1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы



бет1/2
Дата11.05.2022
өлшемі23,13 Kb.
#141782
  1   2
Байланысты:
1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы
Тыныс сро, Антибиотиктер, 1.Еңбек жағдайл-WPS Office, 1212, 3-апта СӨЖ Беккали, көші қон, патан тест рк база, Документ Merey, философия, 1. Қазақстан Ре-WPS Office, 8апта социология, серозды туберкулез Шакен Э 13-2, Бақылау сұрақтары мен есептер, Фарма, Микро бөж 3сабақ Шакен Э

1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы

1980 жылдардың басында КСРО-ның барлық республикаларында ауыр жағдай қалыптасты. Халықтың тұрмыс деңгейі нашарлап, ұлтаралық қатынастар шиеленісті. 1985 жылы наурызда КОКП Орталық Комитетінің бас хатшысы қызметіне М.С.Горбачев сайланды. 1986жылы ақпан-наурыз айларында Қазақстан коммунистік партиясы ХVІ съезі болды. Съезде кемшіліктер айтылып Д.А.Қонаевқа сын айтылды. Қазақстан басшыларының көз алдында Арал суы құрғап,қазақ тілі тек тұрмыста қолданатын тілге айналды. Семей және басқа полигондарда үздіксіз жарылыстар жүогізілді. Парақорлық,маскүнемдік өріс алды. 1979жылы Ақмола оқиғасы елеусіз қалып, көпшіліктен жасырылды.


Ал, мына оқиға тіпті қазақ халқының намысына тиді. 1986 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің V пленумы өтті, ол 18 минутқа созылды. КОКП Орталық Комитетінің Хатшысы Г.Разумовский ұсынысымен Д.А.Қонаев қызметінен босатылды.
Оның орнына Ресей Федерациясында Ульянов облыстық партия ұйымын басқарған Г.Колбинді сайлады.Шын мәнінде бұл ешқандай сайлау емес, Қазақстанда орталықтың саясатын жүргізуге тиіс болған номенклатура өкілін пленумға жиналғандарға таныстыру рәсімі ғана еді. 17 желтоқсан күні таңертең Алматының Брежнев атындағы алаңға жастар жинала бастады. Кешке қарай жиналғандардың саны 25-30 мыңға жетті.
Бұл бейбіт шеру болатын.Өйткені жастардың қолында: «Әр халыққа — өз көсемі!», «Жасасын біздің Қазақстан!» сияқты плакаттар ғана болатын.
Алаңға жиналғандар орталықтың саясатына наразылық білдірді.
Салдары:Оқиғаға қатысқандарға қарсы қылмысты істер қозғады.
— 8,5 мыңнан астам адам ұсталып, 2401 адам уақытша қамау орындарына жеткізілді, қалғандары қала сыртына апарылып тасталды;
— 99 адам айыпталып, бас бостандығынан айырылып, 2 адам өлім жазасына кесілді;
— 271 студент оқудан шығарылды;
— ЖОО-ның 12 ректоры қызметінен алынды;
— 1720 адам жарақат алды;
Желтоқсан құрбандары
Қайрат Лаззат Сабира Ербол
Рысқұлбеков Асанова Мұхамеджанова Сыпатаев


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет