе, Қайым сескенбейді. Үндемей, қабағын түйіп отырып қалады, не шығып кететін мінезі жетпіс бес жастан кейін ғана қылаң берді. Сол шыншыл мінезді Қайым түрмеден шығып келген бетте Мұхаңа да көрсетіпті. Абақтыдан Алматыға тартқан шәкірт бірден Мұхаңның үйіне тартады. Онда да вокзалдан күтеді. Бұл үш жылдың ішінде Әуезов Мәскеуге баспаналап жүріп, бұрынғы пікірлерінің кейбіріне баспасөз бетіне басқаша баға беріп:
“…Осыған байланысты \1953 жылы қаңтардың 30 күні “Правда” газетінде М.Әуезов пен С.Мұқанов туралы жарияланған “Сынау орнына мадақтағандық” атты П.Кузнецовтың мақаласын айтып отыр – Т.Ж.\ Абай мектеді деп аталып жүрген қателіктердің түп тамыры туралы да айта кетуді қажет деп санаймын. Бұл мәселе баяғыда 1933 жылы абайтану жөніндегі менің қате, бір жақты пікірімнен басталды. Істің жайы былай: Абайдың бұрынғы жарияланбаған өлеңдері мен өмірбаяндық деректерін кешігіп барып жинақтағандықтан да \түрмеде отырғандықтан да – Т.Ж.\ ауыз екі тілде айтқан куәлік сөздері мен естеліктері сын көзбен қарамай, олардың мәліметтеріне қалтықсыз сеніммен қарадым. Мен олардың маған жеткізген деректеріне дер кезінде қатал сыншылдықпен қарамадым. Көкбайдың және Абайдың өзге де замандастарының мұрасын халық мүддесіне қарсы және бізге жат екендігін анықтай алмадым. Көкбай сияқты адамдарды бағалаудағы теріс бағыттарым 1939 жылы өзім жариялаған Абайдың өмірбаянына енгізілді. 1953 жылы 30янврьдағы “Правда” газетінде жарияланған мақалада дұрыс көрсетілгендей, Абайдың жалған шәкірттері туралы пікірлерім Абайдың орысша шыққан шығармалар жинағын да жағымды пікір айтуға итермеледі. Сол сияқты бұл тақырып туралы менің соңғы жазған рецензияларым да теріс пікір білдіруге ықпал жасады” – деуге мәжбүр болды. Осыған қитығып ұстаған Қайым Мұқаңа:
Сіз де сенімсіз екенсіз ғой, - дегендей ауыр сөз айтыпты. Сонда:
Әй Қайым – ай, сен нені түсінесің? Түрме саған ештеңе үйретпеді ме? Олрдың аңдығаны - сендер емес, менмін ғой. Мен өзім үшін емес, сендер үшін осындай әрекетке бардым. Сендерді сөйтіп қорғадым. Егер мен қасарыса берсем, сендерді қысады. Мен жұмсарсам – сендерге де жұмсарады. Мұны тактика дейді, - деп әуелде қату, соңынан тату сөзін айтыпты.
Шындығында да, Мұхтар Әуезовтің бүкіл саналы өмірі түрменің тактикасы мен статегиясын зерттеуден тұрады. Әйтпесе, аман қалу мүмкін емес еді. Тағдыр талқысын түскен Қайым Қайым Мұхаметхановтың ғылымдық жоды тәуелсіздік ел атанған тұста ғана еркін тыныс алды. Өзі мұқым ғұмрын арнаған Аабайдың ақындық мектебі туралы үш томдық еңбегі жарық көрді. “Абай мұрагері” атты зерттеу еңбегі оқырманның қолына тиді. Бірақ, әлі қаншама асыл қазына жарық көрмей, ғалымның тартпасында жатыр десеңші! Бүкіл ғұмырын Абайға арнаған ғалымның Абайдың тойы тұсында ешқандай ілтипатқа ілінбей, тіпті, Семейге барғанда жаттын орн да тимей, көлеңкеде қалып қойғаны өкінішті. Орынын толтырамын десе, әлі де кеш емес. Өйткені, Қайым Мұхаметханов қандай да болса құреметке лайық. Оған ғалымның қазақ әдебиетінің тарихына қосқан мынадай ерекше үлестерін саралап санасақ та жеткілікті.
Бірінші:
Тағдыр талқысына түскен Қайым Мұхаметхановтың бұдан кейінгі тағдыры да тақтақ жолға түсті деуге болмайды. “Халық жауынан” сескеніп қалған ел жұрт, ғылыми орта, партия - әкімшілік орындары оны бауырына баса қоймады. Ғылыми жұмыстарын қайтадан тұжырымды негізге түсіріп, жүйеледі, кондидаттық дәрежесін қайта алу үшін жүргізілген кеңестер мен пікір айтушылардың тексеруінен өткен тар жол, тайғақ кешулер, ақыры “Абай шығармаларының текстологиясы” жайында жаңа еңбек жазуға алып келеді. Қаншама рухы күшті болғанмен де сергелдеңмен өткен он жыл өзінің салқынын тигізді. Қайымның әрбір пікірінен кілтипан іздеп, әр мақаласына қарауыл қойып. Сөйтіп, “Семейдегі халық жауының бөлімшесін басқарған”, “Абай музейін алашордашылардың ұясына айналдырған”, “идеясы тұрақсыз, саяси көзқарасы таяз”, “дұшпандық пен бүлдірушілікке ұқыпты түрде дайындалған Қ. Мұхаметхпнов деген әлдебір ғалымсымақ” туған қаласында өз бетімен тыныш өмір сүріп жатты. Мұхтар Омарханұлы дүниеден қайтқаннан кейін Алматыда айлап жүруді де қойды. Бірақ та ұстаздық ете жүріп ғылыми ізденістерін тереңдете білді. Соның нәтижесінде, жоғарыдағыдай менменсіп, менсінбей сөйлейтін, ғылыммен емес, ғылымның төңірегіндегі дау – дамаймен, даңғазамен аты шыққандардың өзі ғылымсымаққа айналып, есімдері ұмытылып тынды да Қайымның жұлдызы жана берді. Әдебиеттану мен абайтану ғылымында өзіндік дербес пікір, тұжырымы бар қазақтың оқымыстысы дәрежесіне көтерілді. Ал бұл күнді жаңағы “абайшылардың атын” кім біліп жатыр? Біз де олардың кім екенін білгіміз келмейді, жария етудің де пәлендей қажеті шамалы. Ол өзі шаруашылық сияқты шұбатылған, қырық буынды тақырып. Біз үшін ең маңыздысы, тағдырдың диірменінен Қайымның қажымай, сатпай, сатылмай өз пікірін қорғай отырып бүгінгі күнге аман – есен жеті. Өйткені, “ұйқысы тыныш, ойы орынында”, бірақ сол үшін қаншама құқайды көрді десеңші.
Ал ңалым ретінде Қайым Мұхаметханов қандай қағидалар мен қисындарды қалыптастырды?
Бірінші: ол ұстаз Мұхтар Әуезовтің өсиетіне адал бола отырып
“Абайдың ақындақ мектебі” деген аты – шулы тақырыпты түбегейлі зеттеп, ақыры дәлелдеп шықтты. Оны қазақ әдебиетінің тарихындағы бел – белесті бірі ретінде бағалауға Қайымның еңбек сіңірген адам жоқ. Демек, абайтанудағы жаңа бағыттың, ғылыми тұрғының негізін қалады. Қазақ елі тәуелсіздік алғннан кейін ғана тынысы ашылып, өрісі кеңіген Қайым Мұхаметханов Мұхтар Әуезовтің орындай алмай кеткен арманын, “қазақтың әдебиеттану ғылымының ішіне дұшпандақ әрі бүлдірушілік әрекет ретінде сіңіруге тырысқан” мақсатын жүзеге асырды. Соңғы жылдары Семейдегі Абай қорының көмегімен және “Атамұра” баспасының азаматтық әрекетімен жарыққа шыққан “Абайдың ақын шәкірттері” атты үш томдық монография мен “Абай мұрагерлер” деген көлемді еңбекті Қайымның бұл саладағы жүргізген ғылыми еңбегінің қорытындысы. Абайдың ақындық мектебі деген ұғым Қайымның есімімен тікелей байланысты. Сондықтан да , бұл еңбектің қадір – қасиеті жылдар өткен сайын арта бермек. Оған еш күмән жоқ.
Қайымнық қазақ әбебиеті тарихындағы екінші үлкен еңбегі – Абай шығармаларының тексталргиялық тұрғыдан зерттелуі мәселесі. Бұл бұрын қазақ сыни көзқарастарында назарға ілінбеге, Қайым негізінен салған ғылыми сала. Әрине, Мұхтар Уәезовтің ақылмен жүзеге асқан, сол дегдардың шапағатымен жарыққа шыққан еңбегі тарихи ғылымның мүмкіндігі де келмеп еді. Дәл қазір де бұл сала жеке дара дамып кеткен жоқ. Әр ғалымның моногрфияларының соңғы бөліміндегі түсініктер дәрежесінде ғана көшке ілесіп келеді. Ал, Қайымның Абай өлеңдерінің жөніндегі пікірлері мен көкейкесті мәселелелері әлі де күнтәртібінен түскен жоқ. Қайым Мұхаметханов негізінен қалап, Әбіш Жиренше үн қосып, З.Ахметов пен С.Қирабаев,М. Мырзахметов сияқты ғалымдар тереңдеп із салғанымен де Абайдың “сөзі түзеліп\” біткен жоқ. Түзеу үшін емес, түзеу сөзді орынына қою үшін түзеу жүргізілетін жұмыстардың басты қайырылып бітті деуге әлі ерте. Абай шығармаларының соңғы толық басылымына Қайым Мқхаметханов белсене қатысты, бірақ сол тұста көзі ауырып, қағаз оқуы қиындап кеткендіктен де белсеніп кірісуге мүмкіндігі болмвды. Алайды, ең әуелі Кәкітай мен Тұрағұлдың өзі “Абайдың тұңғыш жжинағында жіберілген қате көп болды, соны анықтау керек деген пікірінің жаны бар. Оған біздің де көзіміз жетті. Әрине, бұл басқа мәселе. Алайда Абайдың текстологиялық тұрғыдан зерттелуінің жүлдесін салып, жүйесін жасауда Қайымның еңбегң қашанда бірінші назарда тұратыны ақиқат.Қайымның әдебиет тарихына қосқан үлесі де өте салмақты. Соның ішінде жыраулар жөніндегі өмірбаяндық зерттеулері мен текстологиялық исалыстырмалары бұл саладағы көптеген көмескі жайлардың бетін ашып, тың деректермен соны пікірлер түйіндеуге негіз қалады. Әсіресе, Бұқар жырау, Махамбет туралы еңбектері ғылыми дәлелімен құнды. Бір өкініштісі, ғылымның бұл саладағы ғылыми мқалалардың басы басылп, дербес жинақ ретінде басыған жоқ. Тарихи тұлғалар мен оқиғалардың ара жігін ашып, оның көркем сөзде көрініс табулары қақындағы дәйекті талдаулар бізге белгісіз және қазіргі күнге дейін жаңсақ айтылып, қате түсінік беріп жүрген біртлай мәселелердің анық – қанығына көз жеткізді
Қайым Мұхаметхановтың төртінші бір түбегейлі зерттелген тақырыбы -ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында өмір сүрген жазба ақындардың өмір тарихы мен шығармашылығы. Кезінде, “кітаби ақындар” деп шетке қақпайланған осынау талант иелерінің мұралары енді ғана зерттеле бастады. Заманның әр түрлі қақпақылына түскен олардың біраз еңбектері жоғалып тынды Қайым Мұхаметханов қилы – қилы қысымға қарамастан Әріп, Көкбай, Әділқан, Әсет, Әубәкір, Ақылбек, Уәйіс, Шәкәрәм, Шәкәрәмнің Қабышы туралы деректерді елу жыл бойы жинап, рухани мұрамыздың ауқымды саласына құрып кетуден сақтап қалды.
Әрине, қадірменді Қадір Мұхаметхпновтың ғалымдық, ақындық драматургтік жөнінде кеңінен талдап айтуға да болар еді. Бірақта, “Біз қазақ, ежелден еркіндік аңсаған” – деген әнұранның сөзін жасынан жаттап өскен ұрпақ үшін мұның барлығы да белгілі. Әттең, ең өкініштісі сол, ғалымның тартпасында әлі де қаншама асыл қазыналар жарық көрмей жатыр десеңші. Оған да қам – қор адамның табылып, демеуші боларына сенеміз. Бүкіл өмірін Абайды зерттеуге арнаған ғалым қайраткерінің Абай тойының тұсында не мемлекет тарапынан, не той иелері тарапынан ізгі ілтипатқа ілінбей қалған, тіпті, Снмейге барғанда қонақүйден орын бөлінгені де көңілге түсірді. Орынын толтыратын десе әлі де кеш емес. Қайсар мінезді ғалым қандай құрметке де болса лайық.
Тұрсын Жұртбаев.
Қайымға қарайласыңыз Қайрат аға!
Неге бастап тұрғанын кімбілсін, әйтеуір кейінгі кезде тағдырдың талқсы мен тәлкісіне мойынсұнуға еңсесі түскен етекбастылыққа, селқостық пен немкеттілілікке, тіпті, қоштасу мен жоқтауға можантопай көмпістікпен қарауды аса таңғажайып сабырлы қалыппен меңгеріп алдық. Біз қапылыста кімнен көз жазбадық? Біз уақытсыз уақытта кімнен айырылмадық? Біз солардың қайсысы сартап уайымның төсегінде сарғайып жатқанда кімнің көңілін сұрап, үмітіне от жақтық. Немене біз жаралы жаны жабығып, қызыл қны қарайып, салы суға кетіп жүрген солардың қайсысына қайырыммен қайырылдық?.. Олар бірінен соң бірі “келместің кемесіне мініп” (Мұқағали) бағыт бағдарсыз бқиға аттанып жатыр. Солар тек кеткен жоқ, өздермімен қоса біздің ар ожданымыздың, тіршілік қазынасының шындық пен мақсат жолындағы күрес қуатымыздың, үміт – сеніміміздің бір – бір тамшысын шым – шымдап алып кетті.
Сол кермек те қымбат тамшыларды жоғалту арқылы біздің бойымыздағы бұла бұлқыныстың, ықылас ынтымақтың, бірімізді бірімізге деген қамқарлықтың , жанашырлықтың ортақ мүдде мен намыстың ақыры жүйке талшықтарының қайнар қуаты да әлсіреп барады. Бұл селқостық кешегімізге де бүгінімізге де, ертеңімізге де деген ізгілік сезімін өшіріп, селсоқ күйге түсірді. Ұлттық руханияттың асыл бейнелері көңілімізге көпе – көрнеу көмескі тартып, жадымыздан ұмытылып, ғайыпқа айалды. Өмірдің қатал заңы солай да шығар. Бірақ бұл бойкүйездік өзгеге жарасса да, өткен мен ертеңнің арасын жалғастырып тұрған бізге – руханият қайраткерлеріне, жалпы бүгінгі есті ұрпаққа жараспайды. Тұлғаларға құрмет – жоқтаумен жөн – жобасын келістіріп бақилық сапарға шығарып, ьасына құлпытас қойдырып, еңселі кесене тұрғызумен шектелмейді. Бұл құрмет – құрмет емес, өкініштің орынын толтыруға ұмтылған ниет қана. Өтпелі өмірдің аз ғұмырын ұлттық руханияттың танымы мен тарихына арналған, тәуелсіз рухтыңтамырына нәр берген әр тұлға – қандай тауқыметке ұшырамасын сол бір жанкешті ерлігі мен төзімділігі үшін қоғамдастары мен қаламдастарының ақын мен әкімнің, зиялылар мен қауымның жылы сезімімен алхауын көзі тіріснде сезінуіне толық қақысы бар.
Тылсым мен шарасыздыққа тұмшаланып, ақша - өмір сүрудің бірден бір көзі болып, соны табу үшін жалтаңкөз, жағымпаз, мүләйім боп монтансып көрінуге мәжбүр болған уақытты бастан кешірдік. Мұқтаждық бұлты әлі ыдыраған жоқ, ішке түскен “қарабастың қамы” деген мүләйім құрт әлі өлген жоқ. ОЛ біздің тамырымызды қаулап барып жүрегімізді жегідей жеп жатқаны аздай, енді рухымызды кеміруге көшті. Қауіп сыртқы дүниеден жанымызға ауысты. Бойына талант киесі дарыған барша азаматтар осыған дейін күресіп келген. Келешекте де күресуге тиіс – адам тағдырына деген бойкүйездік, мемқұрайлылық, сүлесесоқтық, жалтаңкөздік көмпістік меңдеп барады. Бұл ұлттық руханиятқа жұққан үлкен дерт. Менің ойымша тұлғаларды былай қойғанда, әрбір қарапайым пенделердің өзі бір – бірінің жан жылуын сезіне өмір сүруі тиіс. Сондықтан да зайырлы қауымның назарын соған аудара отырып,
Өз мұңымызды өзіміз ғана мұңдап, тағдырдың талқысында жалғаз жанталасып, бір біріміздің тіршілігіміз бен жандүниемізге немқұрайлы қарайтын бойкүйез кезең өтті. Сүлесоқтан сілкінейік. Сіз бен бір – бірімізді аяламасақ, түсініспесек, бір бірімізді түгендеп жүрмесек - өзімізге, өмірге, ұрпаққа, ұлтқа деген сенімнен айырылып қаламыз. Ал сенімсізадам – ұлтқа рухани тұтқа бола алмады. Ұлттық рухани ыдырауына сол күн көрісті күйттеген жалған пысықтық пен жалған жуастық жетейін деп тұр. Түрмелер мен жендеттер елі атанған тұста да Қасым дауыл боп соғып, найзағай боп жарқылдаған дегім келеді.
Дәл қазір осынау жалған тыныштықтан ұшықтап оятатын, бойкүйез тартқан тәнді тітіркендіретін бір жасын оты керек. Руханиятты мәңгілік өлтірмейтін Әбілхаят суынан “жасынан тұнығынан қанып ішкен” өр рухы тұлғалар арамызда бар. Соның бірі – ата әдебиеттің ғана емес, тәуелсіздіктің тарихында қалатын қайсар ғалым – Қайым Мұхаметханов.
Құрметті Қайрат Болатұлы!
Қалың қауымға оның ішінде тікелей өзіңізге қаратыла айтылған жоғарыдағы пікірге қозғау салған – Сіздің өзіңіз. Таяу күндерде “зар заман” әдебиеттің тағдырлы тұлғасы Дулат Бабатайұлының туғанына 200 жыл толуына Семей қаласында республикалық ғылыми конференция ұйымдастырдыңыз. Ақын шығармашылығын зерттеген ғұламалар мен өмір оқымыстылары пікірін ортаға салды. Пайымды, салиқалы, сардарлы пікір алысу болды. Оған біз де қатысып, мәжіліс мінбесіне отырдық. Алайда Абай, Дәулет, Әуезов үшін басын бәйгеге тіккен Қайым ғұламаның қатыспауы бізді алаңдата берді. Батаға қатыссақ та басқасына қатыспай қазақтың қайсар ғалымы Қайым ағаның үйіне сәлем бере барып едік… Бұрын естімеген болмаса, мұным сәлем беру емес, көңіл сұлу десе дәлірек болады. Қайым аға төсек тартып жатып қалыпты. Қарттықтың да “еркелігі” бар шығар, бірақ тура келіп тұрған ауру емес, уайыммен жалғыздықтың көрпесін көтере алмай ауырып жатқандй көрінеді. Мен көргенім мен естігенімізді қазбалап жатпайтын. Оның жай жапсары Сізге мәлім, мүмкін беймәләм шағар. Анығы маған Қайым ғұлама жалғыздықтан жалығып, терезенің ар жағындағы жарық сәуле жамылып жүрген, кезде өзінің бойындағы жан жылуын берген жандардың аман – сәлемін зарығып күткендей. Соған он жыл ішінде әкесін, бағып күтіп жүрген Бекеттің де көңілі пәс, әлдекімдерге ренжулі сияқты.
Е,бауырым! Бір айдан бері есікті ашып тұрған ағайын сен ғана. Үлкенді кішілі шәкірттерім де бар еді. Тіпті, Төкеннің (Абай мұражайының директоры Т. Ибрагимов) көрінбегеніне де біраз болды. Қалдың несін сұрайсың. Жатыс мынау. Пенсиясы құрғыр пәтерақыға кеьеді. Дәрі дәрмек алуға шама келмейді. Ал тиісті. Ал тиісті жеңілдіктердің бәрін алып тастады. Қала әкімшілігіне барып анықтауға, денсаулық мынау. Ал тиісті жеңілдіктердің бәрін алып тастады. Қала әкімшілігіне барып анықтауға, денсаулық мынау. Сырттан біреу келсе сәлем айтамын ба деп едім, олардың да аяғы тиылды. Дулаттың конференциясына мені шақырды. Мейлі ғой, айтарым болса да бара алмас ем. Дегенмен, ескеруіміз қалғанда көңілге келеді екен. Үйдегі мені ескермеген сырттағы жұртқа не деп сәлем айтамын. Сөзің өтсе -әкімге айт, өтпесе әуре болма. Аман бол - деді.
Екі сағат әңгімесінің ұзын ырғасы осы. Бұл сөздің астарында талайды тағдырдың таңбасы мен астары жатыр.
Оны қазбалап қайтеміз. Тек “Біз қазақ ежелден, еркіндік аңсаған” деп елу жыл айтқан ән ұранның авторы, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік силығының лауреаты, профессор Абай мен Әуезовтің түбірлі зерттеушісі, Семей қаласының құрметті азаматы Қайым Мұхаметханов елуінші жылдары сол екеуі үшін 25 жылға сотталған азап иесі еді. Ол бүкіл елімізге әйгілі азамат, тәуесіздігіміз үшін басын тіккен қаһарман. Смейге көшкенде “ел ішінде болайын. Жалғыздық көрмеспін”, - деп еді.
Құрметті Қайрат Болатұлы!
Қайымның: “Мені жалғызсыратпайды, елеусіз қалдырмайды, мұқтажымды шешеді” – деп сеніп барған ел азаматының бірі өзіңіз. Сіз де Қайымды жақсы білесіз. Атаңыз Тұрлыхан ақын мен Хасен қажының өмірі мен шығармашылығы туралы алғаш рет көлемді мақала жазып, қалың жұрттқа таныстырды. Естелігі де бар. Мұхаметхан мен Хасен қажының дос – жар болғаны да белгілі. Сондықтан да сізге Азамат, әкім ретінде осы сәлемді жолдап отырмын. Елдің назары аусын, ескерусіз қалмасын деп “Қазақ әдебиеті” арқылы жолдауды дұрыс санадым.
Қайсар да қажырылы Қайым қазіргі қиыншылықтың бәріне де төзетініне сенемін. Өмір сүру дегенің түрменің талқысынан қиын емес қой. Бірақ Қайым сияқты тұлғаларды силамасақ - өзімізді - өзіміз силамағанымыз, тәуелсіздігімізді құрметтегеніміз.
Есеңгіреп болдық қой. Енді ес жияиық бауырым!
Сәлеммен ағаң Тұрсын Жұртбай.
Достарыңызбен бөлісу: |