1953 жылы наурыздың бас кезінде Сталиннің каза болуынан кейін партиялық-мемлекеттік аппаратта билік үшін жанталаскан бакталастық басталды



Дата24.03.2022
өлшемі15,79 Kb.
#136619
Байланысты:
тарих семинар5
Мәшһүр Жүсіп Көпеев, NF0009278, ҚМЖ 10-сынып қазақ тілі 12-16.09.22

1953 жылы наурыздың бас кезінде Сталиннің каза болуынан кейін партиялық-мемлекеттік аппаратта билік үшін жанталаскан бакталастық басталды. Көсемінен айырылған кремль сарайындағылар жаңа саяси айлакерлік пен кулық-сұмдык күресіне бел шеше кірісіп кетті, оның бәрі партия құжаттары қарарларында көрініс тапты. Наурыз айынан ел билігін үш адам (три- умвират) - н.с. Хрущев, г.м. Маленков, л.п. Берия басқарды. Алайда, бұлардың сонғысы 26 маусымда тура ксро министрлер кеңесі президиумы отырысы үстінде тұтқындалып, артынша атылды. сол сәттен бастап сырт көзге көшбасшы г. маленков бол- ды. кокп орталык космитетінің в.м. молотов, л.м. каганович және г маленковтың «партияға карсы тобының» жікшілдік әрекетін айыптауынан кейін мемлекет басы- на н. хрущев келді.
Ол ел өміріне өзгеріс енгізуді аграрлық сектордан бастады. халық шаруашылығының «жанды жері» нақ осында шоғырланған еді. Токтаусыз сыр беріп келе жатқан астық мәселесі азық-түлік тапшылығына ұрыну каупін тудырды. астық өндіру мемлекет сұранысын (социалистік лагерьді косканда) жылдан-жылға камтамасыз ете алмады. 1950 жылға карай халык- тың саны 20 млн адамға, оның ішінде қала тұрғындары 10 млн' адамға (осы жылдары ауылды тастап, калаға босу басталды). 1953 жылы елде 31 млн т астык жиналды, пайдалануға жұмсалғаны 32 млнтоннадан асып кетті. Дефицитті мемлекет резервінен табуға тура келді.
Аграрлық саясатты өзгерту идеялары кокпок-нің кыркүйек пленумында (1953 жылы) директивалық тапсырыстар түрінде колдау тапты. соған орай ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруге инвестицияны күрт арттыру қарастырылды. Ауыл шаруашылығына салынатын каржы көлемі ұлғайтылды, ауыл шаруашылығы өнімдері кейбір түрлерінің сатып алу және дайындау бағалары айтарлыктай өсті, салык саясаты жұмсарды, енбекакыға үстеме косылды, агросаланы дамытуды экономикалык тұрғыда колдаудың басқа да әдіс-амалдары енгізілді.
Жаңа беталыстың алғашкы кезенінде мемлекеттік тәжірибеде ауыл тұрғындары отбасы шаруашылығына кейбір жеңілдік жасау шаралары қабылданды. атап айтканда, колхозшының жеке меншігінен мемлекетке міндетті мал өнімін өткізу бойынша өткен жылдардағы қарызы алынып тасталды, олардан алынатын ауыл шаруашылығы салығының сомасы (1952 жылмен салыстырғанда 1954 жылы 2,5 есе азайды) төмендетілді. Аграрлық концепциядағы өзгеріс, әлбетте, қазақстанда да жүзеге асырылды. Мұнда ауыл шаруашылығын каржыландыру көлемі, бүкіл ел бойынша орташа алғанда, шапшанырақ ұлғая түсті (басты себебі тыңға сенім артуға байланысты болды). Ол 1946-1952 жылдармен салыстырғанда, 1953-1958 жыл- дары 4 еседен асты. Егер ауыл шаруашылығы өндірісіне 1953 жылы 97,2 млн сом бөлінсе, 1960 жылы оның мөлшері 814.1 млн сомға жетті. Егіс алқабының гектарына кұйылған қаржы мөлшері 1953-1960 жылдар аралығында 2,5 есе өсті.
Кенес экономика ғылымы бірауыздан «алтын бесжылдык» туралы сайрай бастады, онда елдің ауыл шаруашылығы «партия-мемлекет басшылығының даналығы» аркасында, өндірісті интенсификациялауға өзінің етене қабілеттілігін көрсеткенін, «өмір бойы токыраумен ауыратын капиталистік экономиканың» колынан келмейтін осындай қарқынға кол жеткіз- генін мактан етті. мактаныш елтуіне ел басшылығы да берілді. Ауылдағы жанданудың ықпалындағы билік, өндірісті жедел дамыту тетігі табылды, ол тұрақты іске косылды деп сендірді. Осындай елес салдарынан «ет, сүт, май өндіруден американы куып жетіп басып озу!», «кеңес елінің казіргі адамдары коммунизм заманында өмір сүреді» деген сияқты кеудемсоқ ұрандар пайда болды.
Бірқатар мамандардың топшылауынша, аграрлық реформа өзінің тиім- ділігін шамамен 1957-1958 жылдарға дейін сақтап келді. одан әрі кезекті құлдырау басталады. 1965 жылы қазақстан ауыл шаруашылығы ішкі өнімі 196 1960 жылмен салыстырғанда небары 92%-ды құрады. Кезіндегі экстенсивті фактор әсерін (тың және аграрлық саладағы қызметпен айналысқандар санының бірнеше есе өсуі) алып тастағанда құлдырау шапшандығы бұдан да тезірек еді.
Қазақстанда тек 1960 жылдын өзінде 83 ірі өнеркәсіп орны пайдалануға берілді. Осы уакытта республикада отын-энергетикалык базасы дамыды. Қарағанды көмір бассейнінде оннан астам ірі шахта және байыту фабрикалары іске косылды. 1955 жылы екібастұз 2 млн тоннадан астам көмір (көмірді ашык қазу әдісімен) берді. Осы жылдары өскемен су электр стансалары, жезказған мен жамбылдағы жылу электр стансалары пайдалануға берілді. қарағанды, шымкент және баска да жылу-электр орталык- тарының куаты арттырылды. республикада электр куатын шығару 2 еседен де астам, онын ішінде су энергиясы 5 есе өсті.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет