Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Нұр Отан" партиясы төрағасының бірінші орынбасары
Терещенко, Сергей Александрұлы (наурыз 1999ж. — қараша 2002ж.)
Ермегияев, Амангелді Динұлы (қазан 2002ж. - наурыз 2004ж.)
Жұмағулов, Бақытжан Тұрсынұлы (2005 - 2008ж.ж.)
Калетаев, Дархан Аманұлы (2008-2009 ж.ж.)
Нығматулин, Нұрлан Зайруллаұлы (19 қараша 2009ж. — 24 қыркүйек 2012ж.)
Сағынтаев, Бақытжан Әбдірұлы (қыркүйек 2012ж. — қаңтар 2013ж.)
Байбек, Бауыржан Қыдырғалиұлы (қаңтар 2013ж. — 9 тамыз 2015ж.)
Мырзахметов, Асқар Исабекұлы (8 тамыз 2015ж. — 6 мамыр 2016ж.)
Құл-Мұхаммед, Мұхтар Абрарұлы (6 мамыр 2016ж. — 1 ақпан 2018ж.)
Әшімбаев, Мәулен Сағатханұлы (1 ақпан 2018ж.)
Партия Жарғысы – ұйымдастыру мен қадағалау үшін ерікті түрде партия мүшелері қабылдаған толық ережелер жиынтығы. Партия деп – мемлекеттік биліктің, жергілікті өзін-өзі басқарудың өкілді және атқарушы органдарында азаматтардың, түрлі әлеуметтік топтардың мүддесін білдіру және оларды қалыптастыруға қатысу мақсатында олардың саяси еркін білдіретін Қазақстан Республикасы азаматтарының ерікті бірлестігі танылады. Партияның мақсаты - саяси жұмыс әдістерімен азаматтық қоғамның дамыған институттары, қазіргі заманғы бәсекеге қабілетті саяси жүйесі бар экономикалық мықты, демократиялық, зайырлы, құқықтық, әлеуметтік мемлекет құруға қол жеткізу. Партияның міндеттері:
мемлекеттік билік және жергілікті өзін-өзі басқару органдарына саяси көшбасшылар, партия мүшелерін даярлау, оларды қолдау және ұсыну;
партияның бағдарламалық және жарғылық мақсаттары мен міндеттерін халық арасында түсіндіру және насихаттау, өз қызметі туралы ақпарат тарату;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық референдумдарға қатысу;
мемлекеттік билік және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында партия және оның мүшелерінің, азаматтар мен түрлі әлеуметтік топтардың мүддесін қорғау; партия Бағдарламасына сәйкес әлеуметтік-экономикалық және саяси реформаларды жүргізуге қатысу, өмір сапасының ұлттық стандартын қалыптастыру;
кіші және орта кәсіпкерлікті, шаруа, фермер шаруашылықтарын қолдау; ұлтаралық және конфессияаралық келісім мен қоғамдағы тұрақтылықты нығайтуға жәрдемдесу;
заң жобаларының бүкілхалықтық талқылауларына қатысу; өкілді және атқарушы органдарға енгізу үшін қоғамдық пікірді зерделеу әрі заң және басқа да нормативтік құқықтық актілер жобаларына ұсыныстар әзірлеу, сондай-ақ нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу, оларды депутаттық бірлестіктер арқылы іске асыру;
қоғам мен мемлекет өмірінің әлеуметтік, экономикалық және өзге де салаларына жастарды біріктіруге жәрдемдесу;
белгіленген тәртіппен партия мүшелерін мемлекеттік марапаттауларға ұсыну;
партия мүшелерін моральдық тұрғыдан көтермелеу;
азаматтардың бойында жемқорлық фактілеріне төзімсіздікті тәрбиелеуге жәрдемдесу, билік органдарының қызметіне қоғамдық бақылауды жүзеге асыру.
Достарыңызбен бөлісу: |