Қ азақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті
Орындаған:Оразбек Ақбаян
Қабылдаған:Тілебалды Жұлдыз
Алматы 2022
СӨЖ-4.
1986 ж. желтоқсан оқиғасының себебі мен салдары. Ұлттық сана-сезімнің жаңаша бастау алуы.
1)1986 жылғы Желтоқсан ұлт-азаттық көтерілісі. 16 желтоқсан күні болып өткен Қазақстан Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің кезектен тыс Пленумы республиканы ширек ғасырға жуық уақыт басқарған Д.А.Қонаевты қызметінен босатып, оның орнына сол уақытқа дейін Ресей Федерациясында Ульянов облыстық партия ұйымын басқарған Г.В.Колбинді сайлады.
17 желтоқсан күні таңертең Алматының Брежнев атындағы алаңына халық жинала бастады. Кешке қарай жиналғандардың саны шамамен 25-30 мыңға жетті. Олардың басым бөлігі Мәскеудегі билік жариялаған қоғамды қайта құру (1985 ж.) ұрандарына сеніп, сондай-ақ Конституциялық құқықты пайдаланып өздерінің еркін білдіруге шыққан студент және жұмысшы жастар болатын.
Бейбіт шеруге шыққандардың қолдарына көтерген «Ұлт саясатының лениндік принциптерін сақтауды талап етеміз!», «Ешқандай ұлтқа артықшылық берілмесін!», «Әр республикаға—өзінің басшысы!» және басқа осы мазмұндағы ұрандар тоталитарлық жүйе жағдайында өз пікірін ашық айтудан қалған халықтың саяси еркіндікке, сондай-ақ шынайы мемлекеттік дербестікке ұмтылысын айғақтайтын еді.
Жиналған көпшілік республика басшылығындағы мұндай өзгерісті Д.А.Қонаевтың өзінің келіп түсіндіруін талап етті. Сонымен бірге жұмысшы жастар өздерінің ауыр әлеуметтік жағдайын, әсіресе тұрғын үй мәселесін, жұмыс тапшылығын, қазақ тілінің қолдану аясының барған сайын тарыла түскендігін өзекті өткір мәселе ретінде қойды. Орталық алаңдағы жағдай бірден Мәскеудегі Бас хатшыға және басқа билік орындарына баяндалды. Осы сәттен бастап республикадағы билік толығымен орталықтың құзырына өтті. Алматыдағы саяси наразылықты өз билігіне төнген қатер ретінде қабылдаған Орталық оны күш қолдану арқылы басып-жаншу жолына түсті. Билік бейбіт шеруге шыққан жастармен тең дәрежедегі диалогқа баруды қажет санамайтындығын анық байқатты. Өз ретінде билік алдына қатаң талаптарын қойған бейбіт шеруге жиналушылар нанымды жауап алмайынша алаңнан тарамайтындықтарын мәлімдеді.
Сол күні кешке Мәскеуден Алматыға ұшып келген топтың құрамында КСРО Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары, КСРО Бас прокурорының орынбасары, КСРО мемлекеттік қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары, республика Компартиясы Орталық комитетінің бірінші және екінші хатшылары, республика Ішкі істер министрі және мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің төрағасы бар наразылықты басып, тарату штабы құрылды.
Құрамында қазақ ұлтынан ешкім де болмаған бұл штабтың жұмысын КСРО Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары генерал-полковник Б.К. Елисеев басқарды. Штабтың қарауына шамамен 20-25 мың адамнан тұратын Алматы гарнизонының, КСРО Ішкі істер министрлігінің Алматы облысында, сондай-ақ Фрунзе, Ташкент, Челябі, Новосібір, Уфа, Свердловск, Тбилиси қалаларында орналасқан арнайы ұшақтармен Алматыға алдырылған әскери күштері берілді.
2) Партиялық басшылықтың бастамасымен жастарға және зиялы қауым өкілдеріне қарсы бағытталған қуғын-сүргіннің қайта өршуі
1928 жылдың ортасынан бастап Алаш қозғалысына қатысқан зиялылар жаппай тұтқындала бастады. Оларға «буржуазияшыл-ұлтшылдар» деген жалған айып тағылды. Сол жылы 44 алашордашы тұтқындалып, оның ішінде Ж. Аймауытов, Ә.Байділдин, Д.Әділев ату жазасына кесіліп, үкім орындалады. Ал қалғандары түрмеге қамалады. Ұлттық зиялылардың екінші тобы 1930 жылдың қыркүйек-қазан айларында тұтқындалып, оның 15-і Орталық, Ресейге жер аударылды. 1936-1938 жылдары Қазақстанда 25833 адам партиядан шығарылып, олардың 8544-іне «халық жаулары» немесе «халық жауларының сыбайластары» және т. б. айыптар тағылды
саяси салада: қазақ халқының тілі мен тарихын жою, саяси тәуелсіздігі, шынайы егемендігінен айыру, Қазақстанда «Кіші Қазан» жоспарын жүзеге асыру
Жалған халық жауларымен күрес концлагерьлердің құрылуына жағдай жасады (Қарлаг, Степлаг, АЛЖИР). Көптеген аудандар тікен сымдармен қоршалып, ол сақадай сай қаруланған әскермен күзетілді. Кейінірек атылған адамдарды жаппай жерлеген жерлер анықтала бастады. Сондай орындардың бірі Алматы түбіндегі Жаңалық ауылының жанынан кездейсоқ табылды. Мұнда 1937-1938 жылдары атылған белгілі жазушылар мен ақындар - М. Жұмабаев, С. Сейфуллин, I. Жансүгіров, Б. Майлин, көрнекті ғалымдар - А. Байтұрсынов, С. Асфендияров т. б. мемлекет, қоғам қайраткерлері, шаруашылық басшылары мен өндіріс озаттары сынды тоталитарлық тәртіптің мыңдаған құрбандары құпия жағдайда жерленді.
Орталық биліктің оқиғаға берген әділетсіз бағасы.
Қазақстанның жоғарғы органдарына орталықтан басшы кадрлар жіберу кеңінен орын алды. Оларды қызметке жібергенде жергілікті жердің пікірі, республиканың тарихи жағдайы, оның салт-дәстүрі есепке алынбады. 1986 жылы 16 желтоқсанда небәрі 18 минутта өткен Қазақстан Орталық Комитетінің бесінші Пленумы Дінмұхаммед Ахметұлы Қонаевты «өз еркімен» қызметінен босатып, Қазақстан КП Орталық комитетінің бірінші хатшылығына республика халқына мүлде таныс емес, қазақ халқы туралы еш хабары жоқ В.Колбиннің «сайлады. Ертеңіне 17 желтоқсан күні орталық алаңға лек-легімен ағылған жастар тобы бейбіт шеру арқылы Орталықтың кадр саясатын дұрыс жүргізбей отырғандығына наразылық білдірді. «Қазақстанға қазақ басшы!», «Әр халыққа-өз көсемі!», «Ешбір халыққа артықшылық берілмесін!» деген ұранмен, «Менің Қазақстаным» әнін айтып алаңға шықты. Ұлт саясатын дұрыс жүргізуді, ұлттық тіл мәдениеттің дамуына қамқорлық жасауды, ұлттық саяси қайраткерлердің басшылық орындарында лайықты лауазымға ие болуына назар аударуды талап етті. Жастар өздерін толғандырып жүрген мәселелерді айтып қалуға тырысты. 1986 жылғы 17-18 желтоқсандағы Брежнев алаңындағы қазақ жастарының бейбіт шеруінің қанды оқиғаға айналды. Оларға «Ұлтшыл, маскүнем» деген кінә тағылды. Алаңдағы жастарды тоқтату үшін Алматы қызметкерлеріне көмекке милиция қызметкерлері: Фрунзеден 100, Ташкенттен 300, Челябіден 203, Новосибирскіден 203, Свердловскіден 225, Тбилисиден 450 адам тартылған. Жастарға қарсы «Бұрқасын-86» жоспары бойынша іс-шаралар жасалынған. Жастарға өрт сөндіру машиналарымен суық сумен атқылаумен тоқталмай адамдарға қарсы арнайы дайындықтан өткен иттерді жіберген. Жалпы шеруде 8500 адам ұсталған. Көбі студент жастар. Оқиғаға қатысқандарды саяси тұрғыдан ұқуғындау басталды. 52 адам КОКП қатарынан шығарылды. Ішкі істер министрлігінен 1200 адам, Денсаулық сақтау және Көлік министрліктерінен 309 адам жұмыстан босатылды, жоғары оқу орындарының 12 ректоры қызметінен алынды. 99 адам сотталды, 264 студент оқудан шығарылды.Екі адам ату жазасына кесілді.Олар Қайрат Рысқұлбеков пен Мырзақұл Әбдіқұлов. Ату жазасы халықаралық қауымдастықтың қарсылығы нәтижесінде кейіннен 20 жылдық абақтыға ауыстырылды. Қайрат Рысқұлбеков Семей абақтысында қайтыс болды. Ләззат Асанова, Сабира Мұхамеджанова Ербол Сыпатаев және тағы басқалар Желтоқсан оқиғасының құрбаны болды.
3 тапсырма
Күшті жақтары(S) Ә.Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Дулатов жетекшілігімен ұлттық зиялылар ұлт азаттығы үшін саяси күрес жолдарын меңгере бастады. Олар түрлі қозғалыстарға қатысып, үгіт-насихат жұмыстары үшін газеттер, кітаптар шығаруды жолға қойды. 1911 жылдан «Айқап» журналы, 1913 жылдан «Қазақ», артынша «Бірлік туы», «Сарыарқа», «Ақжол» газеттері ұлт-азаттық күрес жолын айқындауға қызмет етті.
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |