Сабақтың тақырыбы: “Шоқан – қазақтың тұңғыш ғалымы”
Сілтеме:
10-сынып оқулығы;
Презентация
Сабақтың мақсаты:
Нені білуі керек?
Оқушыларға XIX ғасырда өмір сүрген қазақ халқының атақты ұлы ғалымы туралы мәлімет беру, жаңа сөздермен таныстыру, ой өрістерін кеңейту.
Нені үйренуі керек?
Сөздерді қолдана отырып, мәтінмен жұмыс түрлерін орындап үйрену, Шоқанның өмірбаяны туралы және аңыздар мен деректерді өз беттерінше оқып, танысу арқылы зерттеушілік, шығармашылық, ауызекі сөйлеу дағдыларын арттыру.
Ағартушылық әдебиеттің негізін салған қазақтың ұлы ойшыл- ағартушылардың ,әдеби мұрасымен таныса отырып бізге жеткен шығармаларын оқуға қызығушылық туғызу, өнер білімге жетелеу.
ІІ. Не білгіміз келеді? Өзіндік ізденіс – білім негізі. (Шоқанның әр түрлі ғылым саласындағы еңбегімен тереңірек танысу)
ІІІ. Не білуге болады? «Білген сайын келеді біле бергім» (Шоқан мұраларын зерттеушілер; ғалымға қойылған ескерткіштер мен мұражайлары; Шоқан туралы лебіздер)