ҚайратРысқұлбеков – 1966ж.Жамбыл облысы,Мойынқұм ауданы,Бірлік ауылында дүниеге келген.Ол желтоқсан оқиғасы кезінде 1986 жылы Алматы сәулет-құрылыс институтының 1 курс студенті еді.
Лаззат Асанова — 1970жылы 27-ші шілде де Алматы облысы,Панфилов ауданы,Ақжазық ауылында дүниеге келді. 1985 жылы Алматы қаласындағы, Чайковский атындағы музыка училищесінің скрипкашы класының студенті болатын.
Сабира Мұхамеджанова – 1965 жылы Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Өскемендегі оқу орнының студенті болған.
Ербол Сыпатаев – 1964 жылы Алматы облысы, Панфилов ауданының, Әулие ағаш ауылында дүниге келген.1986 жылы Алматы энергетикалық институтының студенті болған.
Желтоқсан оқиғасы – Қазақстан тарихындағы естен кетпес, аса ауыр және қайғылы беттердің бірі. Бұл оқиғалар Қазақстанда ғана емес, бүкіл Кеңес Одағына жаңа еніп келе жатқан жас демократия үшін күрестің басы болды. Алматы қаласында орталық алаңға Желтоқсан көтерілісінің құрметіне Тәуелсіздік таңы деп аталатын ескерткіш орнатылды. 1986 жылғы 17-18 желтоқсандағы Алматы қаласындағы жастар бейбіт шеруге шықты.
1986 жылы 16-17-18 желтоқсанда өте көп жастар Л.И.Брежнев атындағы алаңға жиналды. Олар 16 желтоқсанда болған Қазақстан Орталық Партия Комитетінің Пленумында бірінші хатшы болып сайланған Колбинге қарсы, Пленум шешімдерін өзгертеуді талап етті. Қала жастарын осы көтеріліске қатынасуға шақырып 5 мыңдай жастар бірнеше көшелерімен жүріп үгіт жүргізді. Ол өз нәтижесін берді.
18 желтоқсанда алаңға 20 мыңдай жастар жиналды. Оларға қарсы Ташкент, Тбилиси, Мәскеуден бас кесер арнаулы әскерлерді дереу жеткізді. Саперлік күрекпен, қамшымен тағы басқада қарулармен жабдықталды. Жастарды тарату мақсатымен өрт сөндіретін машинамен көпшілікке су шашты (Аяз 20-25º). Оларды республиканың барлық қалаларының жастары қостап көтерілді.
Мыңдаған студенттер мен жұмысшыларды түрмеге отырғызды. Көпшілігін ұрып-соғып қаланың сыртына апарып тастады. Біразы қашып кетіп өз туған ауылдарында ауруға шалдықты. Өлді. Олардың тізімін ешкімде айта алмайды. Басында олар заң орындарынан қорқып айтпады. Қазір де қорқып айта алмайтындар көп. Мыңдаған студенттер оқудан шығарылды.
Алматының республикалық архивіндегі құжаттар бойынша 92 адамның сотталғандары анықталды. Оның ішінде 17 адамның ісі Астананың республикалық ұлттық мұрағатында Л.И.Брежнев атындағы алаңға алғашқы шыққан жастар туралы, сондай-ақ Алматыдады республикалық архивте (1680 қор, 2 тізім, 3364 істің 76 бетінде) мынадай хабарлама бар:
1986 жылы 17 желтоқсан күні тәңертеңгі сағат 9-дан 15 минут кеткенде Қазақстан Компартиясының үйіне таяу алаңға бір топ қазақ жастары келді. Шамамен алғанда 600 дей адам жыйналды. Олар әртүрлі өлең айтып трибунаның алдында тұрды. Біраздан кейін қолдарында 5-6 плакаттары бар жастар Орталық партия кемитетіне естілетіндей етіп трибунаның алдынан өтті. Ол транспаранттарда: «Әр халыққа өз көсемі», «Жасасың Ленин идеясы», «Біз ерікті түрдегі одақты қалаймыз, зорлықпен қосылмаймыз». «Ешбір халыққа артықшылық берілмейді», «Жасасын Қазақстан», «Бірінші хатшы қазақ болуын қалаймыз». «Орыс емес» деп айғайлап ысқыра бастады.
Желтоқсан көтерілісін аса қатал жауыздықпен талқандаған. Жастарды ұрып соғып алаңнан қуғандары, оларға қарсы қолданған аюан істері туралы, мемлекеттік конституцияны аяққа таптап заңсыздыққа жол берген ішкі істер министрлігінің, прокуратураның, соттың, қауыпсіздік комитетінің басшыларын жауапқа тартуды талап еткен арызды беруші қазақстанның азаматтық козғалысының «Азат» атты қоғамының басқармасы және осы көтіріліске қатынасқан, сотталған азамат Х.Қ.Қожа-Ахметтің арызы бойынша Қазақстан республикасы, конституциялық соты Рогов И.И. былай деп мәсімдепті: Қазақстан республикасының конституциялық соты» мынадай жағдайды тапты. Сол бойынша шешімге келді:
1. ССР кезіндегі Советтер Одағы мен Қазақ ССР-ының басқару мемлекеттік орындардының қабылдаған шешімдерінің конституцияға сәйкес келетіндігін және әкімшілік, сот, заң қорғау орындарының істеріндегі жоғарғы басқарушы адамдардың Алматыдағы желтоқсан уақиғасы кезіндегі іс әрекеттерінің заңдылығын» тексеру туралы конституциалық сот ісі қозғалсын.
Міне осы күннен бастап конституциялық соттың комиссиясы мына төмендегі жағдайларды аңықтады:
... «Желтоқсан көтерілісі кезіндегі заңсыздықтар туралы конституция сотына арыз түсті. Соның қортындысы туралы мынадай қысқаша хабарлама берейін.
1986 жылғы желтоқсан көтерілісіне байланысты – 99 адам сотталды (оның - 91 ісін таптым, ал Асанбай Асқаров мен Бекежановтың ісі Фрунзе де деп бермеді, қалған 5-уының ісі белгісіз үш адам еріксіз емделуге жіберілді (олар естерінен ауысқан адамдар) Б.Н.).
Ұлтшылдығы үшін, нәсілге бөлгендері үшін және көпшілікпен бірге тәртіпсіздікке қатынасқандары үшін – 78 адам, әдейі кісі өлтіргені үшін екі адам, адам өлтіруге ұмтылғаны үшін 2 адам, ал басқалары әртүрлі қылмыстар жасағандары үшін сотталды. Бостандықтарынан айырылғандары – 82 адам. өлім жазасына кесілгендері – 2 адам, 15 адам бостандығынан айырылмай шартты түрде сотталды».
Міне осы берген мәлімдеменің өзі де дұрыс емес. Сотталып түрмеде отырып жазаларын өтегендері. 91 адам (өлім жазасына кесілген Рысқұлбеков Қайрат пен Абдықұлов Мырзағұлды қосқанда). Сонда 7 адамды неге қоспаған. Жоғарғы соттың, Бас прокурордың берген жеңілдіктерімен босатылды деген 55 адамдар кімдер екені белгісіз. Сотталған 92 адамның бірде-біреуі Президенттің жарлығына дейін босатылған жоқ. Тіпті жергілікті сот, прокуратуралар Президентің жарлығының өзін орындамай желтоқсандықтарды жарты немесе бір жылдан кейін босатқан. Олардың моральдық, материалдық шығындарын қайтаруды дер кезінде қарамай желтоқсандықтарды сандалтып қойған сот орындары аз емес. Кейбіреуі аман-есен құтылғандарын олжа тұтып ол шығындары сұрауға батылдары бармағандары да жеткілікті.
1986 жылғы Алматыдағы желтоқсан көтерілісіне байланысты 18 желтоқсанда осы көтерілістегі жаппай тәртіпсіздікті тексерге тексеру тобын құруға арнаулы қаулы қабылданған екен.