Глоссарий: гулаг



Дата06.02.2022
өлшемі14,49 Kb.
#82008
Байланысты:
Глоссарий


Глоссарий:
ГУЛАГ – еңбекпен түзеу лагерлері мен жер аударылғандар қоныстарының және қамау лагкрлерінің бас басқармасы.
Жеке басқа табынушылық – саяси қайраткерді шексіз дәріптеу. Ол азаматтардың демократиялық құқықтары тапталған, жанышталған елдерде орын алады.
жылымық кезеңі –Сталин өлгеннен кейін Хрущев кезеңіндегі демократиялық жаңа бастамалар кезеңі.
«Бекмаханов ісі» - Кеңестік Қазақстан тарихында монархиялық жат пікірді уаздады деген айыппен белгілі тарихшы Е Бекмахановқа қарсы бағытталған мемлекеттік айып.
саяси репрессия – Кеңестік әміршіл-әкімшілік жүйеге қарсы шыққан «ұлтшылдар», «жат пікірдегілер», «тап жауларына» қарсы ұйымдастырылған қуғындау саясаты.
депортация – жеке адамдарды, халықтарды (олардың бір бөлігін ) еріксіз, күшпен жер аудару.
миграция - көшу, қоныс аудару, тұрғындардың қоныс аударуы.
ұлттық азшылықтар - мемлекет ішіндегі саны аз халықтар.
директива - жоғарғы мемлекеттік органның өз қарамағындағы мекемелерге заңды талаптар қоюы.
урбанизация - қоғамның дамуына байланысты қалалардың ролінің артуы, қала халқының артуы.
менталитет - діл, ұлттың рухани құндылықтар жиынтығы мен ақылдың дағдылар жиынтығы.
диссидент-өзі өмір сүріп отырған мемлекет саясатымен келіспей, өзіндік ой-пікір қалыптастырушылар.
Автономия (грек. Autonomia - өзін-өзі басқару, тәуелсіздік) – бір мемлекеттің құрамындағы саяси-ұлттық құрылымның айрықша статус алып, өзінің ішкі проблемаларын дербес шешудің кең де ауқымды мүмкіндіктеріне ие болу.
Адам құқықтары – белгілі бір игілік алуды, өмір сүруді қамтамасыз ететін адамдар мен мемлекет арасындағы ережелерді өзара қатынастары, кепілдіктері.
Әлеуметтік жүйе – индивидтер, олардың өзара байланыстарын, осы жүйенің жемісті өмір сүруіне, жұмыс атқаруына қажетті жағдай туғызатын, елеусіз әрекеттер жасайтын әдет дағдылар мен салт-дәстүрлерді қамтитын жүйе.
Әлеуметтік қатынастар – мәні жағынан бір-біріне сай келіп, әрекеттері соған сай сипатталатын қайталанбалы өзара әрекеттің саналы түрде сезіммен қабылданатын жиынтығы.
Әлеуметтік үдеріс – көптеген әлеуметтік әрекеттерден бөліп алуға болатын бір бағыттағы және қайталанып отыратын іс-әрекеттердің жиынтығы.
Әлеуметтік саясат – қоғамның ең жақсы дамуын қамтамасыз етуге, әлеуметтік мүдделер мен қажеттіктерді қанағаттандыруға, лайықты өмір салтын орнатуға бағытталған саяси шешімдер мен іс-әрекеттер жиынтығы.
Бесжылдық. Бесжылдық жоспар – Кеңес өкіметінің 1929 жылдан бастап КСРО-ның әлеуметтік-экономикалық дамуын межелеген мерзімді жоспарларының жалпылама атауы.
Дағдарыс, кризис (грек. krisis-бетбұрыс кезі) – қоғамдағы өзгерістер алдындағы өтпелі кезең; әлеуметтік ахуалдың шиеленісіп, қауіпті, тұрақсыздық сипат иеленуі.
Тоқырау кезеңіқоғамның дамусыз, ілгерілеусіз күйде тұруы.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет