1916 жылғы көтеріліс кезіндегі Алаш зиялыларының ұстанымы Көтерілістің себептері



бет1/7
Дата13.12.2021
өлшемі49,17 Kb.
#100009
  1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
1916ж
2db4cce5db3d4b19b2e59d81e71f83f7, 1916ж

1916 жылғы көтеріліс кезіндегі Алаш зиялыларының ұстанымы

Көтерілістің себептері . ХХ ғасырдың басында Ресей империясындағы әлеуметтік қайшылықтар асқынды. Қазақстанды аграрлық, отарлау барынша күшейді. Патша үкіметі қазақ халқының ең құнарлы жерін, мал жайылымдықтарын озбырлықпен тартып алды. Сонымен қатар қазақстан аумағына 15,6 млн гектар жерді алып жатқан казак әскерлері орналасты. 1893–1905 жылдары қазақтардан 1 млн десятина, 1906—1912 жылдары 17 млн десятина, ал 1917 жылға қарай 45 млн - нан астам десятина жер тартып алынды. Қазақтар таулы және құнарсыз жерлерге ығыстырылды. Суы жоқ, мал жаятын шабындықтың болмауынан қазақ қызметкерлер және ақсүйектер қара жұмыстан халқының кедейленген тобы пайда болды. Қазақ жерлерін күшпен тартып алу жергілікті халықтар мен орыс - украин қоныстанушыларының арасындағы қайшылықтарды одан әрі шиелiнiстiрдi. Сонымен қатар 1914 жылы патшалық Ресей дүниежүзілік соғысқа тартылды. Патша шенеуніктері және жергілікті билеушілердің зорлық - зомбылығы күшейіп, қазақ халқын отарлауды одан әрі жалғастыра берді :

-Жергілікті халыктан алынатын салық 3-4 есе көбейді .

- шаруалардың ірі қара малы мен мал азығын соғыс қажетіне алу күшейді .

-Әскерлердің қажетін қамтамасыз ету үшін жығып - құруға өте ыңғайлы киіз үйлер алынды .

-Әскери салык ретінде әрбір отбасы 1 сом 84 тиын төлеуге міндетті болды.

Қазақстанда І - ші дүниежүзілік ауыртпалығы соғыстың жұмысшылар мен шаруалар қозғалысының өсуіне түрткі болды. 1915 жылы маусым айында Екібастұз, Байқоңыр көмір кендерінде, Спасск мыс кен руднигінде, Орынбор - Ташкент темір жолында жұмысшылардың қозғалысы бой көтерді. Соғысқа қарсы, қымбатшылыққа және етек алып келе жатқан аштыққа қарсы қалалар мен деревняларда қала кедейлері мен майданға кеткен солдаттардың әйелдері ереуілге шықты. 1916 жылы қаңтар айында мұндай толқулар Верный, Семей қалаларында болды. Орынбор облысы Ак Бұлак поселкесінің, Жетісу облысы Лепсі уезінің бірқатар селоларының кедейлері мен майданға кеткен әскерлердің әйелдері жергілікті саудагерлер мен көпестердің дүкендерін талқандады. Сөйтіп, қоғамдағы қанаушы және қаналушы таптар арасындағы қарама - қарсылық, бір - біріне қарсы шығу жалпы бұқаралық сипат алды.

Ежелден келе жатқан қазақтардың жер – су аттары орыс тіліне ауыстырылды. Патша қоныс аударушы шаруалардың малын руластары барымталаған жағдайда, қазақтарды ерікті түрде өз малдарын беруге міндеттейтін бірнеше заң қабылдады. Мұсылмандардың күқығы едәуір шектелді. Мешіт, медреселер мен мектептер ашуға тыйым салынды. Патша үкіметі ғасырлар бойы қалыптасқан салт - дәстүрлерге шектеу қоя бастады, билер соты тек ұсақ мәселелерді ғана шеше алды. Патша үкіметі өлке тұрғындары арасындағы ұрыс - жанжалдар кезінде көбінесе қоныстанушы казак және шаруалар жағында болатын. Байырғы тұрғындарды атақонысынан жаппай қуып тастап отырды. Қазақ тілін білмейтін, жергілікті салт - дәстүрлер мен діни түсініктерден және т.б. мүлдем хабарсыз қоныстанушы шаруалар тарапынан зираттарды да талқандау жағдайлары орын алды.


Билер сотының дәрежесі төмендетілді

Түгін салығы және басқа да салық түрлері енгізілді

Қазақстан аумағына шаруалар жаппай қоныс аударылды

Қазақтардан майданға қажетті ірі көлемде мал мен киіз үйлер алынды



Мұсылмандар құқығына шектеу қойылды



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет