19ғ. атақты ғалымы, швед И



Дата06.05.2023
өлшемі14,34 Kb.
#176198
Байланысты:
19ғ


19ғ. атақты ғалымы, швед И.
Берцеллиус (1779-1848) органикалық заттар тірі ағзада “тіршілік күшінің” әсерінен пайда
болады, оларды синтездеуге болмайды деп қате жорамал жасаған. Органикалық заттардың
түзілуі туралы идеалистік теория витализм (латын сөзі vita-өмір) деп аталады.
Бірақ 1828 ж. Велер цианқышқылы аммоний тұзын қыздыру арқылы тірі ағза бөліндісі
мочевинаны синтездеді.1842 ж. Орыс ғалымыН.Н. Зинин бұрын өсімдік шикізатынан
өндірілетін зат- анилинді нитробензолды тотықсыздандыру арқылы алды.1845 ж неміс
ғалымы Кольбе - сірке қышқылын, 1854 ж. Ж. Бертло майларды және басқа органикалық
заттарды құмырсқа альдегидінен алды. 1861 жылы орыс химигі А.М. Бутлеров қантты
заттарды құмырсқа альдегидінен, 1868 жылы Гребе, Либерман деген ғалымдар өсімдік
тамырынан алынатын табиғи бояғыш зат ализаринді жасанды жолмен алды. Осылайша,
Қазіргі кезде 10 млн-нан артық органикалық қосылыстар белгілі: ароматты және
гетероциклді қосылыстары зерттеудің нәтижесінде алуан түрлі бояғыш заттар,
медициналық препараттар өндірісі қанат жайды. Көптеген маңызды биологиялық активті
заттар, яғни витаминдер, антибиотиктер қолдан шығарыла бастады. Биоорганикалық
химияның өркендеуі белоктың, нуклеин қышқылдарының зерттеліп алынуына мүмкіндік
туғызды. Мұнай және оның өнімдерін өңдеу, полимерлер, синтетикалық және жасанды
талшықтар, жуғыш заттар өнеркәсібі өнімдері адам өмірінде маңызды орын алады.
Органикалық химиядан қазіргі кезде мынадай салалар бөлініп шықты: биохимия,
ЖМҚ-тар химиясы, бояғыштар, элементорганикалық, табиғи қосылыстар, витаминдер
Бейорганикалық қосылыстарға салыстырғанда органикалық қосылыстардың құрамы
күрделі болып келеді. Соған байланысты органикалық қосылыстардың балқу және қайнау
температурасы әлдеқайда төмен және олар температураның әсерінен оңай ыдырайды, ал
бейорганикалық заттар жоғары температураға төзімді болып келеді
Химиялық байланыстың түрлері өте көп, олар табиғаты бойынша бөлінеді.
Молекулалар арасындағы байланыстар электроваленттік және коваленттік болып екіге
Электрваленттік байланыс қарама - қарсы зарядталған бөлшектердің арасында
пайда болады. Электрваленттік байланыс бір атомның жұптаспаған электрондарының

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет