1971 жылы желі арқылы электронды почта әртүрлі хабарламалар жіберуге мүмкіндік беретін алғашқы компьютерлік бағдарлама жасалды 1983 жылы arpanet желісіне қатысты айтылатын «Интернет»



бет3/3
Дата13.01.2022
өлшемі284,76 Kb.
#111550
1   2   3
Байланысты:
ғаламтордың пайдалы жақтары

yandex.ru

google.kz

yandex.kz

vk.com

google.com

youtube.com

mail.ru

nur.kz

Әлемде болып жатқан жаңалықтардан сол сәтте хабардар болу

Халықтарға түрлі жолдармен көмек көрсету. (материалдарды және моральді жағынан болсын) Яғни мүгедек адамдарға немесе отбасы ахуалы нашар адамдарға, жетімдер үйіне, денсаулығы нашар науқастарға қаржылай қол ұшын беру.

Дамыған мемлекеттермен тең дәрежеде бәсекелесу

Қажеттілікті толығымен қанағаттандыру

Ізденіс талпынысқа қашықтықтан оқу бағдарламаларына сұранысты арттыру

Сана-сезімді жоғарылату

Қоғамға (адамға) байланысты мүмкіншіліктерді арттыру

Алысты жақындату

Ғаламтордың қол жетімділігі

Білгенге Ғаламтор



Ғаламат-ақ !

Ғаламтор... Ескі мен жаңаның, өткен мен болашақтың, қатігездік пен мейірімнің, бар мен жоқтың мидай араласқан ортасы. Өз қасыңдағы оқиғаға, іске, түрлі тағдырға назар салмауыңыз мүмкін, бірақ өзге қиырдағы қилы тағдырға көз моншағыңызды үзесіз. Ең бастысы қандай ақпарат оқысаңыз да, соған сай жауап қалдыруыңызға, пікір білдіруге құқыңыз бар. Сіз саясаттанушы, мәдениеттанушы, болмаса философ яки әлдебір саланың ғалымы болуыңыз шарт емес, көзқарасыңыз өзіңізге, жазыңыз, қалдырыңыз, шамына тиіңіз, сынаңыз, мінеңіз, алғыс айтыңыз – ерік алдыңыздағы компьютердің перне тақтасына басылған саусақтарыңызда.

Ғаламтор-интернет қазақ қоғамына енгелі көп болған жоқ. Әлем торласып үлгерді аз уақытта. Кешегі жаңалық жаңалық болмай қалды. Бүгінгі жаңалық та ескіріп үлгереді сол заматта. Дәл қазіргі жаңалығыңыз әлдекімдердің әлдекімдерден естіген әңгімесі болуы мүмкін... Африкадағы әлдебір тайпа көсемінің өлімін, Америкадағы гейлердің шеруін, Ауғандағы әйелдің аянышты халін, Үндістандағы жалаң аяқ кем-кетіктің ауыр тұрмысын, аш-жалаңаш балалар тағдырын дер шағында көресіз де, келесі несі бар екен деп елеңдеп отырғаның. Жақсылық іздеу кемшін, қандай өрт, апат, қанқұйлы іс болды екен деп елегіземіз көбіміз...

Ғаламтор... Тұтасқан әлем. Өрмекшінің торы дерсіз. Енді шынайы сүйіспеншіліктің орнын, жылтыры мол виртуальды махаббат, шынайы аралас-құралас достықтың орнын виртуалды сыйластық басып келеді. Тек көгілдір сағымды ғаламторлардың ішінде сан мен цифрлардың, әлдебір атаулар мен өзіңе үш қайнаса сорпасы қосылмайтын есімдердің жақынысыз... Танысыңыздан ажырап, танымасыңызды жақын тұтатын мезгіл қазір. Иіріміне ессіз үңілген кейбір жандар оның тұтқынына да айналып үлгерген. Жалғыздық пен күйзелістің асау толқындарына жұтылғандар қаншама? Бұйығы, жадау-жүдеу... Бұл да бір өтпелі кезең шығар. Жамандығын айтып тауыса алмайсыз, ал жақсылығы да ұшан-теңіз. Тек соны орнымен пайдалана  білсек, мүмкіндігін барынша ықтиятпен жүзеге асырып, адами қалпымызды нықтап, білімімізді асыруға жұмсасақ. Академиялық кітапханалардың орнын Интернет баса алмайды. Бірақ оның да ғылыми тегеуріні шексіз. Тек аздаған мәдениет керек... Ғаламтор мәдениетін ерте игермеу өзімізге сын. Интернеттің иіртпегіне түсіп, былыққандар мен ылыққандардың қармағын қапқан ұрпақты сауықтыру үшін ұлттық иммунитеттің күші жеткілікті болуы ләзім. Ал оған шамамыз жетпесе мылқау ұрпақ пен соқыр жеткіншек, керең өспірім қаулайды. Қазір сол дәуірдің басы. Болу мен бордай тозудың арасы...

Тіл мен діннің, діл мен рухтың сыналар тұсы. Қолы жеткендер көп, ойы жеткендер аз. Ғаламтор арқылы ғарышты игеріп жатқандар көп, ал керісінше өзін өзі игере алмай жатқандар да сансыз. Осы тұста мені толғандыратыны, біздің елдің Интернет ресурсының тым қарабайырлығы. Қазір тек ақпарат алмасу, әдеби тенденцияның белгілі бір айналымы, журналистикалық ізденуге ғана мән беріп отырғандаймыз. Белгілі бір салалық мамандықтар, айталық, нақты ғылым қазақша сөйлемек түгілі, атымен жоқ. Ғаламтордан ғылыми жаңалықтарды таба алмайсыз. Өзіміздің елдегі ғалымдардың еңбектері мен тұжырымдары да орыс тілінде былдырлайды. О, неге? Ол түгілі, біз кімді байытып, кімді қорғап отырмыз осы? Неге қазақтың өзінің «mail.ru», «facebook.com», «twitter» секілді желілері жоқ? Неге сол жоқтың орнын толтыратын мамандар, сол үшін еңбек ететін жеткіншектер жоқ? Олар бар болса, онда неге соны қолдайтын Үкіметіміз жоқ? Қашанғы елдің шекпенін кигенімізге марқаямыз? Қашанғы өз дүниемізді өзіміз тұтынатын кезді армандаумен өтеміз?  

Ғаламтор ــ сіз бен біз үшін айтқанда



не қажеттің бәрі табылатын қазыналы қамба

Күнделікті тұрмыста ғаламторды дұрыс мақсатта қолдана білсеңіз оның пайдасы ұшан-теңіз.

Сіз ғаламтор арқылы тексті, хат-хабарды, құжаттарды, фото суреттер мен дыбыс-кескін материалдарды қабылдап алуыңызға не қарсы жағыңызға жолдап беруіңізге; күн сайын емес, сағат сайын, сәт сайын бүкіл әлем жаңалықтарымен танысып отыруыңызға; кез келген тақырыпқа қатысты материалдар, анықтамалар алуыңызға; алыс аралықтан оқу оқуыңызға, яғни үиде отырып білім игеруіңізге; қызмет түрлерін ұсынуыңызға, тауар сатып алуыңызға не сатуыңызға; электронды жұмсақ бөлшектерді жасап мол кіріс табуыңызға; дос жарандарыңызбен дер кезінде хабарласып қоғамдық өрісіңізді кеңейте түсуіңізге т.б әлі толық байқалып жалпыласа қоймаған ақыл-парасат құндылықтарынан емін-еркін игіліктенуіңізге әбден болады.

Өнер, білім бар жұрттан,

Тастан сарай салғызған.

Айшылық алыс жерлерден,

Жылдам хабар алғызған, - деп Ыбырай атамыздың айтқанындай қазіргі таңда ғаламтор арқылы әлемдік хат алмасуға да болды.

Қазіргі заманда ғаламторсыз өмірді елестету мүмкін болмай барады. Хат алмасу да ғаламтор арқылы дүниенің тұтқасына айналды. Ғаламтор саяси құрал үшін таптырмас дүние болып шықты. Қазақстандағы ғаламторлың дамуы елді тұтастыруға, ұйыстыруға ықпал етіп отыр.

Жаһандану дәуірі  ҒТР-дің (ғылыми техникалық революция) шырқау шегіне шыққасын, қазір, еңбектеген баладан еңкейген қартқа дейін жұмысы ғаламторсыз жүрмейтін болды. Елуді егделеп, алпысты алқымдап, тіпті, жетпісті желкелеп қалған кісілерді де агенте хат алмасып отырганын көріп қаламыз. Бұл да болса жаңа заман талабы.

Қорыта келгенде, қай халық болса да, өзінің дамуында қилы-қилы жолдардан өтеді.

Ғаламтордағы болған құбылыстардың терең тылсымына үңілуде адамзат баласы талай - талай ғасырларды артта қалдырып, бай тәжірибелер жинақталады. Ғаламтордағы кұбылыстарыдың өзі кейде адамзат сенгісіз немесе тіпті түсініксіз болып жатады. Ерте заманның өзінде - ақ дүниенің жаралуы табиғаттың түрлі құбылыстары туралы адамның өзіндік көзқарасы, түсінігі, зерттеулері болды. Ғаламторда болып жатқан кейбір адамзат және табиғат құбылыстары тылсым жұмбақ болып көрінеді де, адам санасына елеулі әсер етеді. Қандай да бір құбылысты түсіну үшін адам ғылымды терең зерттеп меңгеруі керек

Қорытынды

Дүние жүзі бойынша халықтың 89 пайызы

ғаламторды қолданады, соның ішінде 66 пайызы

ғаламторды пайдалы десе, ал 23 пайызы зияны да

бар деп отыр.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет