1927 жылы қараша айында Қазақстанның VI партия конференциясы байларды тәркілеу (конфискациялау) мәселесін талқылап, ірі байлардың мал құрал-саймандарын тартып алуға



Pdf көрінісі
Дата09.03.2020
өлшемі33,65 Kb.
#59798
Байланысты:
Bokty koterilisi


Б О Қ Т Ы  К Ө Т Е Р І Л І С І -

Ш Е Р Л І  О Қ И Ғ А 

Өткен ғасырдың жиырмасыншы жылының соңынан бастап Қазақстандағы қоғамдық 

өмірге, жаңа қозғалыс еніп, мемлекеттік биліктің тоталитарлық жүйесі «Кеңестер Одағы» деген 

атпен социалистік құрылыстық орнату енгізілген. Ол іс - мемлекеттік биліктің тізгінін 

ұстағандардың жүргізген сұрқия саясатының негізінде, тарихи дамуда кенже қалған қазақ 

ауылдарына еріксіз таңылған. Жұмыс билігі «Ауылды кеңестендірудің» саясатынан басталған. 

Ол халықтың билігі - деп бүркемеленген, бірақ нағыз халықтық болмаған. 

Қазан төңкерісі әкелген өкімет билігінің бұл формасы қазақ ауылдарына зорлықпен 

енгізілген. Өйткені кеңестер ауылдық жерлерде милициялық сипаттағы атқару органына 

айналған. 

Кеңестерді құру барысында жергілікті халықтың әдет-ғұрып, салт-санасы және ұлттық 

ерекшеліктеріне қарсы ымырасыз күрес ашықта, астыртында қатар жүргізілді. 

1927 жылы қараша айында Қазақстанның VI партия конференциясы байларды тәркілеу 

(конфискациялау) мәселесін талқылап, ірі байлардың мал құрал-саймандарын тартып алуға, 

жерге иеліктерінен айыруға жол берілген және осы билік арқылы жүзеге асырылған. Алдын-

ала айтар болсақ, сансыз салықтарда, жаппай колхоздастыруда ерікті-еріксіз кеңестік билік 

арқылы орындалған. 

1927-31 жылдарындағы Кеңес өкіметі билігі тұсында орынсыз талап пен шексіз 

қиянатынан туындаған халық көтерілістердің шерлі тарихының тәуелсіздіктен кейін ақиқаты 

анықталып жатыр. 

Ақпарат құралдары арқылы жарияланып, баспасөз бетіне жазылуда. Архив құжаттарын 

көз майын тауысып, зерттеген қосымша деректермен толықтырып, еңбектенген тарихшы 

ағаларымыз бен зерделі азаматтарымыз еңбегінің жарияланған қорытындысында көп нәрсе 

анықталған. 

«1929-1931 жылдары аралығында қазақ даласында Кеңес өкіметіне қарсы 372 халық 

наразылығы болған, оған 80 мыңнан астам адам қатысқан». (Сейіт Кенжеахмет «Тарих 

тағылымы» 2002 жыл) Сол оқиғалардың барлығын, яғни халық қарсылығын «бандылар ісі 

(бандиттер)»,-деп бағалаған. 

Қатыгез саясат пен зорлық-зомбылыққа қарсы өрістеген күрес 1930 жылдары Семей 

облысына қараған жерлерде аз болмаған. Мысалы: «Өскемен және Зырян көтерілістері», 

«Шұбартау көтерілісі», «Абыралы дүрбелеңі», «Шыңғыстау наразылығы» туған екен. Осындай 

күрмеуі шешілмеген күрделі оқиғалардың дүрбелеңіне, тарихқа толық кірмей уақиғасы аудан 

аумағында, ел аузында қалған «Боқты көтерілісі» де қосылған. 

Бұл көтеріліс Қарқаралы-Балқантау өлкесіне жататын, бұрынғы Қарқаралы уезі, Ақсары 

болысына қарасты №1 ауылында 1928 жылдан Қу ауданының №10 ауылы болып атанған жерде 

болған. 


Жаппай колхоздастыру кезінде осы аймақта «Кедейтеңдік», «Жаңа жол» колхоздары ірі 

қара өсіретін «Скотовод» бөлімшесі ұйымдастырылған. Ол жер - «Майдан» қыстағы. 

Қарқаралы ауданының көршілес Темірші болысының №14, 15 ауылдарынан (кейін 

Жөншілік, Ленин атындағы колхоздар) шаруалар қосылған. 

Бәріне наразылық себептері ортақ. Еріксіз колхоздастырудан және тәркілеуден, салықтан 

қалған малды ортақтастыру, аты көп (астық, ет, тұяқ салығы, сүйек, мүйіз т.б салықтар) саны 

да сондай, жөні жоқ салықтардың қырсығынан ғой. «Боқты тауының» аймағында қоныстанған 

ауылдардың халқының жоғарыдағы жағдайлардан туындаған наразылықтың басы айтыс-

тартыс, соңы қарулы қақтығысқа ұласып, «Боқты көтерілісі» атанып, Кеңес өкіметінің қиянат 

тарихына шерлі оқиға болып кірген. Әділетсіздікке қарсы бағытталған бұл көтерілісті 

«Тасөткел» деген жердегі үлкен ауылдың ақылгөй басшы ағалары, ағайынды Сәрік ұлдары 

Әбді, Әшкер және Мұқаш деген намысты ақсақалдар мен азаматтары басқаран. 

Көтерілістің шығып кетуіне тікелей себепкер №15 ауылдың салықшылары болған. 

«Тасөткелдегі» (№10 ауыл) Әбді мен Әшкер Сәрікұлдары ауылындағы ашу-ызаға толы 

наразылықтың тууына салық төлетуге келген ауыл кеңес төрағасы - Масайын Әбілдин, хатшысы 

Жүніс Сүлейменов, салық жинаушы Кәріпбек Нарынбаев тобының орынсыз талап-ожар 

бұйрықтарынан егес басталған, араға от түскен. Ауыл кеңес төрағасы азын-аулақ мал сүмесімен 

күн көріп отырған ауылдың әр шаңырағына 30 қадақтан «астық салығын» жүктеген. «Егін 

салмайтын ауыл астықты қайдан табады? - деген уәжге малыңды бер, барыңды сат, астық тап» 

- деп салық басшысы ауыр сөз айтып, балағаттап, айдатамыз, атыласыңдар - деп қару көрсетіп, 

жағдайды ушықтырып жіберген. Ауыл тұрғындары олардың қаруын тартып алып, қуып 

жіберуге мәжбүрлеген. Арты ұйымдасқан көтеріліске ұласқан 

Көтерілісшілердің негізгі күшіде, басшыларының штабы да осы - «Тасөткелде» 

жинақталған. Олар жинақтала келе біраз қару-жараққа ие болған. «1921 жылы Дутовтың ақ 

армиясының есауыл Токарев бастаған отряд Қытайға қашқанда Боқты тауының бауырымен 

Аягөз өтіп бара жатқанда Әбді, Әшкер ауылының азаматтары ебін тауып, ондаған винтовка, 

граната қолға түсірді»-деген дерек бар. (Боқты көтерілісі жазбасы. С.Нығметжанов). 

Екінші дерек: 1929 жылдың ақпан айында фельдчер Дүтбаев, Рязанцевтардың Қарқаралы 

милициясына қару-жарақ, ауданға почта әкеле жатқанда, көтерілісшілер 4-5 винтовка, 1000-ға 

жуық патрон тартып алған екен. 



Көтерілісшілерге ақыл - кеңесін ұсынушылар, қол ұшын беріп, көмектесушілер де аз 

болмаған. Әміре Жақаманов деген азамат Қу ауданы совет атқару комитетінің орынбасары 

бола жүріп, көтерілісшілерді іш тартып, басшылық, ұйымдастырушылық жұмыс атқарған. 

№15 ауылдың өнерлі ұстасы Абылайдың Асқар деген шебер олардың қару-жарақтарын 

әзірлеуге көмек жасаған. Атыс құралдарын пайдалана білуге үйреткен қызылдардың 

тұтқынынан қашқан ақтың 1-2 орыс солдаттары да болыпты. Ұйымдаса, топтаса келе Әбді мен 

Әшкердің отряды 150 адамға өсіпті. 

Осы күшпен маңайындағы колхозға ұйымдасқан ауылдарды өздеріне қаратыпты. 

Көтерілісшілер қауіп төндіретін күшке айналып бара жатқан соң НКВД Қу аудандық бөлімінің 

бастығы Хасен Рахымов, ОГПУ бастығы Несіпбай Тоқыровтардың шақыруымен Қарқаралы, 

Баянауыл аудандарынан 40-50 адамы бар отряд келген. 

Наурыздың 14 күні көтерілісшілер аудан орталығы Егіндібұлақты алу үшін Әбді 

Сәрікұлы мен Мәкет Нұрсұлтанов бастаған 150 адамдық отряд жолға шығады. Қу ауданында 

бұларға қарсы ұйымдастырылған 100 адамдық отрядпен Байқожа тауының сыртындағы 

«Саршоқы» деген жерде кездескен. Бірақ әрқайсысы өз шамаларын байқады ма екен айқас 

бастамай күн батқанша аңдысып тұрып қалған. Түнге қарай көтерілісшілер шегініп кеткен. 

Көтеріліс басшылары ақыл тоқтатып, бірін-бірі сабырға шақырып, ағайын аралас, малы қоралас 

бір елдің халқы өзара қырғынға ұшырасқан жарамасқа тоқтаған болар. Бірақ өздері қырғыннан 

одан құтыла алмаған. 

Көтерілісшілер шағын шабуыл, қоқан-лоққы жасап, текетіреспен жүргенде Семейден 

жедел хабармен жеткен А.И.Чупиннің қару-жарағы сайлы 22 солдаты, 2 пулеметпен қаруланған 

ж а з а л а у ш ы отряды  ж е т і п үлгерген. Сол кезде Шыңғыстау,  А б ы р а л ы ,  Ш ұ б а р т а у 

көтерілісшілерін асқан қатыгездікпен басқан әскери айла-тәсілі мол Чупиннің жасағына 

қарапайым ауыл шаруаларынан құралған, қару ұстай білмейтін шитімылтықпен аң-құс атып, 

ауыл асырап жүрген бірлі-екілі мергендер араласқан, сауаты шамалы намысты жаныған 

азаматтар басқарған жарлы-жақыбай жасақшылар неге тұрады. 

Чупиннің отряды Әбді, Әшкер жасағы орналасқан «Қызылтас» -деген қорғантасқа 

бекінген жерге жетіп, барлау жасайды. Жай-жапсарды жете біліп алған айлалы Чупин 

қорғаныста отырған Әбді, Әшкер мергендерінің бекінісін белгілеп алып, анықтап, дәлдеп атуға 

арнайы снайперлеріне бұйрық беріп қояды. Шлемдерін штықтың ұшымен көтеріп, көрініс 

жасағанда қазақ мергендері атып қалады, шлем төмен түскенде өлдіге балайды. Өздері асығыс, 

қолайсыз қимылдап, көрініп бірнешеуі шығын болды. Алғашқы болып Әбдінің інісі Мұқаш 

оққа ұшты. Көтерісшілер тіке шабуылға шыға алмады. Жалтақтап, тартынып қалды. 

Әккілігі басым қызыл жасақшылар көтерісшілердің ауылда қалған қарттары мен қатын-

қалаш, бала-шағаны алдарына салып, қалқан қылып айдап, озбырлық айламен шабуылға 

шыққан. Амалы таусылған есіл ерлер екі от арасында қалған жұрт үшін берілуге мәжбүр 

болған. Көтеріліс жанышталған. 

Көтеріліске қатысушылардан 69 адам жауапқа тартылған. Белсенді басшыларына 

саналған 19 адам ату жазасына бұйырылған. 

Ең ауыр қиянат қатыгездіктің тұрпасы көтеріліске қатысқан ауылдың бейбіт 

тұрғындарын, қатысушылардың отбасы мүшелері мен туған-туыстарын тонап, «Астау тас» 

деген жерге қамап қырып тастаған. Қазір көзі тірі 85 жасқа келіп отырған сол елдің қызы қария 

анамыз айтады: «Сол «Астау таста» әлденеше ондаған адамның мүрде сүйектері қурап қалған, 

киімдері әлдеқашан іріп-шіріп кеткен, аспан астындағы ашық табытта үйіліп жатыр»-дейді. 

(Аты-жөнін атамауды жөн көрдік). 4-5 жылдан кейін ес жинаған ел 40 шақты адамның сүйегін 

жинап, бір қабірге жерлеген екен. 

Сол сойқаннан бір ауыл, бірнеше әулет құрбан болып кеткен. Көтеріліс қайғылы 

жағдайда аяқталған. 70 жастағы Әбді, 18 жастағы немересімен 19 адамның ішінде атылған 

Әшкердің Ыбырайы, Жақаманның Әміресі, Исабай баласы Әлденбек қашып үлгеріп Семей 

ауып, одан Кемерево өтіп кеткен. 

Бастан билік, қолдан күш кеткен елдің тоз-тозы шыққан. Ұзақ жылдан соң ес жинаған. 

«Банды аталғандар» санаттан шығарылып, санадан өшірілген. Ғасырға жуық билік жүргізген 

кеңестік заманның уақытында ел басына түскен әр кезеңдегі зобалаң жылдар халық жүрегінде 

дақ салып қана қоймай, жапа шектіріп, қаңсыратпай кетпеген, бірақ ондай оқиғалар ақиқаты 

жария етілмеген. Тәуелсіздіктің тізгініне қолы жеткен қазақ елі тарихи шындықты анықтап, 

жаңа түгендеп жатыр. 

Киелі де, қасиетті туған өлкеміздің Қарқаралы қаласына 180 жылдық тойы қарсаңына 

оның шежіресіне шерлі тарих болсада қосқан үлесіміз болсын, тойымыз мерейлі болсын! 

«Боқты көтерілісі» жөніндегі әңгімемізге арқау болған Егіндібұлақ елінің тумасы 

Қарқаралы, Қу аудандарында беделді қызметтер атқарған, абыройлы азаматтықтың үлгісі, 

енегелі марқұм Сүңғат Нығметжанов ақсақалдың жазба деректері мен көзі тіріде ауызынан 

естіген естеліктері еді және осы елге күйеу, өткен уақиғалардан хабары мол, еңбек және соғыс 

ардагері, зерделі, көзі тірі 90-ды алқымданған Кәкімбай Смағұлов ақсақалдың шерткен 

әңгімелері болды. 

Сондықтан  р и з а ш ы л ы қ ниетпен ағамыз Сұңғат Нығметжанов марқұмға  А л л а һ 

Тағаладан о дүниеде жәннатты, көзі тірі Кәкімбай Смағұлов ақсақалға бұл дүниеде 

жарылқауды, Жеңістің 60 жылдығын көруді нәсіп етсін. 

Мемлекетіміздің көк байрағы мәңгілікке желбіресін, иншалла! 



Ә.Әбдіхалықұлы, 

зейнеткер- ұстаз. 

Бақты ауылы. 

Қ А Р Қ А Р А Л Ы . -  2 0 0 5 . -  № 1 -  5 3 - 5 4  б . 


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет