1916 жылғы Қазақстандағы ұлт-азаттық қозғалыс 3


Қазақ ұлтының зиялыларының ұлт-азаттық көтеріліске ұстанымы



бет2/3
Дата04.11.2023
өлшемі22,07 Kb.
#189460
1   2   3
Байланысты:
stud.kz-124674

Қазақ ұлтының зиялыларының ұлт-азаттық көтеріліске ұстанымы


Қазақ ұлтының зиялылары қатарында бірлік болмады. Олар екіге бөлініп, революцияшыл радикалды бағыттағы Т.Рысқұлов, Т.Бокин, Ә.Майкөтов, С.Сейфуллин, С.Меңдешев, Ә.Жангелдин сияқты тобы қарулы күрес жолын таңдады. Ал ұлттық-либералдық бағыттағы Алаш зиялылары Ә.Бөкейханов, М.Дулатұлы, А.Байтұрсынов бастаған топ елді қантөгістен сақтау үшін патша үкіметімен келіссөз жүргізді, күрестің бейбіт саяси әдістерін жақтады. 1916 жылғы көтерілістен кейін іле-шала жүргізілген жазалау шаралары, 1918 жылғы қыркүйектегі қызыл террор сияқты қанқұйлы жазалау қазақтар мен Орта Азияның жүздеген, мыңдаған тұрғындарының қаза табуы бұл қауіптің орынды болғандығын растайды.


Бұл арада тағы бір мәселенің бетін ашып кету қажет. Ол - 1916 жылы қазақ интеллигенциясының көсемдері, яғни ұлт-азаттық қозғалысты бастаушылар, халық көтерілісіне қалай қарады? Олар патшаға қарсы қарулы көтерілісті жақтаған жоқ. Өйткені құр қол халық патшаның талай жыл үйретілген, мұздай қаруланған әскеріне қарсылық көрсете алмай, тағыда қырғынға ұшырайтынын сезді. Бірақ оларға тасқыны тау суындай дүркіреген стихияны - халық көтерілісін тоқтату мүмкін болмады. "Қазақ" газетінің ашық көтерілу қауіпті, одан да мобилизацияны кешеуілдетуді ұсынайық, жеңілдіктер сұрайық, ол екі ортада патша да бір жайлы болар деген сияқты шақырулары халықтың құлағына кіре қоймады.
Бір сөзбен айтқанда, стихиялық халық көтерілісінен ұлт-азаттық қозғалыстың көсемдері бөлініп қалды. Өмір олардың болжамы дұрыс екендігін дәлелдеді. Қазақ халқы тағы бір қырғынды басынан өткізді, ал 1917 жылы 27 ақпанда бас-аяғы бірнеше айдан кейін патша да тағынан құлады. Осындай жағдайды ескермей кейінгі зерттеушілер тарапынан болашақ "Алаш" партиясының өкілдері 1916 жылы патшаны жақтады, тіпті көтерілісті басып, жанышты деген ұшқары жалған сөздер айтылды. Алашордалықтардың көтеріліс кезіндегі тактикасын түсінбеді.
Ал көтеріліс басылып, қазақ жігіттері майдандарға окоп қазуға жіберіле бастаған кезде, оларға бас-көз болып, кейін аман-есен оларды ауылға жеткізу қажет болған жағдайда Әлихан Бөкейхановтың өзі бастаған қазақ зиялылары (оқытушылар, заңгерлер т.б.) серіктерімен бірге майданға (реквизицияланғандармен) аттанды. Бұны нағыз патриотизм деп түсіну керек. Өйтпегенде сауатсыз, орыс тілін түсінбейтін көптеген қазақ жігіттерінің елге аман оралуы екі талай еді.
Қазақ қоғамында патшаның жарлығы мен көтеріліске көзқарас бір мәнде болған жоқ: байлардың үстем топтарының белгілі бір бөлігі, сондай-ақ «бұратаналық әкімшілік» дейтіннің шенеуніктері «реквизиция туралы» патша жарлығын сөзсіз қолдады және оны басты жүзеге асырушылар болды; қазақ зиялыларының батыл өкілдері (мысалы, Токаш Бокин, Жаңабай Ниязбеков, Әубәкір Жүнісов, Тұрар Рысқұлов, Әліби Жангелдин, Сейітқали Мендешев, Бәймен Алманов және басқалар) патша жарлығына батыл қарсы шықты және халықты қарулы қарсылыққа шақырды, ал «Қазақ» газетінің төңірегіне біріккен либерал-демократияшыл зиялылардың жетекшілері (А.Байтұрсынов, Ә.Бөкейханов, М.Дулатов және басқалар) патша әкімшілігін адам алуға асықпауға, қайта әуелі дайындық шараларын жүргізуге көзін жеткізуге талай рет әрекет жасады. Сонымен бірге олар қарусыз халық патша өкіметінің аяусыз жазалау шараларының құрбанына айналады деп орынды санап, жарлықты орындауға қарсылық көрсетпеуге шақырды. «...Патшаның жарлығы — Ақиқат және оған қарсы пікірлер болмауы керек, — делінген «Қазақ» газетінін 1916 жылғы 6 шілдедегі бас мақаласында, — ...жалтару жеңіл ойлылық болады, өйткені бұл халық үшін күйзеліс әкеледі. Қазір — соғыс уақыты, тәртіп қатал; жасырынғандарды іздеуге отряд жіберіледі, ол шаруашылықтың күйзелуіне әкеп соғып, отбасына бакытсыздық әкеледі...». Нақ осы газет 1916 жылғы 11 тамыздағы нөмірінде А.Бөкейхановтың, А.Байтұрсыновтың, М.Дулатовтың атынан қазақ халқы арасында бұйрықты ешқандай қарсылықсыз іске асыруды жақтады. Сонымен бірге олар аңғалдықпен, егер қазақтар тыл жұмыстарына қатысса, соғыста жеңгеннен кейін олар өз жағдайын жеңілдетуге және автономия алуға үміт ете алады деп санады.
Бұл орайда зиялылардың жоғары топтары (Ә.Бөкейханов бас болып) мұндай екіұдай жағдайда, балға мен төстің арасында қалғанын есте ұстау ке­рек.


  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет