Өмірбаяны жайлы кеңірек мағлұмат беру. Сөз мағынасын ұғыну арқылы ойлау қабілетін, байқағыштығын жетілдіру



Дата26.06.2018
өлшемі20,68 Kb.
#44477
Тақырыбы: Шұрайлы сөз ойды шырайландырады...
Мақсаты: 1. Төле бидің өмірбаяны жайлы кеңірек мағлұмат беру.

2. Сөз мағынасын ұғыну арқылы ойлау қабілетін, байқағыштығын жетілдіру.

3. Оқушыны адалдыққа, тапқырлыққа, шешендікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі: суреттер, нақыл сөздер

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі

а)Психологиялық дайындық

б) Әнұран

2. Жаңа сабақ

1.Кіріспе:

Төле би Әлібекұлы 1663 жылы Жамбыл облысы Шу өзенінің жағасында, Жайсаң жайлауында дүниеге келген, 1756 жылы Шымкент облысы, Леңгір ауданының Ақбұрхан ордасында дүниеден өтті. Шыққан тегі Ұлы жүздің Дулат тайпасынан Жаныс руынан. Төле би қазақтың қоғам қайраткері, атағы жер жарған шешен, қазақтың Тәуке, Болат, Әбілмәмбет, Жолбарыс, Абылай хандары тұсында мемлекет басқару ісіне араласқан аса ірі мемлекет және қоғам қайраткері, ойшыл дана, Ұлы жүздің бас биі, «Жаті жарғыны» жасаушылардың бірі. Қазақ ауыз әдебиетінде Төле би туралы аңыз-әңгімелер, шешендік сөздер өте көп.

Халқымыздың бақ –талайына туған кемеңгер би Төле бүкіл ғұмырын елінің игілігіне, береке-бірлігіне арнады. Қауым халық дұрыс өмір сүру үшін «төртеу түгел болса , төбедегі келеді, алтау ала болса, ауыздағы кетеді» деп, ел-жұртын татулық пен ынтымаққа шақырды.



1-оқушы:Бар еді Ұлы жүздің Төле биі,

Халыққа орда болған оның үйі.

Үш жүздің баласына бата беріп,

Жорыққа аттандырып тұрған күйі.



2-оқушы: Ұлы жүз Орта жүзден бұрын тарап,

Мағұлым бітім қылып алған сыйы.

Көп біледі, ісінде Төлем білір,

Қалай айтсақ Төкеңнің артық биі.



3-оқушы: Төкеңе жетім-жесір сыя берген.

Құдайым жақсылықты қия берген.

Алдына жүгініске кісі келіп,

Тоқтатып тентектерді тия білген.



4-оқушы: Қазақта сансыз көп билер,

Үш биден бөлек үш жүздің,

Жеткенжоқ түгел шамасы.

Дүниеде зерек кім туған

Төледей қазақ баласы.

Билігі төрге жылжыған,

Туылған айдай ел басы.

5-оқушы: Әз төле би Дулатқа ұран болған,

Ақылды екен атағы жерді жарған.

Даналығы Төленің аңыз болып,

Соңғы ұрпақтың аузында аты қалған.

Сахналық көрініс:

Кіші жүздің елінде бір жылдары жұт болып, жұрт аштан қырыларман болыпты. Сол елдің Қаражігіт деген ақсақалы бар екен. Сол кісі баласын Үйсін Төле биге барып ақыл сұрап ке л деп жіберіпті. Бала барған күні мейман болып, қайтпақ кезінде Төле би:



  • Балам, жай жүр ме едің, жол болсын, жұмысың не еді?-депті. Бала:

  • Елім жаман жұтап, төрт аяқты малдан тұяқ қалмаған соң, әкем сізге жіберіп еді, ақыл сұрап кел деп, қайтсек біз ел қатарына қосыламыз,-дейді. Сонда Төле би:

  • Ә, балам, жігіт адамның қара басына үш кесір бар. Ол кесірдің бірде бірінен аман болған адамның қарны ашпайды, телміріп кісіге бармайды,- дейді.- Егерде сол кесірдің бірде- бірі жігіт адамда бола қалса, ішсе асқа жарымайды, кисе киімге жарымайды. Ілгері басқан аяғы кейін кетіп, ғұмырында кедейліктен құтылмайды,-дейді. Бір кезде әлгі сөздің жауабын біліп кетейін деп отырғанын сезген би балаға.

  • Жай тоқтадың ба?

  • Жаңағы сөздің аяғын біліп кетсем деп, соған қарайлап отырмын,-дейді.

  • Жақсы балам, сөздің қадіріне жететұғын бала екенсің, енді саған мәнісін атайын: Жігіт адамға бас кесір-еріншектік, ортаншы кесір-ұйқышыл болу, кенже кесір-кежірлік. Осы үш мінез бір адамда болса, ол адам өмірінде еш оңбайды, осы үшеуінің бірде –бірі жоқ болған адам кісіге мұқтаж болмайды, күннен –күнге ілгері баса береді,-дейді.


Төле бидің нақыл, шешендік сөздері:

1-оқушы: Төле дейді ұраным,

Қоғал дейді тұрағым.

Бақтиярдан ажырап,

Бәйдібек бай, Жәнібек,

Жалғыз ұлы Жарықшақ,

Домалақ деген ененің,

Албан, Суан, Дулат боп,

Бөлініп бері шығамын.

2-оқушы: Адамның кіндік анасы –жер. Ол жерде туады, жерде өседі, жаратылыспен бірге жасайды. Осы себепті әрбір кісіде өзі өскен өлкенің ауа-райы іспетті мінез-құлық қалыптасады. Адамзатта өз анасы – жерді ембесе қанағат болмас керек.

3- оқушы: Адам баласының құдіреті еңбекте, еңбек еткен жанда ауыз бірлік болады, өйткені адал жұмыстың түбі-зейнет.

Қарап отырғанша,

Бір нәрсеге жарап отыр.

Кәсіп болмай, нәсіп болмас.
4-оқушы: Теңізге құйса дария,

Суының мол болғаны.

Ел билеген ер жігіт

Сыйласа халқы құрметпен,

Басына бақыт қонғаны,

Қолында болса бар билік,

Қараға залым болмаңыз,

. Алдыңа келсе бітпес дау,

Әділін айтып қорғаңыз.

5-оқушы: Атадан ұл туса игі,

Ата жолы қуса игі.

Өзіне келер ұятын

Өзі біліп тұрса игі.

Жаудан бұққан немені,

Ортадан қуса игі.

Қорытынды:

1.Қандай би-шешендерді білесіңдер? Топтастыру

Төле би, Қаздауысты Қазбек би, Әйтеке би, Малайсары би, Сырым батыр, Бөлтірік шешен, Байсерке шешен, т.б. атақты шешендер болған.
2. Төле бидің даналығы, шешендік тапқыр сөздері, мақал – мәтел, нақылдары ел арасында кең таралған. Елдің азаматтары Меккеге барса да, жауға шапса да, би болса да, Төле биден бата алмай кетпеген. Төле бидің өзгеден айрықшылығы – өте адал адам болған.

Бата беру. Төле бидің батасы: Бір үйдің баласы болма,

Көп үйдің санасы бол.

Бір елдің атасы болма,

Бар елдің данасы бол.

Бір тонның жағасы болма,

Көп қолдың ағасы бол.

Өзіңе-өзің кәміл бол.

Халқыңа әділ бол.

Жауыңа қатал бол.



Досыңа адал бол.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет