19 ғ. аяғы мен 20 ғ. басындағы Европа елдері



бет89/171
Дата23.06.2020
өлшемі0,87 Mb.
#74420
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   171
Байланысты:
ЛЕКЦИИ по ВСЕМИРКЕ

2. Үндістан соғыстан соң. Отаршылдық билік соғыс жылдарында Үндістанға өзін-өзі басқару құқығын береміз деп уәде еткен болатын. Бірақ Үндістан халықтарының елдің билік мәртебесі өзгереді деген үміті ақталмады. Англия өзінің басты отарынан өлсе де айырылғысы келмейтінін білдірді. Бұл отаршылдыққа қарсы күрестің жаңа кезеңін тудырды.

Капиталистік қатынастардың дамуы ұлттық буржуазияның жағдайын жақсартты. Өнеркәсіп дамып, жұмысшы табының қатары өсті. Бірақ Үндістан үшін пролетариат саны өте аз еді.

Дегенмен жұмысшылардың жартысынан астамы жұмысшы 1 мыңнан асатын ірі кәсіпорындарда және бірнеше қалада істеді. Мұндай ірі кәсіпорындарда және бірнеше қалада ғана (Бомбей, Мадрас т.б.) шоғырлану саны жағынан аз пролетариатты маңызды ұйымдасқан күшке айналдырды.

Үнді шаруалары екі соғыс аралығындағы кезеңде Үндістандағы ұлт-азаттық қозғалыстың басты бұқаралық күші болды. 30-40 жж. жаппай күш қолданбай қарсыласу науқандарын ұйымдастыруда Махатма Гандидің (1969-1948) рөлі өте күшті болды. Екі соғыс аралығындағы уақытта Ганди Үнді ұлттық конгресінің идеялық көсемі дәрежесіне көтерілді. Ганди еңбегінің арқасында және үнді ұлттық буржуазиясының толық ұлттық тәуелсіздік идеясын көтеруіне байланысты үндістанда отаршылдыққа қарсы жалпыұлттық майдан құрылды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   171




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет